Сөйлеу процесінің анатомия – физиологиялық механизмі.
Лекцияның мақсаты: Болашақ мамандарға сөйлеу процесіндегі анатомиялық және физиологиялық механизмін ұғындырып, сөйлеу және есту процесіне қатысты ми қыртыстары жайында мағлұмат беру.
Лекцияның жоспары: 1. Орталық сөйлеу аппараты.
2. Шеткі сөйлеу аппараты.
3. Вернике, Брок орталығы.
4. Сөйлеу аппаратының артикуляциялық бөлімі.
Лекцияның барысы: Сөйлеу процесі адам баласына ғана тән, өте күрделі жоғарғы психикалық қабілет және ол шартты рефлекс заңдарына байланысты. Сөйлеу қабілеті сөйлеу аппараттарын іске қосатын орталық және шеткі күрделі жүйке жүйелері арқылы іске асады. Сөйлеу аппараты орталық жүйке жүйесінің әр бөлігіне әр деңгейде орналасқан, бірақ барлығы жиылып бір іске жұмылған өз алдына дербес қабілетті жүйе болып саналады.
Орталық сөйлеу аппаратыадамның миында орналасқан. Ол ми қыртысынан (сол жақ мидың), ми қыртысы астындағы ядролардан ми өзегі ядроларының, соларды жалғайтын жүйке жолдарынан және тыныс жолдары дауыс және ауыз сөйлеу процесіне қатысы бар еттер мен сіңірлердің нервтерінен тұрады.
Адам сөйлеу үшін мидің әртүрлі бөлігі қатысады дегенмен де ми қыртысының кейбір боліктері басты рол атқарады. Олар:ми қыртысының шеке, самай, төбе және шүйде бөліктері, әсіресе мидың сол жақ қыртысы. Ми қыртысының шеке бөлігінде орналасқан (төменгі қыртысында) Брок орталығы, адамның дауыс шығару процестері осы орталықтың арқасында іске асады. Ал ми қыртыстарының самай бөлігінде Вернике орталығына басқа адамның сөйлеген сөзін естіп түсіну қабілетін іске асыратын орталық орналасқан. Осыған байланысты адам басқа дамның сөйлеген сөзін естіп, түсінеді.
Ми қытысының төбе бөлігі де естіге сөзді түсініп, адамның жазу жазып және жазылған сөздерді шүйде бөлігіне орналасқн көру орталығы арқылы көзбен көріп, түсінуге үлкен ықпал етеді. Сонымен қатар балаларда ересек адамдардың сөйлеген кездегі оның бет аузының қимылын көзбен көріп бақылау арқылы сөйлеу қабілеті арта түседі. Ми қыртысы асындағы ядролар адамның сөйлеген кездегі анық та, байсалды және әсерлі сөйлеуіне ықпалын тигізеді.