Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет19/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Сібірлік қияқ. Сібірлік қияқ та түптенуі жағынан тарлау қияқ тәрізді, сирек түпті астық тұқымдас шөптер тобына жатады. Мұның да тамыр жүйесі жақсы дамыған. Сібірлік қияқ суыққа өте төзімді. Ғылыми мағлұматтарға қарағанда ол солтүстік аймақта да жақсы өсіп, гектарына 50 ц артық өнім береді. Сондай-ақ бұл шөпті қүұрғақшылыққа да төзімді деуге болады. Алайда, ол қияқтың басқа түрлеріне қарағанда ылғалды молырақ керек етеді. Сондықтан да сібірлік қияқ табиғи жағдайда көпшілігінде Батыс Сібір және Қиыр Шығыстьң ормаңды, орманды-далалы аудаңдардың өзен алқаптарындағы шалғыңдарыңда, сай-салалы тыңайған жерлерінде өседі. Соған қарамастан оны Қазақстанның далалы және шөлейтті аймақтарында да себуге болады. Әсіресе, ол Казақстанның шығыс және солтүстігінде, сол сияқты таулы өңірлерінде таратуға тиімді.
Сібірлік қияқты пішенге, сондай-ақ жайылымға да себуге болады. Оның жапырағы мол. Бас жару кезеңінен кешіктірілмей орылып алынған пішеннің құрамында 16 %-ға дейін протейн, 10 %-ға дейін белок болып, азықтық құндылығы артады. Ол топырақтың құнарлығын да аса талғай бермейді. Сонымен көктемде бірсыпыра шөптерден ерте көктеп, қаулап өседі. Академик И.В. Лариннің, профессор П.П. Бегучевтің мағлұматтарына қарағанда бұл шөп гектарына 7-10 ц-ге дейін тұкым береді, яғни тұқымнан жоғары өнім алынады. Өсімдігінің бойы 60-70, кейде 120 см-ге жетеді. Гүл шоғыры - сирек масақ. Масақшалары қылтанды, дәннің ұзындығы 6-12 мм, көлденеңі не бары 1-1,5 мм ғана ұзынша, орташа есеппен мың дәнінің салмағы 3,1 г; 1 кг тұқымда 322-500 мыңға. дейін дән болады.
Айғырқияқ немесе құмқияқ. Айғыр қияқ көпжыдық тамыр сабақты астық тұқымдас шөп. Бойының биіктігі 120-150 см, тіпті одан да биік болуы мүмкін. Ол сусымалы және үрме құмдарда өсуге бейім. Оның өсімдігін құм басып қалған күнде де тамыр сабағы арқылы жаңадан жас өркендер пайда больп, өзінше өсе береді. Жапырақтары мен сабақтары қатты келеді. Оны көктемде түптену фазасында мал, әсіресе жылқы жақсы жейді. Бұдан кейінгі кезенде бұл қатайып, мал онша жей алмайды.
Табиғи жағдайда, жоғарыда айтылғандай шағыл құмда, әр жерде төбе-төбе болып өседі. Мүндай жерде оның пішен өнім гектарына 10-15 ц-ге жетеді. Масағы ірі болып, ұзындығы 11-15 см-ге жетеді. Тұқым өнімін гектарына центнерге дейін береді. Тұқымды, мал азықтык. қасиеті жағынан кем емес. Оны жылқы жақсы жейді. Пішенінің сапасыздығына қарамастан айғыр қияқ сусымалы құмдарда себуге және ол қүмды байланыстыру үшін бірден-бір қажетті өсімдік. Бұл шөптің биологиялық жақсы қасиеттерінің бірі оның топырақ қүнарын талғамайтындығы және қүрғақшылыкқа аса төзімділігі. Табиғи жағдайда еліміздің Павлодар, Алматы, Қызылорда, Атырау, Жамбыл облыстарының қүмды массивтерінде кездеседі. Жоғарыда айтылған бірсыпыра жақсы қасиеттеріне қарамастан айғыр қияқ осы күнге дейін мәдени дақылға айналдырып, өндіріске енгізілген жоқ.
Өсіру агротехникасы. Қияқты өсіру агротехникасы елімізде әлі жете зерттеле қойған жоқ. Қияқшөптерден тек сібірлік кияқ қана біршама зерттеліп, оның агротехникасы жөнінде азды-көпті мағлұматтар кездестіруге болады. Тарлау қияқты өндіріске енгізу тек соңғы жылдар ғана республикамызда мықтап қолға алына бастады, қазір оның егіс көлемі 3 мың гектардан асады. Сібірлік қияқты шабындықпен жайылымдық егістер жасау үшін пайдаланатындықтан, оны егіндік және мал азықтық ауыспалы егіс танаптарында да сондай-ақ түбегейлі артылатын табиғи жерлерге де себеді. Ал, тарлау қияқ тек қолдан ұзақ мерзімді жайылым жасау үшін өнімі нашарлаған табиғи мал азықтық жерлерге себіледі. Егісті армшөптерден таза жерлерге орналастырған жөн. Өйткені, әсіресе шөл және шөлейтті аймақтарға себілген кияқ шөптері өте баяу өсіп, оның салдарынан оның егісін арамшөп басқыш келеді. Бұл шөптердің агротехникасында ең басты мәселелердің бірі - оны себу мерзімі. Ғылыми тәжірибелерге қарағанда сібірлік қияқтың өнімі, көктемнен гөрі күзде сепкенде жоғары болады. Күзде себілген шөп келесі көктемде ерте көктеп, осы жылдың өзінде-ақ өнім беретін болады.
Тарлау қияқтың агротехникасын зертеушілер (С.Н.Прянишников, Э.Н. Бекмухамбетов) керісінше оны, ерте көктемде сепкен жөн деп есептейді. Мұндай ұсыныс, тегінде, күзде жауын-шашыны жоқтың қасы болатын шөл және шөлейт аймақтарға арналса керек. Тұқымының өнімі шығып, шығымның қыс түскенше өсіп-жетілуіне жеткілікті ылғал болатын жерлерде тарлау қияқты да күзде себуді кеңінен зерттеген жөн.
Тұқым себу нормасы да әр түрлі. Мыслы, сібірлік кияқ гектарына 3-4 кг, тарлау қияқ 8-10 кг себіледі. Сібірлік қияқ тұқымшасының ұзынша келетін қылтығы оны кәдімгі сепкішпен себуді қиындата түседі. Сондықтан да оның тұқымын себуден бұрын жоңышқа үккіш, немесе сол тәрізді басқа да құралдардан өткізіп кылтығынан ажыратып алған жөн.
Тыңайтқыштардан бұл шөптер әсіресе азот минералды тыңайтқышын қалайды. Оны көктемде тұқым себер алдында береді. Ал өсу кезеңінде егістікті ерте көктемде азотпен қосымша үстеп қоректендіру өте пайдалы. Тыңайтқыштар беру нормасы әр шаруашылықтың табиғи топырақ жағдайларына қарай түрліше болады. Мысалы, Алматы облысының шөлейтті Бозой өңірінде гектарыка 45 кг фосфор және калий тыңайтқыштарын көктемде қосымша қоректендіру ретінде бергенде, тарлау қияқгың құрғақ жайылымдық шөбінің өнімі гектарына 66,8 пайызға артқан. Учаскені тұқым себу үшін дайындаудың басты шартының бірі - топырақты себер алдында ауыр катокпен нығыздай түсу. Нығыздалған топыракқа тұқым 2-3 см тереңдікке сіңіріледі де ол жер бетіне жақсы өніп шығатын болады. Себілген жылы егісті күту негізінен оны арамшөптен таза ұстауға бағытталады. Ол үшін жаз бойы арамшөпті қаулатып өсіріп, жібермей шауып тастап отыру қажет. Өсімдіктің өсуінің екінші және одан кейінгі жылдарында егісті күтіп-баптау оны ерте көктемде ауыр тырмалармен тырмалаудан басталады. Қосымша қоректендіру егісті тырмалау алдында жүргізіледі.
Қияқтардың мал азықтық сапасы әдетте олардың дер мезгілінде жақсы пайдалануына байланысты. Мысалы, пішен үшін сібірлік қияқ масақ шығарған фазасынан кешіктіріліп орылса, ол қатайып кетіп, мал оны сүйсініп жемейтін болады. Кешіктіріліп орылған пішеннің қылтығы малдың аузын жарақаттауы да мүмкін. Тарлау қияқты да мал ерте фазаларында ғана жақсы жейді. Өйткені ол да масақ шығарғаннан соң тез катайып кетеді. Қияқ шөптерден Қазақстанда аудандастырылған сорттар: Бозойлық және Шортандылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет