-Еркін жазу: Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде студенттер (оқушылар) өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
-Топтастыру стратегиясы:
Бұл әдісті жаңа тақырыпты өтерде немесе өткен тақырыпты қайталау кезінде қолдануға болады. Студенттер бұл жұмысты топ болып орындайды. Жаңа материалды өткен кезде қолданған жағдайда сабақ соңына қарай бұл жұмыс толықтырылады.