Байланысты: Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс
Мал азықтық бөрібұшақ (Люпин кормовой, Lupіnus L.). Шаруашылық маңызы және таралуы. Мал азықтық бөрібұршақ біржылдық немесе көпжылдық бұршақ тұқымдасына жататын өсімдік. Бұдан 4-6 мыңдай жыл бұрын Грецияда, Египетте, Римде өсіре бастаған. Оның тұқымын тұзды суға салып, бөрттіріп тамаққа және мал азығына пайдаланған. Ресейге бөрібұршақ өткен ғасырдың басында әкелініп, өсіріле бастады. Қазір Беларуссияда, Прибалтикада, Украинада, Ресейдің қарашіріксіз аймақтарында тараған. Оның көлемі 1 млн гектардай. Қазақстанда мал азықтық бөрібұршақ әлі күнге дейін кең тарай қойған жоқ. Оның басты себебі – оның тұқым шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың жоқтығы (4-сурет). Және де осы дақылдың ғылыми тұрғыда зерттелген экологиялық ортаға бейімделген өсіру агротехникасы өндіріске әлі ұсынылмай келеді. Бұл әрине келешектің жұмысы. Осы кезге дейін бөрібұршақты ең алдымен көк тыңайтқыш (сидерат) есебінде өсіріп, пайдаланып келді. Оның әсері танапқа гектарына 30-40 тн органикалық тыңайтқыш (көң) шашқанмен бірдей.
Құнарлығы нашар топырақта өскен кейбір түршелері гектарына 180-200 кг тең азот қалдырады. Тұқымында және көк балаусасында қорытылатын протеин (бір азықтық өлшемге 180-240 г) көптеп кездеседі. Бірақ бұрынғы өндіріске ұсынылған сорттарының құрамында 1-2% дейін ащы және улы алкалоидтардың (люпинин, люпанин, спартеин т.б.) болуына байланысты бөрібұршақ мал азығына көп пайдаланылмады. Соңғы уақытта оның алкалоидсыз сорттарын (0,0025-0,2% дейін) шығаруға байланысты мал азықтық маңызы қатты артты. Әсіресе ол топырағы құмды, құнарсыз аймақтарда арзан белокті мал азығының негізгі көзі болып табылатыны белгілі болды.
Мал азықтық бөрібұршақты дән, жем, сабан, көк балауса, сүрлем және шөп ұны ретінде пайдаланады. Оның дәнінде 40-49% дейін белок, 12% көмірсуы және 5,5-6,0% дейін май бар. Сондықтан оны ұнтақтаған күйінде немесе басқа белогі аз құрама жемдерге қосып малға береді. Бөрібұршақтың белогінде аминқышқылдары, әсіресе триптофан, лизин, цистин көтеп кездеседі.
Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс жылы аймақтарында бөрібұршақты аңыздық егістікке өсіріп мал жайылымына пайдалануға болады. Мал азықтық бөрібұршақ, өнімі жоғары дақыл. Көк балаусасының өнімі гектарына 400-600 ц. Құмды құнарсыз топырақта өнімі 200-250 ц/га дейін жетеді. Тұқымының өнімі гектарына 10-15 центнерден 30 ц дейін болады.