Дебиторлық берешекті есепке алу тəртібі



бет84/89
Дата14.12.2021
өлшемі297,41 Kb.
#127142
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89
Байланысты:
memlekettik mekemede buh.esep daris kesheni (3)

13-ТАҚЫРЫП



МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ЖАСАУ ЖƏНЕ ҰСЫНУ ТƏРТІБІ
Жоспар

    1. Мемлекеттік мекемелерде қаржылық есептілікті жасау жəне ұйымдастыру

    2. Қаржылық есептіліктің нысандарын толтыру ережелері



    1. Мемлекеттік мекемелерде қаржылық есептілікті жасау жəне ұйымдастыру

Қаржылық есептілікті жасау жəне ұсыну ережелері – республикалық жəне жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілік көлемі, мерзімділігі, мерзімдері мен оларды жасау жəне ұсыну тəртібін, оларды пайдаланушыларға беру мақсаттары үшін белгілейді.

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері үшін шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну мерзімін бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уəкiлеттi орган белгілейді, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері үшін – бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уəкiлеттi орган белгілейді.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері шоғырландырылған қаржылық есептілікті бюджеттi атқару жөнiндегi тиісті жергілікті уəкiлеттi органға ұсынады.



Бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уəкiлеттi органдар шоғырландырылған қаржылық есептілікті Қазынашылық комитетінің департаменттеріне ұсынады. Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қаржылық есептілікті нысандардың толық көлемімен, үш данада бюджеттiк бағдарламалар əкiмшiсi белгілеген мерзімде тиісті аумақтық қазынашылық органдарына ұсынады. Есептіліктің бұрыштамалары мен мөртабаны бар екі данасы мемлекеттік мекемелерге қайтарылады, оның біреуі бюджеттiк

бағдарламалар əкiмшiсiне жіберіледі.

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері шоғырлан- дырылған қаржылық есептілікті Қазынашылық комитетіне ұсынады.

Есептіліктің уақтылы ұсынылуы үшін жауапкершілік республикалық жəне

жергілікті бюджеттік бағдарламалардың əкімшілеріне, сондай-ақ бюджеттi атқару жөнiндегi тиісті жергілікті уəкiлеттi органдарға жүктеледі.

Қаржылық есептілікті жасау кезінде мынадай:



  • есепті кезеңдегі барлық операциялардың толық жəне шын мəнінде көрініс табуы;

  • кірістер мен шығыстардың есепті кезеңдерге жатқызылуының дұрыстығы;

  • талдамалық есепке алу деректерінің есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың бірінші күніне синтетикалық есепке алу шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтарға тең болуы;

  • көрсеткіштердің ұқыпты толтырылуы жəне өшірулер мен бояуларға жол берілмеу талаптары сақталуы тиіс. Қателер түзетілген жағдайда түзету күнін көрсете отырып, қаржылық есептілікке қол қойған тұлғаның растауымен тиісті жазбалар жасалады.

Қаржылық есептілік нысандары онда көзделген көрсеткіштермен дəлме- дəл сəйкес толтырылады. Бекітілген қаржылық есептілік нысандарында көрсеткіштері мен олардың кодтарын өзгертуге немесе оларға қосымша көрсеткіштер енгізуге жол берілмейді. Қаржылық есептіліктің ағымдағы есепті кезеңге, сол сияқты бұның алдындағы кезеңге жататын деректерінің (олар- ды бекіткеннен кейін) өзгеруі деректердің бұрмалануы айқындалған кезеңде жасалған қаржылық есептілікте жүргізіледі.

Мемлекеттік мекеме республикалық бюджеттік бағдарламалар əкімшілері- нің енгізген өзгерістеріне сəйкес республикалық бюджеттік бағдарламалар əкімшісінің жазбаша хабарламасын алған сəттен бастап 10 жұмыс күн ішінде өздеріндегі қаржылық есептілік данасына өзгерістер енгізеді.



Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың əкімшісі ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне өзгерістер енгізген жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың əкімшісі қаржылық есептілігіне өзгерістер енгізілген ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге өзгерістер енгізу себебі көрсетіліп, енгізілген өзгерістер туралы басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылған жазбаша хабарлама жібереді.

Жылдық қаржылық есептілік есептіден кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жасалады. Тоқсандық қаржылық есептілік ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіндегі жəне 1 қазанындағы жағдай бойынша жасалады.

Жылдық қаржылық есептілік 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда күнтiзбелiк кезеңге жасалады.

Қаржылық есептілік беттері нөмірленген жəне мазмұны бар кітапшаланған түрде қағаз тасығышта ұсынылады.

Олар үшін қаржылық есептілікті ұсыну күні болып почта кəсіпорнының штемпелінде, бiрақ бюджеттік есептiлiктi ұсыну күнiне дейiн 5 календарлық күннен кешiктiрмей көрсетілген оны жіберген күн есептелетін басқа тұрғылықты мекендерде орналасқан мемлекеттік мекемелерді қоспағанда,

мемлекеттік мекеме үшін қаржылық есептілікті ұсыну күні оны іс жүзінде тиесілігіне қарай табыс еткен күн болып есептеледі.

Есептiлiктi ұсыну үшін белгіленген мерзім демалыс күнге (жұмыс емес күнге) сəйкес келген жағдайда, қаржылық есептілік одан кейінгі бірінші жұмыс күнінде ұсынылады.

Мемлекеттік мекемелер ұсынатын жылдық, тоқсандық қаржылық есептіліктер көлемі мыналарды:



  1. 1-нысан – бухгалтерлік балансты,

  2. 2-нысан – қаржылық қызмет нəтижелері туралы есепті,

  3. 3-нысан – мемлекеттік мекеменің қаржыландыру көздері бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті,

  4. 4-нысан – таза активтер/капиталдың өзгерістері туралы есепті,

  5. 5-нысан –түсіндірме жазбаны қамтиды.

Жылдық жəне тоқсандық қаржылық есептіліктерге мемлекеттік мекеменің басшысы, бас бухгалтері немесе мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есепті жүргізуді қамтамасыз ететін бөлімшені басқаратын тұлға қол қояды.

Басшы мен бас бухгалтердiң қолдарымен бір қатарда мiндеттi түрде қойылған қол таратып жазылған болуы тиіс (тегі, аты-жөні).

Есепті жылдың аяғындағы бухгалтерлік баланс баптарының деректері жүргізілген түгендеудің нəтижелерімен расталған болуы тиіс жəне бұл ретте айқындалған алшақтықтар жылдық қаржылық есептілік ұсынылғанға дейін түзетуі тиіс.

Түгендеу жүргізу:



  • жылдық қаржылық есептілікті жасаудың алдында;

  • материалдық-жауапты тұлғалар ауысқан кезде (қабылдап алу-беру күні);

  • ұрлық немесе теріс пайдалану, сондай-ақ құндылықтардың бүліну фактілері белгілі болған кезде;

  • өрт немесе зілзала апаттары жағдайында;

  • мемлекеттік мекеменің заңды тұлға ретінде таратылуы, қайта ұйымдастырылуы кезінде (біріктірген, қосқан, бөлген жəне бөлінген кезде) міндетті түрде болады.

Түгендеу кезінде анықталған ұзақ мерзімді активтердің, қорлардың жəне ақша қаражаттарының іс жүзінде болғаны мен бухгалтерлік есеп деректері арасындағы алшақтығы мынадай тəртіппен реттеледі:

  • артық болып шыққан ұзақ мерзімді активтер, қорлар мен ақша қаражаттары кейіннен артық шығу себебін анықтай отырып, кіріске алуға жа- тады;

  • ұзақ мерзімді активтердің, қорлардың жəне ақша қаражаттарының анықталған жетіспеушілігі мен ұрлықтардың сомалары, сондай-ақ материалдық құндылықтардың бүлінуі салдарынан шығын сомалары кінəлі тұлғалардың есебінен өтеледі.

Ағымдағы қаржы жылының бюджет түсімдерін есепке жатқызумен

жəне бюджеттен төленетін төлемдерді жүзеге асырумен байланысты операцияларының барлығы ағымдағы қаржы жылының 31-желтоқсанында аяқталады. 31-желтоқсанды қоса алғанда ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулардың қалдықтары жойылады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет