Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары


Ауылшаруашылық химикаттарының қолданылуы



бет125/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын

33. Ауылшаруашылық химикаттарының қолданылуы.
Ауыл шаруашылығында химияны қолдау 1960-1990-жылдары өзінің биігіне шықты. Егер де 1960-жылдары адам басына шаққанда 5 кг химиялық өнім келсе, ал 1990-жылдары ол 35 кг-ға жеткен. Бұл химиялық заттарды қолданудың еселеп өскенін көрсетеді. Яғни, ауру қарқыны 1960-жылдары 0,74%-тен 1990-жылы 30%-ке дейін өскен. 1990-1999-жылдары ауыл шаруашылығында химияны қолдану біздің республикамызда бәсеңдей бастады. Оның көптеген факторлары бар. Бұл жағдай біршама экологиялық таза өнім алуға жол берген, екінші жағынан барлық дақылдардың түрінен алынатын өнім азая бастады. Мәселен, Қазақстанда 1990-жылы 67,2122 мың т минералды тыңайтқыштар, оның ішінде 42,3% азот, 55,4% фосфор және 2,3% кальцийдің үлесіне тиген. Органикалық тыңайтқыштар 22445,3 мың т жеткен. Ал, 1999-жылдары бұл көрсеткіштер 4-5 есеге кеміген.
Пестицидтерді қолдану 1990-жылдары еліміздің жерінің 20,9 млн гектарын қамтып, 1999-жылдары оның көлемі 8,0 млн гектарға кеміген. Бұл факторлар ауыл шаруашылығына залықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына түрліше әсер етті.
Ауыл шаруашылығында химиялық препараттарды қолданудың бүгінгі күні шетелдік және отандық мол тәжірибелері жинақталды. Ұзақ жылдар бойы (70 жыл шамасы) пестицидтерді қолдану адам баласына мол өнім сыйлаумен қатар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқан моральдық, материалдық денсаулыққа көп зиян келтірді. Бізді қоршаған табиғат ортасы түрлі химиялық қосылыстардың қоймасына айналды. Химиялық заттар адамның өмір сүріп отырған ортасын ластай отырып, оның барлық тіршілік аясына тарады. Табиғаттағы зат айналымының заңына байланысты улы химикаттар ауа, су, азық-түлік арқылы жер бетіне кең тарады. Мәселен, адам аяғы баспаған антарктидада мұздықтары құрамында ДДТ-ның бар екенін ғалымдар тапты. Бұл фактор химиялық зиянды заттардың бүкіл жер шарына таралғандығын дәлелдейді. Ең қауіптісі, улы химикаттар «ауа-су-топырақ-өсімдік-жануар-адам» жүйесі бойынша айналымға еркін түсіп, тіршілік атаулыға зардап шектіріп отыр. Бірақ ауылдың баласы ауыл шаруашылығында химияны қолдануға тәуелді болып келеді. Оны жасаған да, қолданған да, зардап шегетін де адам баласы. Мәселен, ДДТ препаратын жасаған Г.Мюллер Нобель сыйлығына ие болды. Өйткені ДДТ сол кездің әлеуметтік-экономикалық және медициналық проблемасын шешіп берген еді. ДДТ-ны қолдану арқылы адам баласы өмір бойы зардап шеккен індеттер: сүзек, безгек, тиф, малярия ауруларынан құтылған болатын. Кейінгі жылдары ДДТ-ның тигізетін зардабы пайдасынан асып кететіні дәлелденіп, оны өндірістен алып тастауға тура келді (1970). Мәселен, ДДТ-ның табиғаттағы айналым ұзақтығы 50 жыл. Ал, одан соң оның ыдырап одан да қауіпті химиялық қосылыстарға айналатыны анықталған. Бұл заттар өз кезегінде өте қауіпті зардап әкеледі.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша пестицидтерді қолдану қауіпті ісік, тұқым қуалау, мутациялау ауруларын еселеп көбейтудің бірден-бір себебі екенін дәлелдеп берді. Қазіргі кезде Пестицидтердің зияны кеңейіп, оның кері әсері де көріне түсті. Мысалы: аллергия, жүрек қан тамыры, өкпе тыныс жолдары, ашық жаралар, т.б. осы пестицидтерге тікелей баланады. Қазақстанда пестицидтерді өте қолданған аймақтарда (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, т.б.). Бұл факторлардың мысалы көптеп саналады. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, пестицидтерден улану арқылы 500 мың адам өліп, 5000-ы әр түрлі зардап шеккені тіркелген.
Пестидцидтерден сақтанудың бірден-бір жолы оны экологиялық сауатты пайдалану. Көкөністерге т.б. дақылдарға қолдануды шектеу немесе тез ыдырайтын зияндылығы төмен препараттарды өміршең ету. Ең бастысы пестицитерді пайдаланудың жаңа технологиясын практикаға ендіру және оган мемлекеттік, қоғамдық мониторингтік жүйесін енгізе отырып қатаң бақылауға алу.
Азық-түліктердің пестицидтермен ластануы
Азық-түлік көбінесе хлор, фосфор-сынапорганикалық және карбамин, тио-карбамин және дитиокарбамин қышқылдары, бролиз сияқты заттармен ластанады. Бұл заттар кебінесе өсімдік және жануар тектес азық-түлік құрамында көптеп кездеседі. Пестицидтердің азық-түлікте жинақталуы негізінен оларды пайдалану мөлшерін бұзу және мерзімі мен тәртібін сақтамау болып табылады.
Пестицидтердің табиғи биоценоздарга әсері
Пестицидтер барлық экожүйелерде қолданылатындықтан оның әсері фауна мен флора өкілдеріне өте қауіпті жағдай туғызады. Зиянкес жәндіктерді жоюмен қатар сол мөлшерде пайдалы организмдер де жойылады немесе зардап шегеді. Нәтижесінде, табиғи экожүйедегі қалыптасқан биоценоз құрылымы өз кезегінде ондағы организмдердің көптүрлігі бұзылады. Пайдалы организмдер әрқашан да зиянкестерге қарағанда популяциясы аз әрі уға төзімсіз келеді. Ал, зиянкестер керісінше көбею мүмкіндігі жоғары, бейімделу қабілеті күшті организмдерге жатады. Сондықтан организмдердің экологиясын білуді міндеттеу тиіс.
Пестицидтердің әрекетінен биоценозда көбінесе ауыл шаруашылығына пайдалы организмдер - аралар, өрмекшілер, дәуіттер, энтомофигтер, өсімдік тозандандыратын насекомдар жойылып жалпы биоөсімдік төмендеп жүйе бұзылады. Ал, бұзылған биоценизді қалпына келтіру өте ұзаққа созылатын күрделі табиғи процесс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет