Дебат және Әлем чемпионатындағы Төрешілік 1 Раундтағы жеңіс



бет15/16
Дата26.08.2020
өлшемі46,51 Kb.
#76990
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Төрешілік


3.5 Төрешілер жайлы пікірлер


Төрешілер алқасына олар қалай төрешілік еткендігі қызықты болады. Сондықтан ойын соңында төрешілерге пікірлер жазылады. Бұл ,біріншіден, турнирдің үздік төрешісін анықтау мақсатында, екіншіден, турнирдің өте сапалы, әділетті өтуіне көмектеседі.

Пікірлердің 3 түрі болады:

Командалардың төрешілерге бағасы

Бас төрешінің шет төрешілерге бағасы

Шет төрешілердің бас төрешіге бағасы


3.6. Төрелік пен талқылау барысындағы кең таралған қателіктер.


Астыда қорытындылау мен талқылау барысындағы төрешілермен кеткен қателіктер көрсетілген. Астыдағы көптеген мысалдар жаман талдау болып саналмайды – оларға лайықты кіріспе түсініктеме болу үшін алдағы түсінік беріледі. Бірақ төрешілер бір команда екіншіден мықтырақ болғаны туралы, дерексіз себепті көрсететін, дебатерларға талқылау мен түсіндірусіз мұндай пайымдау жасамау керек.

А) Нақтылаудың орнына жалпылау

“ Екінші Оппозиция шынымен бізге кейс ұсынған сияқты көрінді, сондықтан олар раундты жеңді”

“ Бірінші Оппозицияда шамалы жақсы ойлар болды, бірақ анализ Екінші Оппозицияның сөзіне жетпеді”

Егер әрбір пайымдау раундта өткен заттардың мысалдарымен демеуленсе, жалпылама пайымдау себеп енгізудің дұрыс жолы. Жоғарыда көрсетілген типтес анықтамалар шешім шығаруда да, талдауда да айқын мысалдарсыз қалмау керек.



Б) Белгілі класстағы аргументтерге орынсыз басымдылық бөлу

“ Тек Бірінші Үкімет қана Бразилияның негізгі қалаларының аттарын ғана білді”

“ Екінші Үкімет жеңді, себебі олардың аргументтері практикалықтан гөрі моральді болды”

Төреліктегі бұл мәселе көптеген кейіп алады, олардың бірі аргументтердегі спецификалық білім қолданудың фетиші. Ауқымды білім қорымен түсіндірілген мықты аргументтер жасайтын командаларға көптеген келтірген факттары үшін емес, осы факттарды аргументті байыту үшін қолданған жағдайда марапаттау қажет. Факттарды икемді қолдану аргументты жақсы, әрі мықты қылдырады, бірақ факт өз-өзімен аргумент болып есептелмейді.

Бұл проблеманың екінші келбеті – ақталмаған басымдылықты белгілі типті аргументтерге мәжбүрлеу(моральді/философиялық/экономикалық/экономикалық/практикалық). Мысалы, «принципиальді» аргумент «практикалық» аргументтен басымда емес, кемде емес - нақты бір аргументтің көрсеткісі келетіні және қаншалықты көрсете алатынына байланысты.

В) Төреліктегі пенализация

“Сіз Ақпарат Пункттерін қабылдамадыңыз, сондықтан бірінші орын ала алмайсыз ”

“Бізде механизм бойынша сұрақтар қалып қойды, сондықтан сізге соңғы орын беріледі”

Футболда үздік төреші – әрдайым ысқырып, ойынды үнемі тоқтатыны емес. Сәйкесінше, дебаттағы үздік төреші – белгілі бір аргументты дисквалификациялап, сөзге қарағанда формаға қарап, максималды мөлшерде себептер табатыны емес.

Егер командалар өз рольдарын дұрыс атқармаған болса, онда оларды раундтағы ойынға қаншалықты кедергі жасағанына байланысты жазалау керек.

Кейбір мысалдар:



  • Ақпарат пункттерін қабылдамау, ойыншының дебаттың екінші жағымен ойнамағанын көрсетеді – оның материалы аз дәлелді болады, бірақ талқылаудан алынбауы керек.

  • Механизмдегі айқындықтың болмауын былай шешуге болады: Оппозицияға анықтама енгізуге рұқсат беру арқылы ойынның осы аланнан дамуына жол ашу

  • Егер Оппозицияның секретарінің сөзінде жаңа аргументтер болса, онда оларды елемей, ойыншы бұл аргументтер бойынша ештене айтпады деп есептеуге болады, бірақ олар айтқан материалдар ескеріледі.

Г) Мазмұны бойынша емес, форма бойынша төрелік.

“ Құқық туралы аргументты бірінші беру керек еді”

“ Команда үйлесімді болмады – барлық керек материал бірінші ойыншыда ғана болды”

“Сіз бес минут қана сөйледіңіз”

Дебатта сөздің белгілі бір уақыт арасында айтылуы немесе аргументтердің белгілі бір тәртіппен болуы жеңістің факторлары емес. Өз уақытын жақсы аргументтерге кетіретін ойыншылар дәлелдірек болады, бірақ олар аргумент түсіндіруге «көп уақыт кетіргені» үшін емес, жақсы аргументтерді түсіндіргендіктен ойындары табысты болады. Ойыншы бір минутты сөзбен ойынды жеңе алады. (оңай шаруа емес). Бұл жердегі аталған мысалдар талқылауда пайдалы болу мүмкін, бірақ команданың кем сенерлігіне себеп болмайды.

Д) Алдымен орындар табамыз, кейіннен себептерін анықтаймыз.

“ Біз барлығымыз дебатты бірдей көрдік, сондықтан талқылауға дербес тәртіппен келеміз.”

“ Екінші командалардың сөздері нанымдырақ болды, олардың аргументтері шынымен ұнады және ойынның соңына дейін релевантты болды, сондықтан АҮ үшінші орын алды, ал АО төртінші орын алды.”

Дара және бір топ төрешілерге дебаттың қорытындылары көп жағдайда абсолютті түсінікті, сондықтан олар командалар алған орындарының себептерін детальді түсіндіруімен айналыспайды, оның орнына, олар бастапқы интуативті орындарды дәлелдейтін жасанды сылтау табады. Мұның ықтималдығы жоғары, әсіресе барлық төрешілердің бастапқы орын орналастыруы бірдей болса, сонымен олар бір-бірімен келіскендіктен бұл дұрыс орналастыру деген шешімге келеді. Төрешілерге әрдайым раундтың сонынан командалар берген материалды тексеру қажет, шешім логикалық рациональды себептерден туындау керек, керісінше емес.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет