Бақылау сұрақтары: 1. Неліктен үйкеліс арқылы берілетін берілістерде беріліс саны тұрақты емес?
2. Қандай фрикциялық берілісті жабық беріліс деп атайды?
3. Жабық берілістің ашық берілістен қандай артықшылығы бар?
4. Фрикциялық берілісті қандай артықшылыққы ие?
5. Фрикциялық дөңгелектер материалы қандай қасиеттерге ие болуы керек?
6. Вариаторлардың қандай артықшылығы бар?
2.3 Тiстi берiлiстер 2.3.1. Жалпы түсініктер мен тісті берілістер классфикациясы. Қозғалыс пен қозғалыс моментiн бiлiктер арасында беру үшiн және қозғалысты түтлентірді тісті дөңгелектердің тістерінің iлiнiсу арқылы іске асатын берілісті тiстi берiлiстер деп атайды. Тісті берілістердің артықшылықтары: Тiстi берiлiстер көмегiмен өте үлкен қуат беруге болады (100000кВт)
және олар басқа берiлiстерге қарағанда габариты ықшамды келедi.
Басқа берiлiстерге қарағанда бiлiктерге және подшипниктерге аз күш түседi.
Тiстi берiлiстер өте шыдамды келедi.Жақсы күтсе олар көптеген жылдар бойы жұмыс iстейдi.
Пайдалы әсер коэффициентi жоғары;
Беріліс саны тұрақты;
Берілісқолайлы, сенімді және ұзақ уақыт пайдалануға болады;