Бақылау сұрақтары: 1. Біліктің қандай түрлері бар?
2. Біліктің тірекке сәйкес келген бөлігі қалай анықталады?
3. Шип пен мойыншаның айырмашылығы неде?
4. Білік пен осьтің жұмыс істеу қабілеті қандай шамамен анықталады?
5. Білікті жобалау мен тексеру есебінің айырмашылығы неде?
4. Подшипниктер Подшипниктер бiлiктер мен осьтердiң тiрегi ретiнде қолданылады және олардың ерiктi айналуын қамтамасыз етедi.Подшипниктер радиалды және осьтік күштерді қабылдап, оларды машина рамасына, станинасына таратады.
Подшипниктер үйкелiс түрiне байланысты екi түрге бөлiнедi:
1.Сырғанау подшипниктерi.
2.Домалау подшипниктерi.
4.1Сырғанау подшипниктерi Жалпы түсініктер мен Сырғанау подшипнигінде білік айналғанда оның беті тіреу бетімен сырғанайды. Сырғанау подшипнигі корпустан және астардан тұрады. Корпус машина рамасына орналастырылады.
Артықшылығы:
Жоғары жылдамдықпен қозғалатын жетектерде қауіпсіз жұмыс істеу мүмкіндігі;