Сабақтарында 5 е оқыту моделін қолдану жолдары П. У. Баймишова



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата01.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#194398
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
pdf
Педагогикадан 800 тест Назерке, оқушылар картасы 2022ж (1), Radiant-Grammar-Key-04, чек мой beeline 50346295
Материалдар мен әдістер
Физиканы оқытудың негізгі принцип-
терінің бірі оқушыларға ғылыми прин-
циптерді түсінуге және ғылыми ойлау 
дағдыларын дамытуға көмектесу болып 


73
2. METHODOLOGY OF TEACHING DISCIPLINES
БІЛІМ • BILIM
ISSN 1607-2790 (PRINT), ISSN 2960-0642 (ONLINE) 
WWW.BILIM-UBA.KZ 
№2 (105) 2023
табылады. Сондықтан осы іргелі прин-
ципке қол жеткізудің кез-келген қолайлы 
құралын физика мұғалімі дұрыс таңдауы 
керек. Физика пәнін оқуда оқушыларға 
оқу нәтижелерін барынша арттыруға 
көмектесудің бір жолы-тиімті оқыту стра-
тегияларын пайдалану, яғни оқушылар-
дың оқу қажеттіліктерін және ұмтылыста-
рын қанағаттандыратындай және оқудың 
максималды нәтижелеріне қол жеткізу-
ге көмектесетіндей оқыту стратегиясын 
таңдауы керек. Демек, физика мұғалім-
дері өз сабақтары үшін стратегияларды 
таңдағанда, олар әдетте оқушыларының 
не, қалай, қайда және қашан оқығысы ке-
летініне назар аударуы тиіс [1].
Мұғалімдердің мақсаты оқушыларды 
оқуға ынталандыру және оқушыларды 
дағдыларды мақсатты дамытуға бағыттау 
үшін қажетті, сәйкес және пайдалы оқы-
ту стратегиясын таңдау болып табылады. 
Практиккалық сабақтарды дәстүрлі түр-
де өткенде оқушылардың бойында ХХІ 
ғасыр дың қажетті дағдылары дамиды деп 
күту қате, өйткені дәстүрлі сабақ жағдай-
ында жасалған сабақтар оқушыларға 
сыни тұрғыдан ойлауға, басқа оқушылар-
мен ынтымақтастыққа немесе проблема-
ларды шешуге, жаңа ақпаратты сыныптан 
тыс тәжірибемен байланыстыруға мүм-
кіндік бермейді. Сонымен қатар, оқушы-
лар жаңа ақпаратты алдыңғы идеялар-
мен салыстыра отырып, оқыту мен білімді 
игеру процесіне белсенді қатысуы керек.
Оларды мұғалім жаңа идеялар жасай 
алатындай етіп бағыттауы керек. Оқушы-
лардың сыни ойлауын қамтитын, ынта-
ландыратын және дамытатын осындай 
оқыту стратегияларының бірі – 5Е оқыту 
моделі, ол қатысуды, зерттеуді, түсіндіру-
ді, дамытуды және бағалауды қамтитын 
бес кезеңнен тұратын зерттеулерге не-
гізделген оқу циклдарын қарастырады. 
Физика мұғалімдерінің 5E оқу моделін 
оқытуға енгізуі оқушыларға мағыналы 
оқу тәжірибесі арқылы жаңа мазмұнды 
зерттеуге қатысуға, зерттеу арқылы білім-
дерін қалыптастыруға қосымша мүмкін-
діктер береді және дискуссия, талқылау 
және түсініктеме арқылы жоғары деңгей-
лі ойлауды дамытады [2].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет