«Дефектология жјне логопедия негіздері»



бет66/101
Дата07.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#87910
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   101
Байланысты:
4da0ac04-b6ab-11e6-94b1-35220bd1f96aУМКД Дефектология и логопедия (1)

Лекцияның мақсаты:
Болашақ мамандарға жазуы мен оқуында кемістігі бар балалармен жүйелі жұмыс жүргізе білуді үйрете отырып, балалардың кемшіліктерін анықтауға және өздерінің қателерін дұрыстауға дағдыландыруды меңгерту.

Лекцияның жоспары:

  1. Дисграфия мен дислексияға сипаттама.

  2. Оқуы мен жазуындағы кемістіктерді анықтау.

  3. Дисграфиялық қателердің ерекшеліктері.

  4. Оқуын тексеру.


Лекцияның барысы:
Ауызекі сөйлеу тілінің патологиясынан басқа жазуы тілдің бұзылуы болады. Қандай бала болмасын ешуақытта бірден дұрыс жазып және оқып кете алмайды. Балалардың барлығы да оқу мен жазуды үйренудің алғашқы сатысында азды - көпті қателерді жіберетіні кімге болса да белгілі Жайт. Сөйлеу тілі дұрыс жетілген балалар мектепке дейінгі жастарында ақ қажетті сөздік қорларын игереді, сөйлеу тілінің грамматикалық түрлерін меңгереді, сөздердің, дыбыстардың әріптерін талдауды меңгере алатындарына дайын екендігі кімге болса да белгілі жайт. Р.Е.Левинаның, Н.А.Никашинаның, Л.Ф.Спированың зерттеулеріне қарағанда мектеп жасына дейінгі тіл мүкістіктері бар балалар дың дыбыстарды талдауға дайындығы дұрыс сөйлейін балаларға қарағанда әлде қайда нашар екен. Сондықтан сөйлеу түрінің түрлі мүкістіктері бар балалар жалпы мектептердегі оқытудың жағдайында жазуды және оқуды толық меңгеріп кетуге шамалары келмейді. Жазуында кемістігі бар балалардың айтылған сөздердің мағыналарын дұрыс түсінбеулерінің жазған жазуларын да түсінуі қиын болады. Оқу мен жазу бір бірімен тығыз байланысты болғандықтан жазуындағы кемістіктер оқуында да қатар жүреді. Өзінің жазғандарын ың дұрыстығын тексеру үшін бала қайталап оқып шығу керек немесе жазғанын басқа білетін біреуге оқытады. Жазудың патологиялары аграфия, дисграфия деген терминмен аталады. Сол сияқты оқудың кемістіктері де алексия, дислексия деген термин сөздермен аталады.Дисграфия мен дислексия жалпы сөйлеу кемістігінің 3 деңгейіндегі балаларда пайда болады, ал жалпы сөйлеу кемістігінің ауыр түрлеріне 1-2 деңгейдегі оқуы мен жазуды меңгеру мүмкін емес.Бұндай балаларды жазуға үйрету үшін бірнеше жыл бойы олардың ауыз екі сөйлеу тілін қалыптастырумен айналысу керек. Бұндай балалар сөйлеу тілі мүшелеріне жақын дыбыстарды есту арқылы жеткілікті түрде ажырата алмайды. Сонымен қатар сөздік қоры өте аз бала қарапайым жай сөздердің мағынасын түсінбейді, сондықтан да оларды жиі шатастыады, алмастырады және түсіріп қалдырады. Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылыстарының қалыптауының жеткіліксіздігінен жазуында дыбыстарды түсіріп қалдырады, қаталер жібереді. Сонымен қатар, жазуындағы кемістіктер барлық дыбыстарды дұрыс айтатын балаларда да кездесетіндігі байқалады.
Дисграфия мен дислексия пайда болуы фонематикасының толық дамымауының себебіне екендігі ғылым жүзінде дәлелденді. Жауындағыкемістіктерді ауыз екі сөйлеу тілінің дамуымен байланысты емес, өз алдына бөлек ақаулық деген бұрынғы көзқарастары қате деп танылады. Сонымен бірге дисграфия мен дислексияға шалдыққан балаларың мәтінді қатесіз дұрыс көшіріп жазатындықтарынан сөзді құрап тұрған әріптердің орналас тәртібін көзбен шамалап, кеңістікті бағдарлай алатындықтарына қиналмайтындықтары тәжірибе жүзінде дәлелденді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет