Сабақтарында 5 е оқыту моделін қолдану жолдары П. У. Баймишова



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата01.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#194398
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
pdf
Педагогикадан 800 тест Назерке, оқушылар картасы 2022ж (1), Radiant-Grammar-Key-04, чек мой beeline 50346295


72
2. ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
БІЛІМ • BILIM
ISSN 1607-2790 (PRINT), ISSN 2960-0642 (ONLINE) 
WWW.BILIM-UBA.KZ 
№2 (105) 2023
ҒТАМР 14.25.09 
DOI: 10.59941/2960-0642-2023-2-72-81
Физика пәнінің практикалық (зертханалық) 
сабақтарында 5 Е оқыту моделін қолдану 
жолдары
П. У. Баймишова
Әлихан Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL 
мектеп-лицейі, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ 
Қазақстан, Астана қ.
Аңдатпа.
Физиканы оқытудағы практикалық (зертханалық) жұмыстың мақсаты – 
оқушыларға бақылау және зерттеу дағдылары мен әдістерін үйрету, проблема-
ларды шешу дағдылары мен физика пәніне қызығушылығын дамыту болып та-
былады. Практикалық (зертханалық) жұмысты оқушыларға жасату барысында 
мұғалімдер дәстүрлі оқыту әдістерінен ауысып, оқушыларды ақпаратты өз бетін-
ше іздеуге, зерттеуге бағыттайды. Осыған сүйене отырып, зерттеудің мақсаты фи-
зика пәнінің практикалық сабақтарында 5Е оқыту моделіне сәйкес әзірленген ма-
териалдардың оқушылардың меңгеруіне әсерін зерттеу болып табылады. 
Тірек сөздер: 
5 Е оқыту моделі, физикалық білім беру, зертханалық сабақ.
Қалай дәйексөз алуға болады / Как цитировать / How to cite:
 
Баймишова, П. У.
Физика пәнінің практикалық (зертханалық) сабақтарында 5 Е 
оқыту моделін қолдану жолдары [Мәтін] // «Білім» ғылыми-педагогикалық журна-
лы. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2023. – №2 (105). 
– Б. 72-81.
Кіріспе
Қазіргі білім берудегі оқытудың ең тиімді 
модельдерінің бірі – бұл конструктивизм. 
Конструктивистік тәсіл адамдар өз білім-
дерін басқалардан тікелей алудың ор-
нына өздері құруы керек деп болжайды. 
Білім саласына конструктивистік көзқа-
растың әсері өте маңызды. Атап айтар 
болсам, осы теорияны жаратылыс тану 
біліміне енгізу мақсатында әзірлеген 5Е 
оқыту моделі. 5Е оқыту моделі бес ке-
зеңнен тұрады: қатысу, зерттеу, түсіндіру, 
дамыту және бағалау. 5Е оқыту моделі 
конструктивисттік тәсілдің талаптарын 
толықтай қамтамасыз етеді: оқушыларға 
тұжырымдамаларды 
зерттеуге, 
осы 
ұғымдарды түсіндіруге және оларға осы 
жаңа тұжырымдамаларды қолдануға 
мүмкіндік береді. 5Е оқу моделі оқушы-
ларға жаңа ұғымдарды үйренуге немесе 
белгілі тұжырымдаманы егжей-тегжей-
лі түсінуге көмектеседі. Оқушылар жаңа 
ұғымдарды үйрену кезінде бұрынғы 
білімдерін қолдануы керек. Бұл зерттеу-
де 5Е оқыту моделіне сәйкес физикалық 
практикалық сабақтарды қалай құру ке-
рек екендігі көрсетіледі.
Оқушылардың оқу нәтижелеріне тиімді 
әсер ету үшін мұндай зерттеулерге негіз-
делген оқу стратегияларын дәйекті түрде 
жиі қолданған жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет