Анықталған жетіспеушіліктер мен жымқырулар тексеру немесе тексеріс актісінде көрсетілген сомада кінəлі тұлғаларға жатқызылады жəне жетіспеушіліктер мен жымқырулар анықталған соң 5 күнтізбелік күн ішінде материалдар азаматтық шағым ұсыну үшін тергеу органдарына тапсыры- луы тиіс. Сот шешімін алу кезінде кінəлі тұлғаларға жатқызылған сома сот органының атқару парағына сəйкес нақтылануы тиіс.
Келтірілген жетіспеушіліктер мен жымқырулардың зияны мөлшерін анықтау кезінде зиянды анықтаған күндегі материалдық құндылықтардың құнына сүйенген жөн.
Түгендеу барысында анықталған ұзақ мерзімді активтердің, қорлардың жəне басқа активтердің жетіспеушілігі кінəлі тұлғалар есебінен өтеледі жəне есепке алуда корреспонденциялармен көрсетіледі:
осы мемлекеттік мекеменің қызметкерлері жол берген жетіспеушіліктерді анықтаған кезде 1262 «Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бойын- ша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының дебеті неме- се өзге тұлғалар жол берген жетіспеушіліктерді анықтаған кезде 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шотының дебеті, 1300 «Қорлар» шоты қосалқы шоттарының немесе 2300 «Негізгі құралдар» шоты қосалқы шоттарының кредиті;
кінəлі тұлға есебінен жетіспеушілікті есептен шығару: 1262
«Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының дебеті жəне 6330 «Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер» шотының кредиті жəне бір мезгілде: 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар» шотының дебеті жəне 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті.
Мемлекеттік мекеме арқылы бюджет кірісіне ақша қаражатының түсуі:
1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының дебеті жəне 1262
«Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының кредиті, бір мезгілде: 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық бе- решек» қосалқы шотының дебеті жəне 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының кредиті;
бюджет кірісіне ақша қаражатының түсуі: 3133 «Өзге операциялар бо- йынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті жəне 1262 «Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бо- йынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының кредиті.
Достарыңызбен бөлісу: |