Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары



бет123/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын

31.Қаратау фосфариттері өндірісі.
Қаратау фосфорит алабы – Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы фосфорит кендері шоғырланған өңір.
Тараз қаласының солтүстік-батысында 100 км-ден басталатын Қаратау фосфорит алабының ұзындығы 100-120 км, ені 25-30 км. 1936 жылы геолог И.И. Машкара Кіші Қаратау (Батыс Тянь-Шань) жотасында ұсақ түйірлі кремнийлі-карбонатты төмен кембрийлік фосфорит қабаттарын ашты. Ал 1937–1946 жылы П.Л. Безруков, Б.М. Гиммельфарб, А.С. Соколов, т.б. осы өңірден, әр түрлі 40-тан аса үлкенді-кішілі кен орындар мен кенбілінімдерін анықтады. Бұл жылдары алаптағы фосфориттердің қоры 2 млрд. т деп бағаланған. 1946 жылы алаптың алғашқы кен орнын игеру басталып, Шолақтау кенті (қазіргі Қаратау) салынған. Мұнда Шолақтау фосфорит кен орны негізінде Қаратау кен-химия комбинаты іске қосылды. Осы комбинатқа қарайтын Жаңатас, Ақсай, Шолақтау, Көксу, Түйесай кендері пайдаланылуда.
Cu3(PO4)2
Қаратау фосфориттері кембрий кезеңінде теңіз түбінде тұнған Шолақтау свитасы құрамына кіреді. Бұл свитаның фосфорлы шөгінділері төменнен жоғары қарай стратиграфиялық кезекпен қабаттасады:
доломиттер - ұсақ түйірлі доломиттен құралған доломиттер қабатының қалыңдығы 6 – 8 м.;
кремнийлі қабаттың қалыңдығы 15 – 25 м, құрамында 70 – 90% кремний минералдары бар;
кентасты қабаттар - кентасты қабат бірнеше фосфорит, фосфорлы-кремнийлі және фосфорлы-әктасты-кремнийлі қабаттардан тұрады, оның жалпы қалыңдығы 60 м, ал фосфориттердің жиынтық қалыңдығы 30 – 35 м.
Қаратау фосфорит алабы фосфориттері фосфорит түйірлері мен оолиттерден құралған. Түйірлердің ірілігі 0,07 – 0,3 мм. Ірілігі 0,05 – 0,4 мм оолиттер түйісе қабықтанған. Фосфат, негізінен, фторапатиттен тұрады.
Қоры мен сапасы жағынан Қаратау фосфориттері дүние жүзінде алдыңғы қатардан орын алады. Мұндағы фосфор ангидридінің (Р2О5) мөлшері 3 27-37%-ды құрайды. 1960-1980 жылдары Қаратау алабына мемлекеттік үлкен маңыз беріліп, оны арнайы барлау үшін Жаңатас геологиялық-барлау экспедициясы ұйымдастырылған. Фосфоритті горизонт ашылған жолақтың ішінде 49 жеке кен орны анықталған.
Барлық кен орындар аймақтық жіктелім бойынша 5 топқа бөлінеді: бірінші топтың кен орындарына ірі Шолақтау фосфорит кені орнынан басқа бірқатар шағын: Тамды, Арбатас, Сүлейменсай, Насынқұл, Шолақтау-ІІ, Қотырбұлақ, Жетімшоқы-І және ІІ кен орындары кіреді. Тамды, Арбатас, Қотырбұлақ, Жетімшоқы І және ІІ кен орындарының өндірістік мәні төмен; екінші топтың кен орындарын ірі Ақсай фосфорит кен орны, Түйесай фосфорит кен орны және қоры шағын: Көктал, Тесіктас, Шилібұлақ, Қыршабақты кен орындары құрайды; үшінші топ өндірістік мәні төмен бірқатар ұсақ (Жетімтал, Бүркітті, Ақтас, Қарашат, т.б.) кен орындарын қамтиды. Олар Ақсай және Көксу кен орындарының аралығында орналасқан; төртінші топ бірнеше өндірістік және ұсақ кен орындарын біріктіреді. Олар Ақжар, Үшбас, Жартас, Арқалысай, Көксу, т.б. бесінші топқа өндірістік Көкжон фосфорит кен орны,
Жаңатас, Гиммельфарб кендері және бірқатар ұсақ кен орындары кіреді.
Қаратау фосфориттері Қазақстанның және шет елдердің көптеген химиялық өнеркәсіп орындарында пайдаланылады. Олардан минералды тыңайтқыштар, элементтік фосфор, т.б. халық шаруашылығынана қажет заттар өндіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет