Қиғаш тiстi берiлiстердi есептеу Қиғаш және шеврон тiстi берiлiстердi иiлуге және жанасу берiктiгiне есептеу, түзу тiстi берiлiстердi берiктiкке есептеуден еш айырмашылығы жоқ, тек қана олар түзу тiстi берiлiстерге қарағанда берiк келедi. Сол артықша берiктiк Yβ және KFL коэффициенттер арқылы есепке алынады. Сонда иiлу кернеу
Yβ - қолданған есептеу схеманың кемшiлiктерiн ескеретiн коэффициент
мұнда
β°- тiс бағыты мен ось арасындағы бұрыш.(тiстiң көлбеу бұрышы).
KFL- пайдалы күштiң тiстер арасында бiр қалыпты таралмағаның есептейтiн коэффициент.
Ол үстемелеу коэффициентiне байланысты анықталады.
Егер KFL=1, Eβ>1 оны мына формуламен анықтайды.
-үстемелеу коэффициентi
n -тiстi берiлiстiң дәлдiгi.
Иiлу кернеу формуласынан қалыпты модульдi табамыз.
Шевронды берiлiстер екi қабатталған қисық тiстi берiлiстерге ұқсайды, бiрақ тiстерi қарама-қарсы жаққа бағытталған. Мұнда осьтiк күштер тiстi дөңгелектiң өзiнде теңеседi. Шеврондық тiстер қымбат келедi, сондықтан олар жоғары қуатты прокат стандарда, электровоздарда және тогы басқа күрделi машиналарда қолданылады.
β=25...45°
2.3.9 Түзу тісті конусты беріліс. Қуатты осьтерi қиылысқан бiлiктердiң арасында қуат пен қозғалысты беру үшiн конусты тiстi берiлiстер қолданылады.
Цилиндрлi тiстi берiлiстерге қарағанда конустi берiлiстердiң дайындауы және жинауы қиынға түседi.
Бiр конусты дөңгелек iс жүзiнде көбiнесе консольды күйге орналасады. Бұл жүктiң бiр қалыпты тарамауына әкелiп соғады.
Олар тiк тiстi, қисық және дөңгелек тiстi болып жасалады. Айналу жылдамдығы 2-3 м/с-қа дейiн болғанда, тiк тiстi конусты берiлiстер, егер жылдамдығы одан жоғары болса – дөңгелек тiстiлер қолданылады, себебi олар дыбыссыз жұмыс iстейдi.
1.Беріліс саны: u =
2. Орташа бөлгiш диаметрi: dд = m Z; dс = mс Z. 3. Сыртқы конустық қашықтығы:
4. Орташа диаметр мен модуль:
.
Мұнда: mc – орташа модуль;
b – тісті дөңгелек ені;
- конустық бұрыш.
Конусты дөңгелектердiң негiзгi өлшемдерi ГОСТ 19624-75 шектелген.
Сурет-14
Конустық берiлiстер iлiнiсуiнде : шеңберлiк, радиалды, және осьтiк
күштер әсер етедi.
1. Шеңберлiк күш: ;
2. Осьтiк күш: Aш = Rк = R sinш = P tg sinш