«Дефектология негізі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен


КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS)



бет2/113
Дата07.09.2020
өлшемі1,23 Mb.
#77603
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113
Байланысты:
«Дефектология негізі» п ні бойынша о у- дістемелік кешен

2. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).

Оқытушы туралы мәлімет:

Оқытушының аты–жөн: Мұханбетчина А.Г.

Офис: «Педагогика және психология» кафедрасы

Жұмыс мекен-жайы: Орал қаласы, Студенттер көшесі, 4

Жұмыс телефоны: 50-32-54

Пән туралы мәлімет:

Дефектология негізі

Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада 3 кредит сағат, әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс немесе практика) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.


Кредиттің аптаға бөліну кестесі:


Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1

(1 дәріс)



50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Байланыс сағаты 2

(2 дәріс)



50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Байланыс сағаты 3

(1 практика)



50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Өткізілу орны: №7 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша.



Оқу жоспарынан көшірме:


курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Семинарлар

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі


3

5

3

30

15

45

45

135

емтихан



Кіріспе
Курс мақсаты: Студенттерге дамуында ерекше психоденелік ақаулықтары бар негізгі категориядағы балалардың ерекшеліктері, қажеттіліктері, оларды оқыту мен тәрбиелеу және түзету жұмыстарының мазмұны жөнінде білім беру.

Міндеттері:

  • ғылымның бір саласы дефектология жөнінде оның тарихы, қазіргі жағдайы және дамуы бағыты туралы түсінік беру;

  • мүмкіндігі шектелген негізгі топ балаларына психологиялық сипаттама беру;

  • білім беру жүйесіндегі әртүрлі типтегі арнаулы мекемелердегі оқыту мазмұнын, принциптерін, формалары мен әдістерін ашу;

  • ерекше қажеттілікті қажет ететін тұлғаларды байланысты оқыту моделін ашу;

  • мүмкіндігі шектелген тұлғалар мен балаларды әлеуметтік еңбек ортасына бейімдеу жолдарын көрсету;

  • қажетті кәсіби және жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыру.

  • студенттерді ғылыми көзқрасқа тәрбиелеу;

  • мүмкіндігі шектелген балаларды оқытуда және олардың нәтижесіне жетуде студенттердің болашаққа сеніммен қарау көзқарасына тәрбиелеу;

  • психологиялық – педагогикалық тапсырмаларды шешуде теориялық білімдерін қолдана білу іскерліктерін қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет