деңгей Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері


Оқытудың кіріктірілген (интегративтік) технологиясы



бет28/55
Дата25.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#154790
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   55
Байланысты:
1-де гей 1 аза стан Республикасы Конституциясында ы білім беру

50. Оқытудың кіріктірілген (интегративтік) технологиясы.
Уақыт жылжыған сайын, қоғам өзгеріп, дамиды. Даму қарқынымен бірге ақпараттар ағымы толассыз жүріп жатады. Осындай даму үрдісін өткеріп жатқан қоғамдағы білім беру жүйесіне де жаңару талабы қойылуы – заңды құбылыс. Жан-жақты ақпараттар ағымымен сусындап жатқан өскелең ұрпаққа оның санасындағы ұғымнан қызығырақ, маңыздырақ ақпарат беру қазіргі таңдағы ұрпақ тәрбиесіне жауапты тұлғалар үшін басты міндет болып отыр. Оқушы танымын кеңейтіп, нақты бір ғылым саласына баулып, дамытатын факторлардың бірі – сабақты тиімді технологиямен өткізу. Осы орайда интегративті оқыту технологиясының маңызы зор. «Интеграция» ұғымы «interer» біртұтас, бүтін деген мағынаны білдіреді. Оқытудағы пәнаралық, ғылым-аралық интеграция оқушылардың жас ерекшелігі мен қабылдайтын ұғымдарының көлеміне қарай артып отырады. Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту әдістемесінде көптеген шешімін таппаған мәселелер бар. Солардың бірі -интеграция мәселесі. Оған бағдарламаны құрастырудағы ұқсас және ортақ ұғымдарды кіріктіру, оқытудың әдістерін, түрлерін, формаларын тиімді ұйымдастыру жатады. Интегративті оқыту технологиясы деп – тұтас білім беруде бұрыннан белгілі біртекті және әралуан компоненттердің басын біріктіруге негізделген оқыту үрдісі. Интергативті әдістердің басты функциялары:
- Әдіснамалық
- Кіріктірушілік
- Қалыптастырушылық
Мен химия пәнінің мұғалімі ретінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әрбір сабағымды басқа ғылымдар жүйесімен, өмірмен, күнделікті тұрмыста көріп жүрген құбылыстармен байланыстыра өтуді жолға қойып жүрмін. Себебі, сабақта тек ғылыми ақпарат, ереже, анықтама, формула және есептермен ғана жұмыс жасаған оқушының білімі тек бір сарынды жаттанды ұғымдар жиыны ретінде құралып, әрі қарай біліктер мен дағдыға айналмай, уақыт өте ұмытылып қалады. Оқушының таным белсенділігінің даму аясы ұлғаймайды. Нәтижесінде белгілі мақсаты бар, өз пікірін еркін айта алатын, ақпараттарды меңгере алатын, бәсекеге қабілетті жеке адамның қалыптасуы кешеуілдейді. Химия ғылымы өмірмен өте тығыз байланысты болғандықтан, әрбір сабақты оқушыға ой салатындай мысалдармен толықтырып отыру қажет. Мысалы, «Химиялық элементтер» тақырыбын өткенде үйдегі металл ыдыстар, зергерлік бұйымдарды көрсетіп, қазіргі таңдағы еліміздің металлургия саласының даму қарқынына тоқтала келе, уран өндірісі, оның экологиялық аспектісі мен мәселелерін айта кету – оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын оятып, осы салада ғылыми көзқарасының алғашқы сатылары қалыптасады. «Тотығу-тотықсыдану реакциялары» тақырыбын өткенде табиғаттағы қызықты тотығу-тотықсыздану реакцияларының бейнероликтерін көрсету 8-сынып оқушыларының химия ғылымына деген шынайы көзқарастарын қалыптастырады. «Майлар» тақырыбын өткенде майлардың адам ағзасындағы маңызы, майды артық тұтынудың ағзаға тигізетін кері әсерін оқушының өзі білетін ұғымдарымен ұштастыра отырып айтып өту, баланың салауатты өмір салтын ұстану, дәрігерлік мамандықтың қай саласынан мамандық таңдау жайлы ойлануына түрткі болады. 10-сыныпта «Күкірт қышқылы» тақырыбын өткенде негізгі теориялық мәліметтерді талдай келе қазіргі таңдағы республикамызда күкірт қышқылы өндірісінің жолға қойылып отырғандығын және бұл елімізде мұнай өндірісін кешенді өндіріске айналдыру мен уран өндірісінің дамуына ықпал ететініне баса мән беріп айтамын. Себебі, республикамыздың Батыс өңірінде мұнай өндірісінен жиналып қалған күкірттен Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан ашылған зауыттардан күкірт қышқылын алады. Ал күкірт қышқылы уран өндірісі үшін қажетті басты химиялық қосылыс. Географиялық ұғымдармен байланыстырып, еліміз уран қоры бойынша дүниежүзінде 4-ші орында тұратынын, физикалық ұғымдармен байланыстырып, уранның радиоктивті және орасан энергия көзі екенін айтсақ, оқушыда өз еліміздің өндірісіне үлес қосу жайлы сезім пайда болады. Сонымен бірге оқушыларға қазіргі таңдағы орын алып отырған өндірістегі, ауыл шарушылығындағы, қоғамның басқа да салаларындағы маман тапшылығы, қоғам сұранысына сай мамандық таңдауға бағыт беру де осы интегративті оқыту технологиясы арқылы жүзеге асыруға болатын мәселе. Мысалы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Кейден елді мекеніндегі күкірт қышқылы зауытына саяхат сабақ жасап барғанымызда ондағы инженер-химик, Жезқазған облысынан келген зейнеткер азамат – Төлегенов Сәрсенбек Қазымұлы былай деді: «Мемлекетіміз индустриалды-инновациялық даму бағытындағы жас мемлекет болғандықтан, өндіріс орындарын ашып, шикізат экспортынан арылып, дайын өнім шығару – жеке адамды да, елімізді де экономикалық жағынан қарқынды дамытады. Бұл мақсатқа жетудегі басты кедергі – маман тапшылығы болып отыр» 11-сыныпта «Талшықтар» тақырыбын өткенде біз талшықтардан киім өндіретінімзі айтамыз. Ал біз киім шығара аламыз ба? Бізде жеңіл өнеркәсіп қандай деңгейде дамыған? Осы сұрақтарға жауап іздей келе оқушылар мынадай қорытынды жасайды. Біздің елімізде мал шаруашылығы көбіне ет өнімдерін алу үшін жұмыс жасайды. Ал мал терісі өте арзан бағада көршілес мемлекеттерге сатылады. Мысалы, Түркия мемлекеті ол терілерден бас киім, тондар, күртелер, аяқ киімдер тігіп, өзімізге бірнеше есе қымбат бағада сатады. Себебі, оларда жеңіл өнер-кәсіп жақсы дамыған. Қандай сабақта болсын осындай мазмұнда интеграциялық әдістерді пайдалану – оқушының танымын кеңейтіп, ғылымға қызығуына, өмірдегі өз жолын таңдауына ықпал етеді. Сөзімнің дәлелі ретінде айта кетсем, оқушыларым әртүрлі тақырыптарда: мысалы «Өсімдік майлары құрамындағы карбон қышқылдарын анықтау», «Шугаринг-қантты паста», «Химиялық өндірістің сексеуіл өсімдігінің көбеюіне әсері» т.б тақырыптарда өз зерттеулерін жасап, көптеген қалалық, республикалық ғылыми бәйгелерге қатысып, жаратылыстану саласындағы ғылымдарға өз үлестерін қосу жолындағы алғашқы қадамдарын жасауда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет