Ойын ойналатын жер белгілі болғаннан кейін бас төрешінің басқаруымен төрешілер хаттама толтыруы керек. Хаттамада командалардың орындары, ойыншылардың 50 мен 100 ұпай арасындағы спикерлік ұпайлары толтырылуы керек. Спикерлік ұпай қойғанда назар аударатын мәселелер:
Команданың спикерлік ұпай сандарының қосындысы олардың рангтарына байланысты болу керек. Мысалы, бірінші ранг алған команданың спикерлік ұпайларының қосындысы екінші орын алған команданың спикерлік ұпайларының санынан көп болу қажет. Командалардың спикерлік ұпайларының қосындысы тең бола алмайды, тым болмағанда ұпайға айырмашылық болу керек.
Спикерлік ұпайлар барлық төрешілердің келісімімен бірдей стандартта қойылуы керек. Орташа ұпай 75 балл болып табылады. Көбінесе 68ден 82ке дейінгі аралықта қойылады. Бірақ төрешілер одан жоғары немесе одан төмен қоюға қорықпау керек. Алайда ондай ұпай қою үшін пікірсайысшының сөзі керемет немесе өте нашар болу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |