Абзац – жаңа жолдан басталатын мәтін бірлігі, күрделі құрылымдық-семантикалық тұтастық.
Автор бейнесі – көркем шығарманың мағынасы мен стилінің барлық элементтерін мәтіндік тұтастыққа біріктіретін лингвистикалық категория.
Автордың тілдік тұлғасы – автордың даралығы мен көркем мәтін тудырудағы ерекшеліктері.
Айтылым – бір коммуниканттың бір сөйлеу актісіндегі сөйлеу әрекеті.
Антропоцентристік бағыт – зерттеу жұмыстарының, танымның адамға, оның барлық сипаттарына (жеке басының, ұлттық, әлеуметтік) бағытталғандығы.
Ақпарат – (лат. informare-суреттеу, бір нәрсе туралы ұғым құрастыру, хабарлау) қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен ерекшеліктері туралы қарым-қатынас жағдайында табиғи тіл арқылы берілетін ақпардың жиынтығы: