Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия


Қоректік заттарға қойылатын талаптар



бет70/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Қоректік заттарға қойылатын талаптар. Мақсарының топырақтан қабылдайтын қоректік заттары мөлшері дақылдың сортына, вегетация кезеңінің ұзақтығына, жапырағының ассимиляциялық белсенділігіне, топырақ және ауа-райы жағдайына, ылғал қабылдау мүмкіндігіне, топырақ құнарлығына және өсіру технологиясына байланысты болады. Мақсары дақылы азот, фосфор және калий элементтерін вегетациясының барлық кезеңдерінде бірдей қажетсінеді. Өсімдіктің қоректік заттарды ең көп қажет ететін кезеңі шанақтану-гүлдеу сатылары. Бұл мезгілде топырақтан азоттың барлық қажетті мөлшерден 60%, фосфор қышқылының-80% және калийдің-90% қабылдайды. Аудандастырылған сорттары. Республиканың оңтүстігінде мақсарының Милютинский 114, Нұрлан, Ақмай және Центр70 сорттары аудандастырылған. Милютинский 114 сортынан басқалары, Красноводопад селекция стансасында шығарылған, жергілікті селекция сорттары авторы- М. Қоңырбеков.
Өсіру технологиясы. Ауыспалы егістегі орны. Егістік дақылдардан жоғары және тұрақты өнім жинауды тек қана ғылыми негіздегі ауыспалы егісті дұрыс пайдалану арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Д.С. Васильев, Н.Г.Потеха (1986 ) пікірлерінше, жаздық және күздік астық дақылдары, дәндік және сүрлемдік жүгері мақсарыға жақсы алғы дақыл болып табылады. Я.Г.Момот (1956 ) тәжірибе деректеріне сүйене отыра, мақсары оңтүстіктің ыстығына және қуаңшылығына төзімді дақыл болғандықтан алғы егіс таңдамайды, сондықтан оны әртүрлі алғы дақылдардан кейін орналастыра беруге болады. Алайда, ауыспалы егісте астық дақылдарынан кейін өсіру тиімді, кейбір жағдайда монодақыл есебінде бір орында бірнеше жыл өсіруі мүмкін. Ван Жау Му (1993) ұйғарымынша, мақсарыға жақсы алғы дақылдар –бұршақ, картоп, жүгері және бидай. Мақсарының өзі де астық дақылдарына жақсы алғы егіс болып саналады.
Тыңайтқыш. Мақсары танаптары қолданылатын тыңайтқыштар жүйесі сүдігерге сіңірілетін негізгі тыңайтқыштардан, тұқыммен бірге берілетін және үстеп қоректендіруден тұрады. Мақсары танаптарына органо-минералды тыңайтқыштар беру өнімділікті және тұқымша сапасын жоғарылатады. Ван Жау Му (1993) ҚХР жағдайында мақсары танаптарына 30 тга көң шашуды ұсынады. Көптеген зерттеушілер мақсары егісіне 40-60 кг мөлшерінде азот, фосфор және калий тыңайтқыштарын беруді ұсынады. Кейбір ізденушілер пікірінше, минералды тыңайтқыштарды негізгі ретінде беруден гөрі, үстеп қоректендіру пайдалы деген тұжырымға келеді. Республиканың ылғалмен қамтамасыз етілген аудандарында мақсары танаптарына азот 40-60 кг, фосфор-60кг және 30 кг мөлшерінде калий тыңайтқышын беру өнімділікті және дән майлылығын көтеруге әсерін тигізеді. Фосфордың жарты дозасы мен калий толықтай сүдігер жыртар алдында, N10Р10-тұқыммен бірге, қалған мөлшерді бірінші культивациямен бірге енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет