Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет16/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс
СРС, реферат модуль, ҚР ОАМ 2022 жылғы 27 тамыздағы № 382 бұйрығы
Көпшабысты үйбидайық (райграс). Бұл мал азықтық шөп табиғатта жабайы түрінде бұрынғы Одақтың Европалық бөлігіндегі ылғалды аймақтарының шалғындықтарында, сондай-ақ Орта Азия тауларында, Батыс Закавказьяда кездеседі. Мәдени дақыл түріне айналғалы көп болғанмен, оның егісі әлі де болса кеңінен тарай қойған жоқ.
Райграстың үш түрі мәдени дақыл ретінде кездеседі: көп шабындық райграс, биік бойлы райграс және жайылымдық райграс. Мұның үшеуі де тамыр жүйесі жақсы дамыған астық тұқымдастарға жатады.
Бұлардың бірінен-бірін оңай ажыратуға болады.
Биік бойлы райграс. Гүл шоғыры-шашақбасты келеді. Масақшалары қос гүлді, оның төменгісінің ұзынша иілген қылтығы бар. Тұқымның көлденеңі 1,5 мм, ұзындығы 8-10 мм, түп жағында ақ сары түгі болады; мың тұқымның орташа салмағы 2 грамдай.Биік бойлы райграс ауа райы жылы үсікке шалдығады және құрғақшылыққа төзімсіз келеді. Сондай-ақ ұзақ уақыт су шаюға, көлеңкеде өсуге және жер асты ыза суының жақындығына да шыдамсыз келеді.Сортаң және сазды топырақты жерлерден басқа жердің бәрінде жақсы өнім бере алады. Қыстап шыққан соң көктемде ерте көктейді, алайда мал жайылуын төзімсіз келеді.Оны негізінен пішен үшін себеді.
Көп шабындық райграс. Көп шабындық райграстың жалпы сыртқы пішіні жатаған бидайыққа ұқсас. Гүл шоғыры күрделі масақ.
Жайылымдық райграс. Жайылымдық райграс та жатаған бидайыққа ұқсайды. Бұның көп шабындық райграстан айырмасы – масақшалары да, тұқымы да майдалау келеді, мың тұқымының салмағы небары-1,8г. суармалы жерлерде оның егісіне жаз бойы 5-6 рет қайталап мал жаюға болады.Райграстың алдыңғы екі түрі биологиялық ерекшеліктеріне сай, негізінен пішен үшін пайдаланылады. Өйткені, олар біріншіден мал тұяғына шыдамсыз болса, екіншіден биік болып өсетін өсімдігінің сабағының көптігінен жапырағы мейлінше аз болады, үшіншіден райграстың бұл түрлері бір жерде небары үш жыл ғана өседі.
Керісінше, жайылымдық райграстың түпкі жапырақтары мол болады да, оның үстіне мал тұяғына өте шыдамды келеді. Осыған орай оны негізінен өте жақсы мал жайылымдық шөп ретінде пайдаланады.Райграстың бұл үш түрі де қысқа шыдамсыз, ылғалды мейлінше қалайтын өсімдіктер. Сондықтан оларды Қазақстанның тек оңтүстік және оңтүстік–шығыс облыстарының суармалы жерлеріне ғана себуді ұсынуға болады. Мұнда жайылымдық райграс кеңінен тарауы тиіс. Мәдени жайылым жасау үшін оны бедемен аралас себу жақсы нәтиже береді. Райграстың қай түрі болса да тыңйтқыш бергенде өнімін арттырады.Бұл шөп өзінің биологиялық қасиеттері бойынша жаздық тұқымдас шөптер тобына жатады. Сондықтан ол тек көктемде ғана себілуі тиіс.Тұқымы өте майда болғандықтан топыраққа небары 1-2 см ғна тереңдікте сіңіріледі. Бір гектар жерге тұқым себу нормасы 6-12 кг.Бұл шөптің де сорттары республикамызда әлі аудандастырылған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет