Дебиторлық берешекті есепке алу тəртібі


Қорлардың есептен шығарылуы



бет52/89
Дата14.12.2021
өлшемі297,41 Kb.
#127142
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   89
Байланысты:
memlekettik mekemede buh.esep daris kesheni (3)

Қорлардың есептен шығарылуы







Операция мазмұны

Дт

Кт

1

Басқа мемлекеттік мекемелерге қорларды беру

7060 Қорлар бойынша шығыстар

1310 Материалдар

1340 Тауарлар

2

Қосалқы шаруашылықтың дайын бұйымдары мен өнiмдерiн сату

1231 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

6110 Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алынатын кірістер

Сатылған дайын өнімдердің өзіндік құнын есептен шығаруға бір уақытта екінші жазу беріледі

7060 Қорлар бойынша шығыстар

1330 Дайын өнім

3

Қосалқы шаруашылықтың дайын өнiмдерiн мемлекеттік мекемелердің мұқтаждары үшiн беру

1314 Тамақ өнімдері

1319 Өзге материалдар

1330 Дайын өнім

4

Қоймадан медикаменттерді, шаруашылық материалдары мен кеңсе жабдықтарын, арнайы киімдерді жəне жеке қолдануға арналған заттарды пайдалануға беру

1313 Дəрі-дəрмектер жəне байлап-таңу құралдары

1316 Шаруашылық материалдары жəне кеңсе жарақтары

1313 Дəрі-дəрмектер жəне байлап-таңу құралдары

1316 Шаруашылық материалдары жəне кеңсе жарақтары

9.3-кестенің жалғасы

5

Күрделi құрылыс үшiн мердiгерлiк ұйымдарға құрылыс материалдарын беру

3210 Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек

1311 Құрылыс материалдары

6

Шаруашылық əдiспен орындалатын жаңа құрылыс нысандарына жұмсалған құрылыс материалдарын есептен шығару

2411 Аяқталмаған құрылыс

1311 Құрылыс материалдары

7

Жұмсалған ұзақ пайдаланылатын материалдарды есептен шығару

7060 Қорлар бойынша шығыстар
2412 Материалдық емес активтерге күрделі салымдар

1312 Оқу, ғылыми зерттеулер жəне басқа мақсаттарға арналған материалдар

8

Мемлекеттік мекеменің есебiнен бордақыдағы өлген төлдермен малдарды есептен шығару

7410 Əділ құнының өзгеруі бойынша шығыстар

1319 Өзге материалдар
2610 Жануарлар

9

Материалдармен тамақ өнімдерін қайта өңдеуге жіберу

8011 Материалдар

1310 Материалдар

1314 Тамақ өнімдері

10

Растайтын құжаттардың негiзiнде жұмсалған материалдар мен тамақ өнiмдерiн есептен шығару

7060 Қорлар бойынша шығыстар

1310 Материалдар

1314 Тамақ өнімдері

Құнсызданудан резерв құру есебінен құны бұрын төмендеген қорларды есептен шығару: құрылған резерв сомасына – 1360 «Қорлардың құнсыздануына арналған резерв» шотының дебеті жəне Шоттар жоспарының «Қорлар» бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының кредиті, бір мезгілде қорлардың баланстық құнына – 7060 «Қорлар бойынша шығыстар» шотының дебеті жəне Шоттар жоспарының «Қорлар» бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының кредиті көрсетіледі.

Нақты кінəлілер анықталмаған жағдайларда, қорлардың бұзылудан, табиғи апаттан (су тасқыны, өрт жəне басқа табиғи апаттар) шығыны кінəлі тұлғалар- дың нақты жоқтығы мұқият тексерілгеннен жəне болашақта залал фактілерін

жібермеуге қажетті шаралар қолданылғаннан кейін ғана есептен шығарылады. Бұзылудан қорлардың шығыны туындаған кезде шығыстар ретінде танылады: 7460 «Өзге шығыстар» шотының дебеті жəне Шоттар жоспарының «Қорлар» бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының кредиті. Бос ыдысты қайтару немесе сату кезінде сатып алу бағасы мен бос ыдыс сатылған баға арасындағы айырма іс жүзіндегі шығыстарға жатқызылады: 7140 «Өзге операциялық шығыстар» қосалқы шотының дебеті жəне 1319 «Өзге материалдар» қосалқы шотының кредиті. Сатып алынған жəне бір мезгілде ағымдағы қажеттіліктерге берілген кеңсе жабдықтары (қағаз, қаламсаптар, сиялар, қауырсындар жəне басқа кеңсе жабдықтары), сондай-ақ дəрі-дəрмектер мен дайын дəрілер (спиртті, бай- лау құралдары мен қымбат тұратын дəрі-дəрмектерді қоспағанда) кіріс пен шығыс бойынша жалпы сомасын көрсету арқылы нақты шығындарға 1316

«Шаруашылық материалдары жəне кеңсе жарақтары» қосалқы шотында есеп- тен шығарылады.

Арнайы киім мен жеке қолданысқа арналған басқа заттардың бірлігіне екі айлық есептік көрсеткіш шегіндегі құны қоймадан берілгенде мынадай тізбекпен есептен шығарылады: 7060 «Қорлар бойынша шығыстар» шотының дебеті жəне Шоттар жоспарының «Қорлар» бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының кредиті. Құны бір бірлігі үшін екі айлық есептік көрсеткіштен аса- тын көрсетілген қорлар белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін мемлекеттік мекеменің тұрақты əрекет ететін комиссиясының есептен шығару туралы актісінің негізінде есептен шығарылады.

Кейбір қорлар басқа активтердің шотына жатқызылуы мүмкін, мысалы, негізгі қаражаттың дербес өндірілген құрауышы ретінде пайдаланылған қор:

«Негізгі құралдар» бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының дебеті жəне Шот- тар жоспарының «Қорлар» бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының кредиті. Осылайша бөлінген қорлар осы активтің қызмет ету мезімі ішінде шығыс ретінде (амортизацияны есептеу) танылады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет