Тұрақты сипаттағы қайталанатын қателермен белгіленетін және жоғарғы психикалық функциялардың қалыптаспағандығымен (бұзылысымен) шартталған, оқу үрдісінің жартылай спецификалық бұзылысы



бет1/5
Дата30.12.2021
өлшемі26,78 Kb.
#129028
  1   2   3   4   5
Байланысты:
5034444799384 10 лекция


Дислексия
Қазіргі кездегі оқудың бұзылысын атауға келесі терминдер қолданылады: «алексия» - оқудың мүлдем болмауы және «дислексия», «дамудың дислексиясы», «эволюциялық дислексия» - оқуды меңгеру үрдісінің жартылай бұзылысы белгіленеді.

Балалар арасындағы оқу бұзылысының таралуы өте жиі кездеседі. Европалық елдерде түрлі авторлардың айтуы бойынша, балалардың 10% -да дислексия кездеседі. Р. Беккердің мәліметтері бойынша, интеллектісі қалыпты төменгі сыныптағы жалпы мектеп оқушыларының 3% -да оқудың бұзылысы байқалады, сөйлеу тілінің ауыр бұзылысы бар балаларға арналған мектептерде дислексия кездесетін балалар саны 22% құрайды. Р. И. Лалаеваның мәліметтері бойынша, көмекші мектептің 1-сыныбында оқудың бұзылысы 62% оқушыларда белгіленеді. А. Н. Корневтің мәліметтері бойынша дислексия 7-8 жастағы балалардың 4,8% бақыланады. Күрделі сөйлеу тіл бұзылыстары бар және психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектептерде дислексия 20-25% балаларда кездеседі. Ұл балаларда дислексия қыздарға қарағанда 4,5 рет жиі кездеседі.



Дислексия – тұрақты сипаттағы қайталанатын қателермен белгіленетін және жоғарғы психикалық функциялардың қалыптаспағандығымен (бұзылысымен) шартталған, оқу үрдісінің жартылай спецификалық бұзылысы.

Қазіргі кездегі оқу бұзылысы мәселесін талдау бірінші кезекте қалыптағы оқу үрдісінің күрделі психофизиологиялық құрылымын және осы дағдыны балалардың меңгеру ерекшеліктерін түсінуге негізделеді.

Оқу күрделі психофизиологиялық үрдіс, оған түрлі анализаторлар қатысады: көру, сөйлеу, қимыл-қозғалыс, сөйлеу-есту. Оның негізінде «анализаторлар әсерінің күрделі механизмдері және басқа екі сигналды жүйелердің уақытша байланысы» жатыр. Оқу өзінің психофизикалық механизмдері бойынша ауызша сөйлеу тіліне қарағанда, күрделі үрдіс болып табылады, онымен бірге ол жазбаша және ауызша сөйлеу тілінен бөлек қаралмайды.

Оқу үрдісі көріп қабылдаудан, әріпті ажырату және танудан басталады. Одан кейін әріпті сәйкес дыбыстармен сәйкестендіру жүреді және сөздің дыбыс айту бейнесінің айтылуы, оның оқылуы іске асырылады. Ақыры сөздің дыбыстық түрін оның мағынасымен сәйкестендіру салдарынан оқығанды түсіну іске асырылады. Сонымен, бұл үрдісте шартты түрде екі жақты бөлуге болады: техникалық (жазылған сөздің көру бейнесін оның айтылуымен сәйкестендіру) және мағыналық - оқудың негізгі мақсаты болып табылады. Олардың арасында тығыз байланыс бар. Оқығанды түсіну қабылдау сипатымен анықталады. Басқа жағынан, көру қабылдауы алдында оқылған мағыналы мазмұнның әсер етуін сезінеді.

Оқу кезінде үлкен адам оқығанның мағынасын ғана саналандырады, ал оған қатысатын психофизиологиялық операциялар саналысыз, машықтанған түрде іске асырылады. Бірақ бұл машықтандырылған оқуды меңгеру операциялары жан-жақты және күрделі болып табылады.

Кез келген дағды сияқты оқу өзінің қалыптасу үрдісінде сапалы өзінше түрліше қадамдар, кезеңдер қатарынан өтеді. Олардың әр қайсысы алдынғысымен және келесісімен байланысты, ақырындап бір сападан келесіге көшеді. Оқу дағдысының қалыптасуы ұзақ және мақсатты бағытталған үрдісінде іске асырылады.

Т. Г. Егоров оқу дағдысының қалыптасуының келесі деңгейлерін бөледі:

1. дыбыстық-әріптік белгілеуін менгеру; 2. буындап оқу; 3. оқудың синтетикалық әдісінің қалыптасуы; 4. синтетикалық оқу. Олардың әр қайсысы түрлілігімен, сапалы ерекшелігімен, белгілі бір психологиялық құрылымымен, өз қиындығы және міндеттерімен, сонымен бірге меңгеру тәсілдерімен сипатталады.

Оқу дағдысын сәттілі меңгерудің негізгі шартына: ауызша сөйлеу тілінің фонетикалық-фонематикалық жағының қалыптасуы (дыбыс айту, фонемнің естіп ажыратылуы, фонематикалық талдау мен жинақтау), лексикалық-грамматикалық талдау мен жинақтау, лексикалық-грамматикалық құрылымы, кеңістіктік түсініктерінің, көру талдауының, жинақтау және жалпылауының жеткілікті дамуы жатады.
Дислексияның этиологиясы

Дислексияның пайда болуы туралы мәселе қазіргі кезде пікірталастық болып есептелінеді.

Кейбір авторлар (М. Лами, К. Лонай, М. Суле, Б. Хальгерн) оқудың бұзылысының тұқым қуалаушылыққа бейімділігін белгілейді. Авторларға егіздердегі дислексияны зерттеу дислексияның пайда болуына жәрдемдесетін тұқым қуалаушылық сипаттағы кейбір факторлар туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді (латерализацияның бұзылысы, сөйлеу тіл дамуының тежелуі).

Рейнхольдтің көзқарасы бойынша дислексияның ерекше, туа пайда болған түрі кездеседі, ондай жағдайда балаларға ата-аналарынан бас миының, оның жеке аймақтарының пісіп жетілмеуі тұқым қуалаушылық арқылы беріледі. Бұл жетілмеушілік белгілі бір функциялардың дамуының спецификалық тежелуінде белгіленеді.

Дислексияның этиологиясын зерттеген авторлардың көбі пренатальды, натальды және постнатальды кезеңде әсер ететін патологиялық факторлардың болуын белгілейді. Дислексияның этиологиясы биологиялық және әлеуметтік факторлар әсерімен байланысады. Оқудың бұзылысы органикалық және функционалды сипаттағы себептерден тууы мүмкін. Көбіне дислексия оқу үрдісіне қатысатын (мысалы, афазия, дизартрия, алалия кезінде) бас ми аймақтарының органикалық зақымдалуымен шартталған. Функционалды себептер оқу үрдісіне қатысатын психикалық функциялардың қалыптасуын тежейтін ішкі (мысалы, ұзақ соматикалық ауырғандық) және сыртқы (қоршаған ортаның сөйлеу тілінің дұрыс болмауы, екі тілдік, үлкендердің баланың сөйлеу тілінің дамуынына зейін салмауы, сөйлеу тіл қарым-қатынасының жетіспеушілігі) факторлармен байланысы болуы мүмкін.

Сонымен, дислексия этиологиясында генетикалық және экзогенді факторлар (екі қабат кезіндегі, босану патологиясы, балалар инфекциялары асфексия, бастың зақымдалуы) маңызды.

Оқудың бұзылысында ең аз ми дисфункциясы бар, психикалық дамуы тежелген, ауызша сөйлеу тілінің ауыр бұзылысы, церебральды параличтері бар, есту бұзылысы, интеллектісі бұзылған балаларда жиі байқалады. Сонымен, дислексия күрделі сөйлеу тіл құрылымы мен жүйке психикалық бұзылыстары құрылымында байқалады.

Дислексия түрлі патогенездегі психикалық дамуы тежелген балаларда байқалады (В. А. Ковшиков, Ю. Г. Мемьянов, А. Н. Корнев). Авторлар оларда бұзылыстардың жиынтығын белгілейді: сөйлеу тілі, оған қоса оқудың бұзылысы, қабылдау мен дыбыс айту қиыншылықтары, фонематикалық талдаудың қалыптасуындағы қиыншылықтар, дыбысты әріппен сәйкестендіру қиыншылықтары.

Балалар құрылымы бойынша күрделі буындар және сөздерді қатемен оқиды, жазылуы бойынша ұқсас әріптерді шатастырады. Оқудың түрліше бұзылыстары, авторлардың пікірлері бойынша, ауызша сөйлеу тілінің бұзылыстарымен ғана емес, психикалық функциялардың жетіспеушілігі қатарымен (зейін, есте сақтау, көру гнозисі, сукцессивті және симультаттық ) шартталған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет