Қорлардың сақталуын жəне есепке дұрыс қойылуын қамтамасыз ету мақсатында қойма есебін тиісті ұйымдастыруды қамтамасыз ету қажет.
Қорларды сақтау арнайы жабдықталған үй-жайларда (қоймаларда)
жүргізілуі тиіс.
Қоймалық үй-жайларда қорларды орналастыру тəртібі оларды қабылдау, беру мен түгендеу жүргізу жөніндегі операциялардың жылдамдығын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл тұлғаларды ауыстыру қойманы түгендеумен жəне мемлекеттік мекеме басшысы бекіткен қабылдау-тапсыру актілерін жасаумен сүйемелденуі тиіс.
Қорларды сақтау орындары салмақ жабдықтарымен, өлшеу құралдарымен, өлшеу ыдысымен жəне басқа бақылауға арналған құралдармен жабдықталуы тиіс.
Қоймадағы материалдарды есепке алуды материалды жауапты тұлға ата- уы, сұрпы мен саны бойынша ғана Нысандар альбомының М-17 нысанды ма- териалдарды қоймалық есепке алу кітабында жүргізеді.
Кейіннен есепке алу кезінде қорлар екі шаманың ең кішісі бойынша бағаланады – қорларды айырбасталмайтын операция тəсілімен сатып алу, тегін тарату немесе атаулы құны бойынша тарату үшін сақтау, тегін таратуға немесе атаулы құны бойынша таратуға жататын тауарларды өндіру процесінде тұтыну жағдайларынан басқа өзіндік жəне таза сату құны.
Таза сатылатын баға деп іс қалыпты жүргенде қорларды сату нəтижесінде мемлекеттік мекеменің күтетін таза сомасы түсініледі. Қорлардың таза сату бағасы сату бойынша шығыстарды шегере отырып əділ құнға сəйкес келе бермейді. Егер қорлар тегін тарату үшін немесе атаулы бойынша тарату, тегін таратуға немесе атаулы құн бойынша таратуға жататын тауарларды өндіріс үдерісінде қолдану үшін сақталса, онда олар өзіндік құнның көлемдерінің ең азы бойынша жəне ағымдағы қалпына келтіру бағасы бойынша бағаланады.
Егер қорлардың сақталу мақсаты өзгерсе, онда қорлар екі көлемнің ең кішісі бойынша: өзіндік құны жəне таза сатылатын құны бойынша бағаланады.
Қорлардың ағымдағы қалпына келтіру бағасы деп субъектіде есептілік күніне активтерді сатып алу нəтижесінде туындаған шығындар ұғынылады.
Есепті жылдың аяғында жүргізілген түгендеу нəтижелері бойын- ша бюджеттік бағдарламалар əкімшісімен келісілген, мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығына сəйкес құрылған түгендеу комиссиясының актісі негізінде есепте, егер өтелетін құн қордың баланстық құнынан төмен болса
бар қорлардың құнсыздану фактісі тіркеледі. Түгендеу актісінде құнсыздану себептері көрсетілуі тиіс. Егер бұл қорлар зақымдалса, толық немесе жарты- лай ескірсе, қорлардың өзіндік құнының орны өтелмеуі мүмкін. Қорларды таза сату құны бойынша баланстық құн есебінде көрсету қорлардың ағымдағы нарықтық құны мен қорлардың іс жүзіндегі құнының арасындағы айырма мөлшерінде қорлардың құнсыздануына резерв құру жолымен жүргізіледі. Оған келесідей бугалтерлік жазбалар жүргізіледі [9.2-кесте].
9.2-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |