Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы (СООЖ): 1. Дизартрияға шалдыққан балалармен жұмыс түрін атап, оның бала үшін тиімділігін дәлелдеу.
2. Дизартрияға шалдыққан баламен үйдегі жүргізілетін жұмыс түрін талдау.
3. Сөйлеу мүшелерінің қозғалуын тексеру үшін, оның құрылысының ерекшеліктерін және ақаулықтың анатомиялық сипатын талқылау.
Студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы (СӨЖ): 1. Балаларда болатын дизартрия түрлерінің ерекшеліктері жайында конспект жасау.
2. Дизартрияға шалдыққан баланың сөйлеу тілінің дамуына, артикуляцияның бұзылуының ықпалын қалай түсіндіруге болады деген сұраққа жауап іздеу.
3. Дизартриямен ауыратын балаларға логопедиялық жәрдемнің түрлерін атау.
4. Дизартрия ауруына жүргізген ТМД елдеріндегі ғалымдардың зерттеулері жайында мәлімет жинау.