Инвенция – сөйлеуді тудыру.
Интермәтіндік – мәтінге басқа шығармалардың мәдени кеңістігінің енуі.
Категория – объективті болмыстың құбылыстары мен заттар аралығындағы қатынастар мен байланыстары, ортақ қасиеттері мен белгілері анықталған ұғым.
Категориялар мәтіннің – ақпараттылық, концептуалдылық, байласымдық, тұтастық, аяқталғандық, модальдылық, коммуникативтілік, прагматикалық т.б.
Кеңістік – мәтінге тән категориялардың бірі, ол баяндаудың нақтылығы мен шындығын қамтамасыз етеді, қатарлас нәрселердің орналасу тәртібін көрсетеді:
Кеңістік көркем – шектеусіз кеңістік;
Кеңістік шынайы – нақты кеңістік.
Когезия – (ағыл.cohesion-«бірігу») – мәтіндегі сөйлемдер мазмұнының байласымдығы.
Когеренттік – (ағыл.coherence-«байласымдық») – мазмұндық, құрылымдық байласымдық.
Континиум – (лат. continuum-үздіксіз,толассыз) – мәтіндегі уақыт пен кеңістік ұғымдарының көрінісі:
Достарыңызбен бөлісу: |