Дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері


Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі



бет31/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,67 Mb.
#87327
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
Байланысты:
дебиторлық қарыздар

Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі

Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға сатылатын тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер үшін алдын-ала алынған аванс сомалары бойынша есеп айырысу есебі «Тауарлық-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» және «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарда есептеледі.


Осы аталған операцияларға сәйкес кәсіпорынның алынған аванс сомасына:
Д-т: «Ақшалар» шоты
К-т: «Тауарлы-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» немесе «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері түрінде екі жақты жазу жазылады.
Ал сатып алушыларға босатылған тауарлар, көрсетілген қызметтер құнынан алдын ала алынған аванстар сомасы шегерілгенде:
Д-т: «Тауарлық-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» немесе «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері,
К-т: «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі» немесе «Еншілес серіктестіктердің дебиторлық борышы» деп аталатын шоттардың тиістілері түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Егер алынған аванс сомасын толық пайдаланылмағаннан қалған бөлігі тапсырыс берушілерге сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаларға қайтарылғанда:
Д-т: «Тауарлық-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» немесе «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттардың тиістілері.
К-т: «Ақшалар» деп аталатын шоты түрінде бухгалтерлік жазщу жазылады.
Кәсіпорынның алған аванстарының талдамалық есебі әрбір аванс берген ұйым бойынша бөлек жүргізіледі.



Операциялардың мазмұны

Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

1

Сатылатын тауарлы-материалдық қорлар немесе көрсетілетін қызметтер үшін алдын ала аванс ретінде алынған сомаларға

1050,1051


1040,
1010,1020

4410,4420



2

Сатып алушы немесе тапсырыс беруші тұлғаның қарыз сомасы алдын ала алынған аванстар сомасынан шегеріледі

4410-4420



1210


3.

Сатып алушы немесе тапсырыс беруші тұлғалардан аванс ретінде алынған соманың пайдаланылмаған бөлігі қайтарылғанда

4410-4420



4410,4420,
1010,1040,
1020






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет