Дебиеті кафедрасы


Талдау. (Сыни ойлау және зерттеу дағдыларының болуы)



бет34/43
Дата20.02.2022
өлшемі0,9 Mb.
#132597
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43
Байланысты:
мәтін лингв Әдістемелік нұсқау

Талдау. (Сыни ойлау және зерттеу дағдыларының болуы)

4

Көркем мәтіннің баяндау формасына талдау жасайды

1




4

Көркем мәтіндегі диалогты бөлшектеуді анықтайды

1




Жинақтау, бағалау.
(Ақпаратты қабылдауы; ойын тұжырымдауы; Коммуникациясы және рефлексиясы).

4

Композициялық баяндау формалары туралы ойын тұжырымдайды

1




4

Стиль туралы өзіндік ой-пікірін ғылыми негіздейді.

1




4

Ауызша және жазбаша коммуникацияға баға береді, кері байланыс жасайды.

1







Барлығы







10 балл




12



Драмалық шығармаға кешенді тілдік талдау.

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескрипторы

Балл

Бағалау әдісі

Білу және түсіну
абылдауы, есте сақтауы, мағынаны тануы, мәселені түсіндіруі)



1

Мәтіннің мағынасын таниды

1

Мәтінмен жұмыс арқылы бағалау әдісі

1

Сөйлеу стилінің қолданыс аймағы мен қызметін сипаттайды.

1

Қолдану
(Мəселелерді шешеді, білімін көрсетуі)

1

Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік құралдарын орынды қолданады.

1




2

Сөйлеу стиліне тән тілдік ерекшеліктердің сызба кестесін жасайды.

1




Талдау. (Сыни ойлау және зерттеу дағдыларының болуы)

3

Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктеріне талдау жасайды.

1




3

Сөйлеу тілінде жіберілген қателіктерді түзетеді.

1




3

Диалогқа стилистикалық талдау жасайды.

1




Жинақтау, бағалау.
(Ақпаратты қабылдауы; ойын тұжырымдауы; Коммуникациясы және рефлексиясы).

4

Сөйлеу стилінің қолданыс аймағы мен қызметін анықтайды, ой-пікірін жинақтайды.

1




4

Өзіндік ой-пікірін ғылыми негіздейді.

1




4

Ауызша және жазбаша коммуникацияға баға береді, кері байланыс жасайды.

1







Барлығы







10 балл




13



Мәтінге тілдік талдау

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескрипторы

Балл

Бағалау әдісі

Білу және түсіну
абылдауы, есте сақтауы, мағынаны тануы, мәселені түсіндіруі)



1

Мәтіннің мағынасын таниды

1

Иә-жоқ әдісі


2

Сөйлеу стилінің қолданыс аймағы мен қызметін сипаттайды.

1

Қолдану
(Мəселелерді шешеді, білімін көрсетуі)

3

Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік құралдарын орынды қолданады.

1

3

Сөйлеу стиліне тән тілдік ерекшеліктердің сызба кестесін жасайды.

1

3

Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктеріне талдау жасайды.

1

Талдау. (Сыни ойлау және зерттеу дағдыларының болуы)




Диалогқа стилистикалық талдау жасайды.

1




Сөйлеу стилінің қолданыс аймағы мен қызметін анықтайды, ой-пікірін жинақтайды.

1

Жинақтау, бағалау.
(Ақпаратты қабылдауы; ойын тұжырымдауы; Коммуникациясы және рефлексиясы).

5

Өзіндік ой-пікірін ғылыми негіздейді.

1

5

Ауызша және жазбаша коммуникацияға баға береді, кері байланыс жасайды.

1

5

Сұрақтарға дәлелді жауап беріп, ойын қорытындылайды.

1




Барлығы







10




14


Автор бейнесі, талдау.

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескрипторы

Балл

Бағалау әдісі

Білу және түсіну
абылдауы, есте сақтауы, мағынаны тануы, мәселені түсіндіруі)



1-4

Мәтіндегі автор бейнесін анықтайды

1

Өзін-өзі бағалау

1

Автор бейнесінің мағынасын түсіндіреді.

1

Қолдану
(Мəселелерді шешеді, білімін көрсетуі)

2

Ақпараттық хабарламаға сүйене отырып репортаж жасайды.

1

3

Автор бейнесі арқылы берілген ішкі ойды анықтайды

1

3

Әдеби стильдің ауызша, жазбаша формаларын салыстырады.

1

Талдау. (Сыни ойлау және зерттеу дағдыларының болуы)

4

Көрке мәтіндегі автор бейнесіне талдау жасайды

1

4

Көркем бейнелік құралдардың қолданысына талдау жасайды.

1

Жинақтау, бағалау.
(Ақпаратты қабылдауы; ойын тұжырымдауы; Коммуникациясы және рефлексиясы).



4

Шығамадағы автор бейнесінің жазылу стиліне баға береді.

1

4

Өзіндік ой-пікірін ғылыми негіздейді.

1

4

Сұрақтарға дәлелді жауап беріп, ойын қорытындылайды.

1




Барлығы







10 балл




15



Көркем мәтіндегі автор бейнесі

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескрипторы

Балл

Бағалау әдісі

Білу және түсіну
абылдауы, есте сақтауы, мағынаны тануы, мәселені түсіндіруі)



1

Мәтін мазмұнының қисындылығын түсінеді; қағидаларға сүйенеді.

1

Өзара бағалау әдісі

2

Көркем әдебиет стилін ғылыми түрде сипаттайды.

1

3

Көркем әдебиет стилінің мәнін түсінеді.

1

Қолдану
(Мəселелерді шешеді, білімін көрсетуі)

1-3

Авторға тән окказионалдық бірліктерді табады; проблеманы шешеді.

1

1-3

Теориялық білімді талдау барысында қолданады.

1

Талдау. (Сыни ойлау және зерттеу дағдыларының болуы)




Көркем әдебиеттегі бейнелегіш құралдарға дұрыс талдау жасайды.

1







Мәтіндегі автор бейнесін анықтайды.

1




Жинақтау, бағалау.
(Ақпаратты қабылдауы; ойын тұжырымдауы; Коммуникациясы және рефлексиясы).




Мәтіндегі автор бейнесіне тән қолданыстарды тауып, пікірін білдіреді

1







Сұрақтарға дәлелді жауап беріп, ойын қорытындылайды.



1







Ауызша және жазбаша коммуникацияға баға береді, кері байланыс жасайды.

1







Барлығы







10 балл






МӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
магистранттың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқау (МӨЖ)
МӨЖ дәрсіханада өткізілетін сабақтың ерекше түрі.Сабақтың мазмұны мен мақсаты пәннің оқу бағдарламасымен, курстың концепциясымен және жоғары оқу орнының кітапхана қорының және оқу орнының техникалық мүмкіндігімен анықталады.
МӨЖ сабақ кестесіне сәйкес өткізіледі. МӨЖ-ң тиімділігі бірнеше факторға тәуелді болатыны мәлім: уәждер жүйесі, әр магистранттың өз бетінше жұмыс істей білу деңгейі, оқытушының кәсіби біліктілігі және тағы басқалары. Дегенмен бірінші орынға ұтымды ұйымдастыру факторы қойылады. Басқаша айтқанда дәріс оқыту процесі барлық кезеңде магистранттың жаңа білімге қызығушылығын оятатын танымдық тапсырмаларға (міндеттерге), проблемаларға бай болуы керек.
Осы міндеттерді шешу мақсатында сабақта төмендегі инновациялық будандастырылған дәрістер топтамасын пайдалануға болады:
- проблемалық дәріс. Оның барысында оқытушы СТҚ-ін белсендіретін проблемалық ахуалдар қояды;
- визуалдық дәріс. СТҚ-ін графиктер, схемалар, суреттер, т.б. арқылы белсендіру;
- дәріс-конференция – дәрісханада оқытушы магитстранттар сұрақтарына жауап береді;
- ақыл-кеңес түріндегі дәріс оқытушы студенттерді консультация кезінде белсендіруге мүмкіндік туғызады;
- арандатушы дәріс алынған білімді таңдай алу біліктілігін қалыптастыруға, жаңа материалға бағдарлануға, алдын-ала жопарланған қателіктерді бағалауға мүмкіндік туғызады;
- ауызекі дәріс оның барысында сұрақтар қойылып тыңдаушының белсенділігін арттыра отырып жауап беруі тиіс;
- имитациялық дәріс (іскер ойындар) барысында оқытушы нақты шындықты имитациялайтын ахуал туғызады, миға шабуылдау тәсілімен магистранттың қойылған тапсырманы (міндетті) шешуіне қол жеткізеді.
Сабақ консультатативтік немесе интерактивтік түрде өтілуі мүмкін. Сабақтаң мұндай түріне рейтингі төмен, қосымша кеңес алғысы келетін, берілген тапсырманы орындауда қиындыққа кездесетін студенттер қатысады.
МӨЖ тренинг, дискуссия, іскерлік немесе дидактикалық ойындар, презентация, кейс құрастыру, топ немесе жұптық жоба дайындау түрінде өткізілуі мүмкін.
МӨЖ сабағында:
1. Магистранттың өзіндік белсенділігін, дербестігін дамыту үшін проблемалық баяндау, шығармашылық ізденіс әдістерін қолданған дұрыс.
2. Магистрантұа жеке тапсырманы таңдауға (курстық жұмыс, реферат, ғылыми баяндама, үлгі сабақ жоспарын құруға) көмектесу көзделеді.
3. Әдебиеттермен жұмыс жасау жолы үйретіледі.
4. Тиімді әдіс-тәсілдерді тапсырма орындау барысында қолдану жолдарына кеңес беріледі.
Өздік жұмыстың тиімді ұйымдастырылуы тек өздік жұмыстың жүйесіне ғана емес, сонымен қатар педагогикалық шарттардың орындалуына да байланысты:
Магистранттың аудиториядағы және өздік жұмысының көлемінің дұрыс үйлесімі, магистранттың оқу жүктемесінің тиімді болуы, сабақ кестесінің дұрыс құрылуы, оқытушының өздік жұмыстың күрделілігін анықтауда магистранттың уақытын, орындау мүмкіндігін, оқу әдістемелік әдебиетпен қамтылуын ескеруі магистранттың өздік жұмыс нәтижесіне үлкен әсер етеді.
Әдістемелік тұрғыдан магистранттың аудиториядағы және одан тыс өздік жұмысын дұрыс ұйымдастыру, өздік жұмысты орындауға оқу орынның материалдық-техникалық базасының, оның қызметкерлерінің лайықтылығы. Магистранттың өздік жұмысын ұйымдастыруға қатысушылардың өз қызметтерін дұрыс атқаруы.
Магистранттың өздік жұмысының процесін шығармашылық процеске айналдыру мақсатында студентті қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету. Оқу орынның кітапханаларында қажетті оқу әдебиеттерінің қорының, электрондық оқу құралдары мен электронды оқыту бағдарламасының және қазіргі таңдағы мықты ақпарат көздерінің бірі – интернеттің болуы. Оқу процесінің компьютерленуі магистранттың өздігінен білім алуына және ақпарат көздерімен жұмыс жасауына, өзіндік бақылау жасауына, уақытын үнемді пайдалануына жағдай туғызады. Сондықтан өздік жұмысты тиімді қолдануда мазмұнды динамикалық түрде өзгертуге және соңғы ғылыми жаңалықтармен жаңартуға болатын, әрі қолданысқа икемді электронды оқулықтардың маңызы зор.
Магистрант пен оқытушы арасындағы қатынасты студент белсенділігімен оның өз бетімен білім алуға ұмтылуы бағытына өзгерту жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ соған сәйкес магистранттың өздік жұмысын ұйымдастырудың тиімді әдістерін, формаларын, түрлерін, құралдарын дұрыс таңдау және қолдану магистранттың өздік жұмыс нәтижесіне ықпал жасайды. Магистранттың өздік жұмысының тиімділігін және оны орындауға магистранттың ынтасын арттыруда дидактикалық құралдары мен жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы зор. Әр өздік жұмыстың мақсаты айқын, түсінікті, оның көлемі мен мазмұны оқу мақсатына сай, студентті орындауға ынталандыратындай жасалып, оны орындауға магистранттың жағдайы мен мүмкіндігі болуы тиіс. Магистранттың өздік жұмысының тапсырмалары алған білімді жаңа жағдаятта қолдануды, жаңадан өздігінен білім алуды қажет ететіндей, магистранттың танымдық қабілеттерін арттыратындай болуы қажет.
Магистранттың өздік жұмысын ұйымдастыруға, яғни оқу формасына (күндізгі, сырттай), білім деңгейіне, оқу курсына, мамандыққа, пәнге, орындалу орнына байланысты ерекшеліктерді ескеру.
Магистранттың өздік жұмыс мәселелерін шешуде білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ашуға, ой қабілеттерін дамытуға жағдайлар жасау. Мұның өзі магистранттың өздік жұмысын ұйымдастыру үлгісін жүзеге асырумен тікелей байланысты. Нәтижесінде өздігінен жұмыс жасау, өз бетінше білім алу, өз кәсіби әрекетінде ғылыми ізденіс жасау іскерлігі мен дағдысы, аналитикалық ойлауы қалыптасқан, өз әрекетін басқара алатын, өз жұмысының нәтижесінде өзіндік бақылау жасайтын магистранттың шығармашылық тұлғасы қалыптасады.
Олай болатын болса, ғылыми негіздегі ұйымдастырылған магистранттың өздік жұмысы мен магистранттың оқу-танымдық әрекеттерін басқару жұмысы олардың саналы белсенділігін, жоғары оқу-кәсіби мотивациясын, оқу процесінің сапасын қамтамасыз етеді.
Магистранттың өздік жұмыстарын жоспарлау кезінде, магистранттың өздік жұмыстарымен қатар мұғалімнің жетекшілігімен өткізілетін (МӨЖ) да сағат бөлу керек, яғни МӨЖ-ң көлемі әр пәнге бөлінген лекция, практика, студиялық және семинар сағаттарының толық көлемінен кем болмауы керек. Қалған өздік жұмыстарының сағаты күнделікті орындауды талап ететін комьютердің тапсырмасымен толықтырылуы тиіс. Магистранттың оқытушының жетекшілігімен өткізілетін жұмыстардың уақыты көрсетіліп, оқу кестесіне енгізілуі тиіс және сабақтан соң арнайы аудиторияда өткені жөн.
Әр оқу пәнінің жұмыс бағдарламасының сәйкес бөлімдеріне магистранттың өздік жұмыстарының жоспарланған түрлері, олардың сағатпен көрсетілген еңбек сиымдылығы, бақылау мерзімі және коллоквиумдар, курстық, семестрлік, есепті-графикалық және басқа да жұмыстары міндетті түрде кіргізіліп көрсетілуі керек. Магистранттың өздік жұмыстарының түрлерін таңдау үшін оқу пәнінің мақсатын, оқушының дайындық сатысын, магистранттың өздік жұмыстарына бөлінген сағаттар санын ескерген жөн.
Жоғары оқу орындарында магистранттың өздік жұмыстарының қарапайым және қолайлы түрі – коллоквиумдар болып саналады, ол белгілі бір тақырыптағы баяндама немесе деректі мәселені талқыға салатын ғылыми жиналыс түрінде ұйымдастырылуы мүмкін. Бұған мұғалімдердің де шығармашылық әдіс-амалдары қажет. Мысалы, магистранттың жазған «мазмұндамасын», жасаған «семестрлік, курстық жұмыстарын» әдеттегідей қабылдай салмай, әр-түрлі ғылыми пікірталас ұйымдастыру арқылы қабылдаған әлдеқайда тиімді.
Білімгерлердің өздік жұмыстарын қадағалаудың тәсілдері де үлкен нәтиже береді. Өзін бағалай және қадағалай білуді, өзіне баға беруді қалыптастыру – оқушының қызығушылық көзқарасын және белсенділігін арттыратын сенімді тәсіл. Әр пәнге арналған өзіндік жұмыстар магистранттың өз күштеріне сенімділігін және жауапкершілігін арттырып, өзіндік баға беру қабілетін қалыптастырады.
Өзіндік жұмыстың нәтижесін көру үшін ұйымдастыру-әдістемелік шараларының анық жоспарланған жүйесі болуы тиіс. Өзіндік жұмыстың керекті нәтижесін алу үшін қойылатын негізгі шарт – студенттерді оқу-әдістемелік және анықтама-нормативтік материалдармен толық қамтамасыз ету қажет.
Жан-жақты дамытылған маманды даярлау мақсатында дәрісханадағы сабақтарда проблемалықты қолдану (оқытудың репродуктивтік әдісімен қатар) қажет. Оған жартылай ізденіс, эвристикалық және зерттеушілік сабақтары жатқызылады. Курсты оқып үйрету процесінде осы әдістерге басымдылық беріледі.
МӨЖ құрылымы төмендегіше болады:

  1. Тақырыптың анықталуы.

  2. Тапсырмалар мен сұрақтардың нақтылануы.

  3. Кеңесті өткізу немесе қабылдау формасы.

  4. Таратылатын материалдармен жұмыс.

  5. Қажетті әдебиеттер мен интернет сайттарын анықтау.

  6. Сабақты бекіту.

Оқытушымен бірге магистранттың өздік жұмысы кредиттік жүйедегі аудиторлық сабақ түрінде жүргізілетін білім берудің бір түрі. МОӨЖ кеңес беру және бақылаушылық қызметтерін атқарады. МОӨЖ бұл оқытушымен студенттер бірігіп диалог режимінде жүргізілетін оқу сабағы, мысалы тренинг, пікірсайыс, іскерлік және дидактикалық ойындар, тұсаукесер, кейс құрастыру, жеке, топтық жобаларды өңдеу және т.б.
Әрбір МӨЖ-ге әр түрлі материалдар дайындалуы қажет (кейстер, ойындар, тестер, сөзжұмбақтар, т.б.). Олар қандай да бір сұрақтарды шешуге, оларды кеңейтуге, әр түрлі жағдайларды, тапсырмаларды және тағы басқаларды шешуге, талдауға негізделеді.
МӨЖ келесі қызметтерді атқарады: кеңес беру және бақылаушылық.
Кеңес беру қызметтері:

  • әрбір пән бойынша магистранттың өздік жұмысына көмек беру;

  • материалдарды меңгеруге қандай әдісті қолдану керектігін таңдауға студентке көмек беру;

  • студенттерге қиындық тудыратын тақырыптарға қосымша түсінік беру;

  • оқу материалдарын тереңдетіп оқытуға меңгерту;

  • ғылымилықпен айналысудағы магистранттың өздік жұмысына көмек беру.

МӨЖ бақылаушылық қызметі білім алуда магистранттың ынтасын жоғарылату үшін ағымдағы межелік және қорытындылау мен магистранттың білімін бағалау барысында жүзеге асырылады. МӨЖ барысында магистрант тютерден кеңес алып, бақылау, семестрлік және курстық жұмыстарды орындауға тапсырма алады (ағымдағы және рейтингтік бақылау).
Қазақ тілінің стилистикасы пәні бойынша МӨЖ түріне реферат, баяндамалар, конспект, сондай-ақ мысалдар теріп карточка жасап өткізуді жатқызуға болады.
Оларға дайындалу негізінде магистранттың ізденуі, алдын-ала қажетті әдебиеттерді іздестіруі, керекті материалдар жинауы, өзіндік көзқарасын білдіре білуі, оларды орындаудағы жоспар жасауы магистранттың өз бетімен жұмыс жасай білуіне көмегі зор.
Жұмыс түрлері магистранттың ойлау қабілетін дамытады және оқыған материалдарына талдау жасай білуіне көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет