¦дебиеттер


Жалпы түсініктер мен червякты берілістер классфикациясы



бет20/64
Дата18.10.2022
өлшемі5,14 Mb.
#153561
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64
Байланысты:
лек-3бөлім

2.4.1 Жалпы түсініктер мен червякты берілістер классфикациясы.
Өзара айқасатын бiлiктер арасында қозғалысты беруге арналған механикалық берілісті червяктi берiлiс деп атайды. Осьтер арасындағы бұрыш құрайды. Червяктi берiлiсiнiң қозғалысы винт жұптарының қозғалысына ұқсас. Винт қызметiн червяк атқарады. Доға формалы етiп жасалған червяк дөнгелегiнiң тiсi жанасу кернеуiн азайтуға мүмкiндiк бередi.



1- сурет
Червяктi берiлiстiң артықшылықтары:

  • Берiлiс санының көптiлiгi u=8…80,(кейбiр кинематтикалық

берiлiстерде u=500 дейiн жетедi).

  • Бiр қалыпты және дыбыссыз жұмыс iстеуi;

  • Өздiгiнен тежеу қабiлеттiлiгi;

  • Көлемi мен салмағының аздығы.

Червяктi берiлiстiң кемшiлiктерi:

  • Cырғанау үйкелiсiнiң шамасы үлкен болғандықтан:

  • Пайдалы әсер коэффициентi төмен η =0,7…0,9

  • Тез қызады;

  • Үйкелiс күшiн азайту үшiн антифрикционды қымбат материал қолдануы;

  • Жасау технологиясы күрделi және қымбат, себебi арнаулы станоктарды қажет етедi.

  • Пайдалы әсер коэффициентi аз болғандықтан өте көп қуат беруге жарамайды.

Қолдануы. Червякты берілістер қуаты 50 квт -тан аспайдын берілістерде қолданылады. Пайдалы коэффиценті төмен және қызып кетпеуі үшін оны суыту қажет болғандықтан үлкен қуатты беруде қолдану экономикалық тұрғыдан тиімді емес болып табылады.
Червякты берілістер станоктарда, көтеру-тасмалдау машиналары мен троллейбустарда кеңінен қолданылады. Червякты берілістер қызып кетуін төмендету үшін үзіліспен қозғалатын берілістере қолданылады.
Червякты берілістер классфикациясы
Бұранда прифилiнiң формасы бойынша архимедтi , конволюттi және эвольвенттi болып бөлiнедi.



Сурет-2
Червяктi ось арқылы қиғанда түзу сызықты пiшiн пайда болса, онда оны архимедтi червяк деймiз.  = 20. Ол трапециялы бұрандаға ұқсас келедi, сондықтан оларды жиi қолданатын қарапайым бұранда кескiш станоктарда дайындауға болады. Бiрақ оларды ажарлау қиын, себебi өндеу үшiн белгiлi пiшiндi өндейтiн арнаулы қайрақтар керек. Осыған байланысты ажарлауды қажет етпейтiн қыздырумен өнделмеген червяктар көбiнесе архимед қисығына ұқсас сол пiшiндес етiп жасалады.
Ал егер түзу сызықты пiшiн червяк бұрандасына түскен перпендикуляр арқылы пайда болса , онда червяктi конволюттi және эвольвентті деп атаймыз.Бұларды қарапайым станокта ажарлауға болады, сондықтан олар ажарлауды қажет етпейтiн червяктерде жиi қолданылады.
Егер қисық сызықты пiшiн червяк бұрандасына түскен перпендикуляр арқылы пайда болса , онда червяктi эвольвентті деп атаймыз. Эвольвенттi червяктар қисық тiстi дөнгелеккек ұқсас келедi, бiрақ олардың айырмашылығы тiс саны аз және тiсiнiң көлбеу бұрышы үлкен. Эвольвентті червяктар техникада аз қолданылады.

Архимедтік

Конвалютті

Эвольвентті

Сурет-3
Червякты берілістер жабық-редукторлар және ашық түрде болады.
Бұранда сызығының бағыты бойынша оң және сол червякты болып екіге бөлінеді.
Бұранданың кіріс саны бойынша бір кірмелі және көп кірмелі(1,2,3,4кірмелі) червяктар болып бөлінеді. Кірме саны артқан сайын червякты берілістің п.ә.к. жоғарылайды.
Червяктардың тісті дөңгелекке қатысты орналасуына байланысты берілістер төменгі, жоғары және жанына орналасқан червякты берілістер болып бөлінеді. Егер жылдамдық м/с. болса, онда червяк дөңгелектің төменгі жағына, ал жылдамдық м/сек болса, онда червяк дөңгелектің жоғары жағына орналасқан черякты берілістер қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет