Дебиторлық берешекті есепке алу тəртібі


Артық төленген тиындардың сомасы шоттар байланысы



бет42/89
Дата14.12.2021
өлшемі297,41 Kb.
#127142
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   89
Байланысты:
memlekettik mekemede buh.esep daris kesheni (3)

Артық төленген тиындардың сомасы шоттар байланысы




Операция мазмұны

Дт

Кт

1

Бір теңгеге дейін жуықтап алу арифметикалық əдісі нəтижесінде төленбей қалған еңбекақы, шəкіртақы жəне т.б. тиын қалдықтары көрсетіледі

3272 Ақша айналымынан қолма- қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысулар

3240 Қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек

2

Бір теңгеге дейін жуықтап алу арифметикалық əдісі нəтижесінде артығымен төленген тиын сомалары көрсетіледі

3240 Қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3272 Ақша айналымынан қолма- қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысулар

3

Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алуға байланысты бюджет алдындағы берешек сомасын есепке алу

3272 Ақша айналымынан қолма- қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысулар

3133 Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек

4

Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алуға байланысты ақшаны аудару

3133 Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек

1081 Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары 1091 Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары


Артық төленген тиындардың сомасы бір теңгеге дейін соманы дөңгелектеу- дің арифметикалық əдісін қолдану нəтижесінде артық төленген тиындардың со- масы (50 тиынға дейін аз жаққа дөңгелектеледі; 50 тиын жəне одан жоғары тиын үлкен жаққа дөңгелектеледі) 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3230 «Стипендианттарға қысқа

мерзімді кредиторлық берешек», 3248 «Қызметкерлерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» тиісті қосалқы шотының кредиті жəне 3272 «Ақша ай- налымынан қолма-қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысулар» қосалқы шотының дебеті бойынша көрсетіледі.

Жыл аяқталғанда 3272 «Ақша айналымынан қолма-қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысулар» қосалқы шотының кредиті бой- ынша төленбеген сома мен артық төленген тиындар сомасы арасындағы ай- ырма түрінде қалыптасқан қалдық бір теңгеге дейін соманы дөңгелектеудің арифметикалық əдісін қолдану нəтижесінде жоғарыда көрсетілген төлемдер бойынша бюджетке есептеуге жатады. Бұл ретте 3272 «Ақша айналымынан қолма-қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысулар» қосалқы шотының дебеті жəне 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті бо- йынша жазба жүргізіледі. Оны бюджетке аудару кезінде 3133 «Өзге опе- рациялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық бе- решек» қосалқы шотының дебеті жəне 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарынасəйкес міндеттемелерін қабылдауғаарналған жос- парлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспа- рына сəйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының тиісті қосалқы шотының кредиті бойынша жүзеге асырылады. 3272

«Ақша айналымынан қолма-қол тиындардың алынуына байланысты есеп айы- рысулар» қосалқы шотының дебеті бойынша қалдық келесі жылға ауысады.

Атқару парақтары мен басқа құжаттардың əрекет ету мерзімі аяқталған жағдайда төленбеген не керісінше артық төленген тиындардың қалдығы бір теңгеге дейін соманы дөңгелектеудің арифметикалық əдісін қолдану нəтижесінде 3272 «Ақша айналымынан қолма-қол тиындардың алынуына бай- ланысты есеп айырысулар» қосалқы шотына есептеледі.

Жұмыстан босаған сəтте немесе есеп жылының аяғында қызметкерлерге қайтарылмаған тиындағы есепке берілген, 1261 «Есеп беретін сомалар бо- йынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының дебеті бойынша ескерілетін соманың қалдығы оның еңбекақысынан ұсталады,бұл кезде 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті жəне 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.

Мемлекеттік мекеменің есеп беретін жауапты тұлға алдындағы тиындағы берешегінің сомасы жұмыстан шыққан кезде 3272 «Ақша айналымынан қолма- қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысулар» қосалқышотына есептен шығарылады, бұл кезде 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқамерзімді дебиторлық берешегі» қосалқышотының

дебеті жəне 3248 «Қызметкерлерге өзге қысқамерзімді кредиторлық берешек» тиісті қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет