Қолданылатын әдебиеттер: 1. Рубинштейн С.Л. Психология умственно отсталого школьника М., 1979
Выготский Л.С. Основы дефектологии. //Собр, Соч. в 6-тит. Т. 5. -М.: Педагогика, 1983. - 396 с,
Еременко И.Г. Олигофренопедагогика. - М., 1985
Лекция №15 Афазия.
Лекцияның мақсаты:Бас миының зақымдануынан пайда болған афазия жайында теориялық білім бере отырып, афазияның түрлерімен таныстыру. Афазияның түрлерінің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын түсіндіру. Афазияны жою жөніндегі педагогикалық түзету жұмысының бағыттарын анықтау.
Лекцияның жоспары: Афазия ауруына жалпы сипаттама.
Афазияның турлері оның айырмашылықтары.
Афазияны жою жөніндегі педагогикалық түзету жұмысының бағыттары.
Лекцияның барысы: Афазия дегеніміз бас миының жайылмаған зақымына байланысты сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жойылуы.
Афазия пайда болу себебі мидың қан айналымы бұзылуынан (ишемия,геморрогия) зақымданудан, ісіктен, бас миының жұқпалы ауруларға шалдығуынан болады. Қан тамырларының бұзылу салдарынан болатын афазия көбінесе ересек адамдарда пайда болып қалыптасады. Бас ми қан тамырларының (аневризм) кеңейіп жарылуының, тамырлардағы қанның ұюынан (тромбозмболий) бітеліп қалуының, жүректің бұлшық еттерінің (ревматизм) шаншып ауруынан кеселденуінің (порок) және бас сүйегі мен мидың зақымдануының нәтижесінде афазия жасөспірімдер мен жастарда жиі байқалады. Афазия бас миының қан айналымының шамамен үштен бірі бұзылған жағдайда пайда болады және көбінесе қозғаушы афазиясы жиі байқалады. Балалардың афазиясы тек бас сүйегі мен мидың зақымдануының, ісіктің пайда болуының немесе жұқпалы аурудан кейінгі асқынудың салдарынан ғана болады.
Афазия дегеніміз мидың өте қатты зақымдануының зардабынан сөйлеу тілі құрамының барлық бөліктерінің жүйесі бұзылған ақаулық. Афазиядағы сөйлеу тілі бұзылуының күрделілігі зақымының орнына мысалы: ми қыртысы астындағы бөлігіне қан құйылған кезде болған зақым ошағы орналасқан жері сөйлеу тілінің өз еркімен калыптасуына үміттенуге мүмкіндік береді. Афазияның кезінде ауыз екі сөйлеу тілі, сөзді есінде сақтауы, фонематикалық есту қабілеті, сөзді түсінуі, жазуы, оқуы, есептеуі сияқты сөйлеу тілі әрекетіндегі көріністердің әртүрлі деңгейдегі ерекше жүйелілікпен бұзылады.
1861 жылы француздың П.Брока деген дәрігері афазиямен ауырған адамнын бас миының үшінші маңдай қатпарының артқы бөлімін қамтитын сол жақ орта тұсындағы ми күре тамырын жұмсартып кеңейгенін көрсетті. Брока маңдай миының бөлімінде ауыз екі сөйлеу тілінің жинақталған орталығы барын дәлелдедім деп есептейді. 1874 жылы Вернике 10 ауру адамның бас ми қабығының сол жағындағы самай бөлімінің зақымдануынан сөйлеу тілін түсінуінің бұзылуын және сөйлеу тілі мәнерлілігінің, оқуы мен жазуының өзгеше болып бұзылуын түсіндіріп жазды. Бұл оған сенсорлы (сөзге түсінбейтін) афазияның дамуын жоғарғы самай қатпарының артқы жағының үштен бір бөлігінің жинақталған патологиялық ошағымен байланыстыруға негіз болды.