Бастапқы өлшеу Субъект есепті күнге міндеттемені жабу үшін қажетті соманы ең үздік есептік бағалау негізінде бағалау міндеттемелерін өлшейді.
1) Өлшенетін бағалау міндеттемелері баптардың ірі жиынтығын қамтитын жерде есептік бағалау тиісті ықтималдықтарды ескере отырып, ықтимал нәтижелердің барлық салмақтап көру жолымен жүргізіледі.
2) Бағалау міндеттемесі жалғыз міндеттеме бойынша туындағанда, жеке, неғұрлым ықтимал нәтиже міндеттеменің ең үздік есептік бағалауы болуы мүмкін. Алайда осындай жағдайдың өзінде субъект басқа да ықтимал нәтижелерді қарастырады. Басқа ықтимал нәтижелер негізінен неғұрлым ықтимал нәтижеден жоғары немесе төмен болса, онда ең үздік есептік бағалау неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен шамада болады.
Ақшаның уақытша құнының әсері елеулі болған кезде бағалау міндеттемелерінің сомасы соманың келтірілген құнын білдіруге тиіс, ол, күтіліп отырғандай, міндеттемені жабу үшін талап етіледі. Дисконттау ставкасы (немесе ставкалары) ақшаның уақытша құнының ағымдағы нарықтық бағалауын көрсететін салыққа дейінгі ставка (немесе ставкалар) болуға тиіс. Міндеттеменің өзіне тән тәуекелдер дисконттау ставкасында не міндеттемені жабу үшін қажетті сомада, бірақ осы көрсеткіштің екеуінде де емес, көрсетілуге тиіс.
Бағалау міндеттемелерін жабу үшін қажетті шығындардың бір бөлігін немесе барлығын басқа тарап өтейді деп күтілетін кезде (мысалы, сақтандыру талабы бойынша) міндеттемені жапқан субъектінің өтемақы алуы шартымен субъект өтемді жеке актив ретінде таниды. Алуға жататын өтемақы баланста актив ретінде ұсынылуға тиіс және әрекет ететін бағалау міндеттемесінің орнына қарсы есептелмейді. Пайда мен залал туралы есептерде субъект тиісті бағалау міндеттемесіне жататын шығыстардың орнына басқа тараптан алынған өтемді есептей алады. Субъект бағалау резервтерін өлшеу кезінде активтердің күтілетін істен шығуынан түсетін басқа да кірістерді алып тастауға тиіс.
Кейіннен өлшеу Субъект шығындардың тек олар бастапқыда танылған бағалау міндеттемелерінің орнына ғана есептен шығарады.
Субъект әрбір есепті күнге бағалау міндеттемелерін қайта қарауға және қаралып отырған есепті күнгі жағдай бойынша ағымдағы міндеттемені жабу үшін қажетті соманың ең үздік есептік бағалауын көрсету үшін оларды түзетуді жүргізген жөн. Бұрын танылған соманы кез келген түзету бағалау міндеттемелері бастапқы қорлардың немесе негізгі құралдардың өзіндік құнына енгізілетін шығындардың бір бөлігі ретінде танылған жағдайларды қоспағанда, пайданың немесе залалдың құрамында танылуға тиіс. Егер бағалау міндеттемелері ол, күтіліп отырғандай, міндеттемені жабу үшін талап етілетін келтірілген соманың құны негізінде өлшенетін болса, онда дисконттауды реверсиялау қарыздар бойынша шығындар ретінде көрсетілуге тиіс.