Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет15/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс
СРС, реферат модуль, ҚР ОАМ 2022 жылғы 27 тамыздағы № 382 бұйрығы
Өсіру агротехникасы. Тамырсабақсыз бидайықты себудің ең қолайлы мерзімі – күз, не болмаса күздің соңы. Ылғалы мол жерлерде мұны астығы ерте орылып алынып, дискаланған аңызға да себуге болады. Қолайлы жылдары оны өктемде де сеуіп жүр. Тамырсабақсыз бидайықты көпшілігінде дәнді астық не бір жылдық мал жерлерде дақылдар астын бүркемелі әдіспен себеді, ал жазда, әрине, таза өзін сепкен жөн.
Себу нормасы да әр түрлі. Мысалы, оның таза өзін сепкенде гектарына 20-25 кг, ал бедемен немесе эспарцетпен арластырғанда –10-12 кг тұқым жұмсалады. Тұқымын алу үшін өсіретін арнайы учаскеге де 10-12 кг мөлшерінде тұқым себіледі. Тұқымды тереңге жібермей топыраққа небары 2-3 см сіңірген дұрыс.Пішенге шбу мерзіміне егістің масақ шығарған фазасынан көп кешіктіруге болмайды. Өйткені, мерзімінен өтіп кеткен соң оның азықтық сапасы құрып төмендеп кетеді.
Аудандастырылған сорттары. Қарабалықтық -86-Қарабалық ауыл шарушылғы тәжірибе станциясында Ф.М.Маштаков Көкшетау облысынан жинаған жергілікті үлгілерінен жаппай сұрыптау әдісімен шығарған сорт. Бұл сорт 1959 жылдан бері аудандастырылып келеді. Қазір Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында өсіріледі.
Марусиндік-996 – Батыс Сібір үлгісінен Маршанская селекция станциясында жаппа сұрыптау және арнайы танапта тәрбиелеу әдісімен шығарылған. 1958 жылдан бастап республикамыздың Орталық облыстарында өсіріледі.
Омск регнериясы – СибНИИСхозда Ақмола облысындағы жабайы өсетін тамырсабақсыз бидайықты сұрыптау арқылы М.С.Арефьева, И.К.Собик, Ф.М.Маштаков және басқалары шығарған. 1960 жылдан бері Павлодар облысында өсіріліп келеді.
Шалғындық бетеге. Шаруашылық маңызы және таралуы. Шалғындық бетеге (Festuca pratensіs Huds) кең тараған Festuca туысына жатаын қоңырбас (астық) тұқымдас мал азықтық көпжылдық шөп. Бетегенің кейбіреулері болмаса көпшілік түрлерінің пішенін және көк азығын малдар сүйсініп жейді. Әсіресе шалғындық бетеге жабайы түрінде кеңтараған мал азықтық, бағасы өте жоғары өсімдік. Шалғындық бетегенің мәдени түрі алғаш рет Кавказда, Орта Азияда Ресейдің қаратопырақсыз аймағында өсіріле бастады. Уақытында орылған шалғындық бетеге өте құнарлы пішен береді. Оның пішенінде 14% дейін протин, 100 кг пішенінде 54,5 а.ө. және 4,0 кг қорытылатын ақуыз бар. Шалғындық бетеге құрамында аминқышқылдарының, оның ішінде лизин және гистидиннің көп болуымен ерекшеленеді. Шалғындық бетеге шөп қоспаларында өте бағалы астық тұқымдас өсімдік. Оның қылтықсыз арпабаспен, сары жоңышқамен, мүйізбас шөппен қоспалары Ертіс өзені алқаптарында екпе шабындықтар жасауға тиімді екені анықталған (Аубакиров Қ.) және де оның жақсы алшынкөк түзуіне, жапырақтарының мол және жұмсақ болуына байланысты жайылымдықтарда пайдалануға жарамды өсімдік.
Шалғындық бетеге топырақ құрылымын қалыптастырып, жақсартатын өсімдіктер қатарына жатады. Астық тұқымдас шөптердің ішінде шалғындық бетеге ең жоғары тамыр массасын түзеді және топырақта тез шіриді де оның құнарлығын жоғарылатады. Қазақстанда шалғындық бетегені жеке өзін, не болмаса шөп қоспаларында барлық аймақтарда өсіріп мал азығына пайдалануға перспективалы көпжылдық шөп. Оның толықтай дамуы және ең жоғары өнім беруі екінші-үшінші жылдары байқалады. Оңтайлы өсіру агротехникасын қолданған жағдайда бір жерде 10 жылға дейін тұрақты өнім береді. Ылғалы жеткілікті жерлерде әр гектардан пішенінің өнімі 50-70 ц дейін.
Биологиялық ерекшеліктері. Шалғындық бетеге нағыз күздіктерге жататын жоғары бостүпті көпжылдық астық тұқымдас шөп. Себілеген жылы ұрықтық өркендер түзілмейді. Қуатты шашақтамырлы, кейбір кездері қысқа жатаған тамырсабақтарын түзеді. Тамыры 2 м тереңдікке дейін өседі, сол себепті шалғындық бетеге құрғақшылыққа айтарлықтай төзімді. Тамырының негізгі массасы топырақтың жырту қабатында (0-30см) орналасады. Сабағы домалақ, жылтыр, тік өседі, биіктігі 100-160см дейін. Өсімдік түбінде көбінесе қысқа өскіш, жақсы жапырақтанған өркендері болады.
Жапырағы ұзынша, тегіс, төменгі беті жылтыр. Жапырағының түбі құлақша келіп сабағын орап тұрады. Біраз жапырақтары өсімдік сабақтарының түбінде, тамыр мойнын айнала өседі. Сабақтарының жапырақтануы 27-30% аспайды.
Гүлшоғыры – сіпсебас, гүлдегенге және гүлдегеннен кейін біріккен, ал гүлдеген кезінде жан-жаққа шашырайды. Тұқымы боз түсті гүл қабыршағының ішінде орналасады, сусымалы. 1000 тұқымның массасы 1,2-1,5 г. тұқымы +2-30С жылылықта өне бастайды. Шалғындық бетеге қысқа төзімді келеді, бірақта топырақ және ауа теипературасының күрт өзгеруін көтермейді.
Ылғалды сүйетін өсімдік, көктемде су астында 10-12 күнге дейін тұншықпай сақталады. Топырақтың беткі қабатында ылғал жетіспесе өркендері өліп қалуы мүмкін. Мұндай жағдайлар кешіктіріп себілген егістіктерде байқалады. Шалғындық бетегенің топырақтың құрғақшылығына төзбеуінің себебін, алғашқы жылы тамырының өте баяу өсуімен түсіндіруге болады. Шалғындық бетеге жарық сүйгіш өсімдік. Сол себепті оны шөп қоспасында семкенде осы жағын ескеру керек. Шөп қоспасында ол қызылбас бедемен жақсы өседі. Беде жойылып кеткеннен кейін оның көп жыл бойы өнімі төмендемей өсе береді. Тұқымын да осы егістіктен алуға болады.
Шалғындық бетеге балшықты, құмбалшықты, құмдауытты қарашірігі мол топырақтарда және ретімен тыңайтқыштар берілген жағдайда жақсы өседі. Аздаған қышқыл (рН 5-6) топырақта және сортаңдау (кебу топырақтың 0,7%) жерлерде өсе алады. Бұрынғы Одақ көлемінде далалық және шалғындық егістерде шалғындық бетегенің 27 шақты сорттары аудандастырылған. Біздің республикада оның Дединовская 8, Моршанская 1304, Приекульская 519 сорттары себіледі.
Өсіру агротехникасы. Шалғындық бетеге өсіруге негізгі топырақ дайындау басқа көпжылдық шөптер себуге қолданатын әдістерге ұқсас. Шалғындық бетеге минерал тыңайтқыштарына, әсіресе азот тыңайтқышына қатнасы өте жоғары. Қоректік заттары жеткілікті топырақта оның өркендерінің құрылуы және өсуі қарқынды жүреді. Фосфор және калий тыңайтқыштарын (Р90-120К60 кг/га ә.з.) күзде танапта сүдігер жыртқанда берсе, азот тыңайтқышын (N90-120кг/га ә.з.) көктемде танапты тырмалаудың алдында шашады. Шалғындық бетеге жарық сүйгіш өсімдік болуына байланысты оны көбінесе жамылғысыз себеді. Ең қолайлы себу мерзімі күзде және ерте көктемде. Шалғындық бетеге мал азығына жай қатарлап себеді. Әр гектарға тұқым себу мөлшері 12-14 кг өнгіш дән. Тұқым себу тереңдігі: жеңіл топырақта - 3-4 см, орташа саздақты жерде - 2-3 см, ауыр топырақта – 1,5-2,0 см шамасында.
Шалғындық бетеге ең жоғары азықтық массасын толық гүлдеген кезінде қалыптастырады. Бірақта оны пішенге толық шашақтанып гүлдене бастағанда жинау керек. өйткені осы кезеңде шалғындық бетегенің жаңадан жас өркендері өсіп, азықтық қоректілігін төмен ескі өркендері өледі, нәтижесінде жалпы өнімнің сапасы көтеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет