9. Қойыртпақтың (пульпаның) және ерітінділердің электрлік жарылыстық белсенуі. Пульпаның және ерітінділердің электрлік жарылыстық белсенуін қолдану минералдық шикізатты өңдеудің және ағынды суларды тазалаудың үрдістерін жеделдетудің болашағы бар бағыты болып табылады. Бұл жағдайда бағалы компоненттерді бөліп алу дәрежесі жоғарылайды және өндірістің сыртқы қоршаған ортаға әсері төмендейді.
Көптеген эксперименталдық материалдардың негізінде жарылыс типтес импульстік өрістердің минералдық өнімдердің және сулы ерітінділердің физикалық-химиялық қасеиеттерінің өзгеруіне тигізетін әсері зерттелді. Сулы гетерогендік ерітінділердің электрлік жырылыспен өңдеу үрдісінің электрлік және гидродинамикалық сипаттамалары берілген. Сульфидтік және тотыққан минералдардың құрылымының және физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруіне электрлік жарылыстық белсенуінің әсері анықталған.
Жүргізілген зерттеулердің талдауы нәтижесінде келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік туды:
-жоғары вольттық токпен қысқа мерзімді импульстік әсер ету кендердің беріктігін төмендеуіне әсерін тигізеді және пульпаны дайындау үшін уақытты ескі және қолданыстағы дәстүрлі тәсілдерге қарағанда 10-15 минутқа төмендетіп, сапалы жартылай өнімді алуға мүмкіндік береді;
-электрлік жарылыспен пульпаны әзірлеудің технологиялық ерекшеліктерін үрдістің негізгі гидродинамикалық сипаттамаларымен байланыстырып қарастыру керек;
-пульпаны әзірлеудің электрлік жарылыс үрдісі үшін жарақтаудан кейінгі құбылыстар және қысымдаудың екіншілік толқындары өте маңызды;
-электрлік жарылыстық белсендіру өндірістік өнімдерді қоюлату үрдістерін 2,5-3 есе жеделдетеді және өнеркәсіптердегі ақаба сулардағы коллоидтық бөлшектердің тұну уақытын төмендетеді;
-электрлік жарылыстың әсерінен көптеген химиялық өнеркәсіптердегі ақаба сулардың құрамындағы токсикалық органикалық реагенттердің құрылымдық ыдырауы байқалады;
-электрлік жарылыспен өңдеуді диспергирленген ауамен аэрациялау немесе озондық-оттектік қоспамен өңдеу цианидтер, фенолдар, фурфуролдар секілді токсикалық қосылыстардан тиімді тазалауға мүмкіндік береді;
Электрлік жарылыспен белсендіруді минералдық шикізаттарды өңдеудің әр түрлі химиялық технологияларында қолданудың келешектегі мүмкіндіктері қарастырылған. Кентау кен байыту фабрикасындағы және Норильск таукен комбинатындағы минералдық пульпаларды белсендіру үшін электрлк жарылыс қондырғылары өнеркәсіп деңгейінде сынақтан өткізілді. Ерітінділерді мөлдірлеу үшін қондырғылар «Красноярский алюминиевый завод» біріккен акционерлік қоғамында (ары қарай БАҚ) және «Ачинский глиноземный завод» БАҚ-да сынақтан өткен. Ақаба суларды тазалау үшін осындай қондырғылар «Ачинский нефтеперерабатывающий завод» БАҚ-да, «Красноярский биохимзавод» БАҚ-да, «Енисей» Красноярск химия комбинатында сынақтан өткізілді.