¦дебиеттер


Редукторлардың техникалық сипаттамасы



бет25/64
Дата18.10.2022
өлшемі5,14 Mb.
#153561
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64
Байланысты:
лек-3бөлім

2.5.2. Редукторлардың техникалық сипаттамасы
Цилиндірлі тісті берілісті редуктордың техникалық сипаттамалары:

  • Жетекші- Р1 мен жетектегі- Р2 біліктердің қуаты.

  • айналу моменті –Т, Т = Р/ ω = Ft d/2 (Нм.)

мұнда: Ft=Р/υ ; υ=ωd/2 (м/с);

  • беріліс саны -U, U=n1/n212=Z2/Z1=d2/d1

мұнда: n1 мен n2 – жеткші мен жетектегі біліктердің айналу саны, (мин-1);
ω1 мен ω2 – жеткші мен жетектегі біліктердің бұрыштық жылдамдығы (сек-1)
Z1 мен Z2 – шестерня мен тісті дөңгелектің тістер саны; d1 менd2 - шестерня мен тісті дөңгелектің бөлгіш шеңберлерінің диаметрі.
Көп сатылы берілістер үшін жалпы беріліс саны
Uж =U1ּU2ּU3ּּּUn,
мұндағы U1ּU2ּU3ּּּUn- жеке сатылардың беріліс сандары.

  • редукторлардың пайдалы әсер коэффиценті (п.ә.к.) η=Ржтжш көп сатылы берілістер үшін ηж=η1ּη2ּη3ּּּηn,

мұндағы η1ּη2ּη3ּּּηn - жеке бірілістердің п.ә.к. болып табылады.



Сурет -1


Материалдары
Редуктор корпустары көбнесе құю әдісімен СЧ10 СЧ15 не СЧ18 шойындарынан дайындалады. Соққы күштерімен жұмыс істейтін үлкен қуатты берілістер үшін қолданылатын редуктор корпустары беріктігі жоғары шойынан немесе болаттан құйылады. Кейде өндірісте, өте аз жекелеген түрлерін, жалпақ металдар болаттың Ст.2 Ст.3 маркаларынанда дайындалады.
Тісті дөңгелектерді негізгінен қыздырып өңделетін болаттардан, шойын нан, пластмассадардан, салалы көміртегі болаттар: 35,40,45,50,50Г және қоспалы болаттар: 40Х, 45ХН. дайындайды.
Жоғары беріктік пен тозу төзімділігіне ие болу үшін червяк пен дөңгелек антифрикционды жұп құрулары қажет.
Червяктар үшін негізгі материалдар ретінде көміртекті және қоспалы болаттар пайдаланылады. Жай айналатын жауапты емес берілістерде СЧ 18 маркалы шойын қолданылады. 18Х, 18ХА, 20Х, 12ХНЗА, 20ХФ болаттарынан жасалған червяктарды цементтейді және HR 57...63 қаттылығына дейін орамдарының жоғары беттерін шынықтырады.
Жоғары қалайылы қола Бр. ОІОІФІ және антифрикционы қасиеттері бар материалдардан жасалған дөңгелектерді жауапты берілістерде сырғанау жылдамдықтары Vs < 25 м/с болған жағдайда қолданады.
Қалайысыз қолалардың БрАЗЖЗА, БрАІОЖ4Н4 қажалуға қарсыласулары нашар, болғандықтан Vs> 10м/с болғаннан бастап қолданылады. Сырғанау жылдамдықтары өте аз болғанда (Vs <2 м/с) дөңгелектерді СЧ 15-тен СЧ25 дейінгі маркалы сұр шойынмен жасайды. Аз күш әсер ететін берілістер үшін t < 20о болғанда металл емес материалдар – текстолит, пластмасса және ағаш қабатты табақшалар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет