Дәріс жоспары: Көркем тіл мен әдеби тіл
1. Көркем тіл мен әдеби тілдің байланысы мен ерекшеліктері, нормалары.
2.Тілдің көркем әдебиетте эстетикалық қызмет атқаруы.
3.Көркем тіл мен әдеби тіл, олардың байланысы.
4. Тілдің көркем әдебиеттегі эстетикалық қызметі.
Мақсаты: Көркем тіл мен әдеби тіл туралы түсінік беру.
Қысқаша мазмұны: Көркем әдебиетте диалогтың негізгі екі типі бар: суреттеу және драмалық. Суреттеуге салыстырмалы түрде көлемі үлкен, әлдебір оқиға, әлдеқандай іс-әрекет туралы әңгіме, суреттеу, мінездеме мазмұнындағы дамыған ескертпелер, фактілерді белгілі бір сабақтастықта әңгімелеу тән. Мұнда қысқа ескертпелердің тез ауысуы, олардың қарама-қайшы қозғалысы жоқ. Диалогта ой бір бағытта, желілі дамиды. Бір кейіпкердің ескертпесі басқасының ескертпесінің мазмұнын нақтылайды. Ескертпелердің байланыс формалары бір типті-қайта сұрау, қайталау, іліп әкету. Көрші ескертпелерді біріктіре отырып, байланыстың лексикалық-грамматикалық формалары кеңінен қолданылады. Жалпы стилистикалық тұрғыда әдеби тіл нормаларына әдетте толық сәйкестігі, айшықты стилистикалық боямалы элементтердің болмауы, көптеген диалогтарда ауызша айтылған сөз ерекшеліктерін жаңғыртуға ұстаным жоқ, ескертпелердің монологтық қыры ойдың желісті дамуын алдын ала белгілеп отырады.