Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары


)А.Б.Бектұров атындағы химия ғылыми институты



бет127/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын

35)А.Б.Бектұров атындағы химия ғылыми институты
Бектұров Әбікен Бектұрұлы (25.12.1901, Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 22.12.1985, Алматы) – техника ғылымдарының докторы (1945), профессор (1946), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1946). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1945).Негізгі ғылыми еңбектері минералдық тыңайтқыштар өндіру мен минерал тұздарды өңдеудің химиясына және технологиясына арналған. Бектұров фосфатты шикізаттарды өңдеудің қышқылдық, термиялық, сондай-ақ, фторсызданған мал азықтық фосфат өндірудің циклондық әдістерін тауып, өндіріске енгізді, Қаратау фосфоритінен минералдық тыңайтқыштар өндіру әдістерін жүйеледі. Ленин, “Октябрь революциясы”, “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдермен марапатталған.1991 жылдан Қазақстан Химия ғылымдары институты Бектұровтың есімімен аталады.Ә.Б.Бектұров атындағы – ғылыми-зерттеу мекемесі. 1945 жылы химия-металлургия инcтитутының химия лабораториялары негізінде ұйымдастырылған. Құрамында 14 лаборатория бар. Институттың алғашқы директоры (1945–1946) академик М.И.Горяев, 1946–1968 жылы профессор, академик Ә.Б.Бектұров, 1968–1988 жылы академик Б.А.Жұбанов болды. 1988 жылдан академик Е.Е.Ерғожин басшылық етеді.
Институт жұмысының негізгі бағыттары:
катализдік поликонденсаттау;
полимерлеу;
физиологогиялық активті қосылыстар синтезі;
конформациялық талдау;
стереохимия және кешенді қосылыстар түзілу бағыты;
көмірсутектердің тотығу және тотықтыру аммонолизі;
фосфорит кендерін және қоңыр көмірді кешенді өңдеп, экспортқа бағытталған химиялық өнімдер алу, тағы басқа.Институтта алынған препараттар (просидол, казкаин, глидеринин, натрий гуматы, тағы басқа) мен ашылған ғылыми жаңалықтар ТМД елдері мен Қазақстанның көптеген өндіріс орындары мен шаруашылықтарында қолданылуда.


 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет