7-ТАҚЫРЫП: Дәріс жоспары: Мәтін континуумы
1.Кеңістік континуум және оны мәтінде өткеру құралдары
2.Кеңістік континуумының түрлері
3.Кеңістік категориясының семантикалық өрісі
Мақсаты: Мәтін континуумы туралы мәлімет
Қысқаша мазмұны:
Континуум – мәтін категориясы. Континуум сөйлемде өткеріле алмайды, себебі сөйлемде ой дамымайды. Осы мағынада сөйлем статикалық құбылыс, оны шартты түрде фильмнің кадрымен теңестіруге болады. Тіпті «Ол белгіленген мақсат бағыты бойынша баяу жылжи бастайды»,-деген сөйлемнің өзінде қозғалыс бөлігін көруге болғанмен, онда континуум жоқ.
Континуум мәтіннің грамматикалық категориясы – когезия (байласым) мен үзілістің синтезі сияқты. Уақыт және кеңістік континуумдарын оқиғалар континуумы ретінде де белгілеуге болады.
Мәтінде уақыт қозғалысы бір желілі және бір бағытты болмайды.
Мәтін лингвистикасында мәтіндік уақыттың үш темпоральдық негізі болады: объективті (күнтізбелік), концептуальдық (оқиға) және перцептуальды немесе перцептивті (эмоциялық-экспрессивті). Көркем мәтіндерде тағы көркемдік уақыт бөлінеді.
Объективті (күнтізбелік), табиғи, объективті жылжитын уақыт –мәтінге қатысты сыртқы, бір бағыттағы қайтарылмайтын уақыт. Ол – гносеологиялық-когнитивтілікпен, сезінумен, адамзат түсінігіндегі объективті уақытты реттеумен байланысты физикалық категория.
Мәтін өзінің жеке уақыты бар, кәдімгі материалдық объект (кітап, қолжазба) сияқты шынайы кеңістік пен уақытта өмір сүреді. Басқа материалдық объектілердің жеке уақытының бітетіні (кітап беттері сарғайып, жыртылады, суреттердің бояуы кетеді) сияқты оның да бітетін уақыты бар, алайда сөйлеу туындысы ретінде мәтін үшін ол онша маңызды емес.
Оқиғалы (концептуальды, лат. conceptio-қабылдау) уақыт (мәтіннің мазмұнын құрайтын оқиғалар жайлы айтылып отыр) – нақтылықты талдау негізінде шығарылған идеалды тіршілік деңгейінде шынайы уақыттың көрінісі, әлдебір құбылысқа көзқарас жүйесі, әлденені түсіну, суретшінің, ақынның, ғалымның жалпы ой толғауы.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы. – Алматы, 2002 ж.
|
2.Есембеков, Т.О. Көркем мәтін теориясы - Алматы: Қазақ университеті, 2015.- 186 б.
|
3.Есембеков, Т.О. Көркем мәтін поэтикасы: оқу құралы .- Алматы: Қазақ университеті, 2012.- 228 б.
|
4.Жармакин О.Қ., Мағзұмов Қ.Б. Мәтін лингвистикасы. Оқу құралы. – Павлодар: Кереку, 2011.
|
5.Оразбаева, Э.Б. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау [Электрондық ресурс]: пәнінің лекция жинағы / Э.Б. Оразбаева.- Шымкент, 2012.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |