10. Қазақстандағы нанохимияның дамуы. Нанохимия — нанобөлшектердің құрылымы мен өзгеру ерекшеліктерін зерттейтін химия саласы. Нанохимияның ерекшелігі мөлшер эффектінің болуы, яғни бөлшектердің атом немесе молекула өзегеруінен физика-химиялық қасиеттердің және реакцияға ұшырау белсенділігінің сапалық өзгерісі. Әдетте бұл эффект 10нм көлемнен кем бөлшектерде байқалады, бірақ бұл шартты өлшем болып келеді.
Қолданысы
Медицина
Нанохимияның жоғары дәрежеде зерттелген қолданысы медицина болып табылады. Күннен қорғайтын крем нанохимия арқылы жасалынады. Бұл крем құрамында титан диоксиді мен мырыш оксидінің нанобөлшектері бар. Нанобөлшектер теріге зиянды ультракүлгін сәулелерді өзіне сіңіріп, терінің зақымдануын болдырмайды. Нанохимия жарақат пен түрлі зақымдардың тез жазылуына ықпал ете алады. Электроспинниг - биологиялық тұрғыда ұлпа инженериясында қолданылатын полимеризациялық әдіс, бірақ жара жазылуында дәрі жеткізуін қамтамасыз ете алады. Зерттеулер бойынша, күміс нанобөлшектерінде вирус пен бактериялардың ингибирленуіне жағымды ықпал ететін қасиеттер бар екені анықталды. [2] 2007-2008 жылдары отандық жоғары оқу орындарында инженерлік бағыттағы 15ғылыми зертхана құрылып, жұмыс істей бастады. Бұл салаға республикалық бюджеттен азды-көпті қаражат та бөлінген. Алдағы 10-15 жылда нанотехнологиялық материалдарды қолдану тәсілімен шығарылатын бұйымдардың көлемі триллиондоллар болады деп күтілуде. Бүкіл әлем аса бір құштарлықпен айналысып отырған нанотехнологияны дамытуды қолға алмағанды айтпағанда, оның не екенін, пайдасы қандай болатындығын біз әлі күнге дейін жетік білмейміз. Ресей мемлекеті нанотехнологияны дамытуға бір миллиард АҚШ долларын бөліп, зертханалар ашуда. Біз олардан қалыспауымыз қажет.
Сол жылдан бастап еліміздің 10 алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында қазіргі талапқа сай жабдықтармен жабдықталған инженерлік зертханалар ашылған болатын. Солардың қатарында Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университеті мен М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіндегі «Наноинженерлік зерттеу әдістері» зертханасы.
Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетінде аты дүние жүзіне мәшһүр профессор Г.А. Мун, Тараз мемлекеттік университетінде профессор И.И. Бекбасаров басшылық жасайды. 2012 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде "Нанотехнологиялар"ғылыми зертханасы ашылды. Тараз мемлекеттік университетінде бүгінгі күні электронды микроскоптар мен рентгендік микроталдаулар жасалып, құрылыстық, композициялық материалдарды, азық-түлік өнімдерін физикалық-химиялық зерттеу әдістері жалғасын табуда.
Оқу орнына мемлекет тарапынан бөлінген қаражатқа жапондық JSM7500F микроскопы алынды. Бір айта кетерлігі, мұндай микроскоп Қазақстанда екеу ғана, оның екіншісі Республикалық ядролық физика ғылыми зерттеу институтында. Бір жағынан мақтаныш болғанымен, бұл ретте аталған микроскоп бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы деп те айтуға болмайды. Өйткені, жапондарда бұл жабдық ескірген болып есептеледі. Қазіргі уақытта дүние жүзінде 1600 ғылыми-техникалық компаниялар мен фирмалар, зертханалар мен орталықтар нанотехнологиялық зерттеулермен айналысуда. Оның 28 пайызы АҚШ-та, 24 пайызы Жапонияда, 10 пайызыҰлыбританияда, 9 пайызыАлманияда, және 5 пайызы Австрияда екен. Франция, Италия, Қытай елдері 3 пайыздан, басқа мемлекеттер, соның ішінде Ресей барлығы 14 пайызды құрайды. Ал, Қазақстан сол он төрт пайыздың ішінде де жоқ. Осыдан-ақ елімізде бұл саланың дамуының мән-жағдайын білуге болады