Байланысты: 1-де гей 1 аза стан Республикасы Конституциясында ы білім беру
38) «Бағалау» және «баға» түсініктері. Бағалау жүйесі – мектеп оқушыларының қызметінің нәтижелерін ағымдағы және қорытынды бағалауды, педагогтар мен мектептің қызметін бағалауды, білім беру жүйесі қызметінің нәтижелерін бағалауды қамтитын күрделі және көпфункционалды жүйе. Осыған сәйкес бағалау жүйесі атқаруы керек: 1. Бағалау қызметінің мақсаттарын белгілеу: а) нәтижеге жетуге бағыттау; б) білім берудің барлық аталған нәтижелерін (пәндік, метапәндік және жеке тұлғалық) бағалауға кешенді көзқарасты қамтамасыз ету; в) жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу туралы алынған ақпараттың негізінде білім беру жүйесін реттеу мүмкіндігін, басқаша айтқанда, әр сыныпта, мектепте білім беру процестерін жақсарту және жетілдіру үшін педагогикалық шаралар қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ету
Бағалауға критериалды-бағдарланған тәсілдер негізінде білім алушылардың білім беру нәтижелерін бақылау жүйесі мен сапасын бағалау өзекті болып табылады.
Бағалау — бұл оқушылардың үлгерімі жөніндегі мәліметтерді жинақтау және сараптау [2]. Бұл ғылыми ұғым, ал оқушы көзқарасымен бағалау сабаққа оқушының ынтасын оятатын немесе қызығушылығын жоятын құрал. Дәстүрлі білім беруде пән мұғалімі жалғыз өзі сыныптағы оқушылардың жауабын бағалап келді. Оқушы жақсы оқыса жақсы бағасын алды, көбіне механикалық есте сақтау арқылы айтылған жауаптары бағаланды. Түсінуі, ол білімді қолдана алуы т.б дағдылары ескерілмей қалып жатқан кездер көп болған.
Баға- педагогикалық ынталандыру болып келеді. Мадақтау мен жазалау бір-бірімен тығыз байланысты қасиеттер. Жақсы баға мадақтау болса, ал, төмен баға - жазалау болып келеді. Негізінен бағаның маңызы ынталандырудың маңызы әркезде ынталандырудың күші болып саналмайды. Бағаның ылғи жоғары болуы ынталандырудың күшін жояды.Әдетте «баға – жазалау құралы» деген ұғым бар, себебі кейде мұғалім оқушыны оқуға мәжбүрлеу үшін осы әдісті қолдануы мүмкін екендігі белгілі. Мұндай баға сыныптың бағалау журналына түсіп, оқушының пәнге, мұғалімге деген кері көзқарасын қалыптастыруы мүмкін. Тіпті оқушыға көтеріңкі баға қою арқылы баланың пәнге ықыласын арттыруға болатыны да белгілі, әрине бұл әдіс бір балаға қатысты үнемі қолданылғанда кері нәтиже беретіні сөзсіз деп ойлаймын.