53) Дәрілік құралдар ретінде қолданылатын биологиялық белсенді қосылыстарға сипаттама беріңіз
Дәрілік препараттар ретінде қолданылатын табиғи қосылыстардың бір бөлігі ғана моноциклді қосылыстар болып табылады. Ал, алкалоидтардың, витаминдердің, антибиотиктердің басым көпшілігі полициклді және полифункционалды қосылыстарға жатады. Медицинада қолданылатын органикалық тектес дәрілік препараттардың ішіндегі синтетикалық жолмен немесе өсімдік (жануар) шикізатынан алынған дәрілер көп жағдайда химиялық құрылымы белгілі жеке органикалық қосылыстар болып табылады. Сондықтан алынған шикізатына қарамастан оларды химиялық классификацияға сай қарастырады. Дегенмен де табиғи биологиялық белсенді заттардың (алкалоидтар, витаминдер, антибиотиктер және т.б.) алу тәсілдері, шикізаты және сынауында өзгешеліктер болуы мүмкін. Гетероциклді құрылымы бар дәрілік заттардың шынайылығын сынау және мөлшерін анықтау тәсілдері туралы деректер бойынша келесі қорытынды жасауға болады. Гетероциклді қосылыстардың туындылары болып табылатын дәрілік препараттар медицинада қышқылдар (никотин, изоникотин, барбитур, 4-хинолинкарбон), органикалық негіздер (этиленимин, нитрофуран, пиразолон, имидазол, урацил, бензотиадиазин, бензодифосфор, сүт, салицил қышқылдарының), сонымен қатар йодиметилаттар, п-толуолсульфонаттар және кейбір басқа туындылар түрінде қолданылады.
54) Алкалоидтар, олардың физикалық және химиялық қасиеттері қандай
Алкалоидтар тұздары – суда еритін, органикалық еріткіштерде ерімейтін немесе нашар еритін ақ кристалдық заттар. Алкалоидтардың кейбір тұздары (мысалы, папаверин гидрохлориды) хлороформда ериді, көпшілігі этанолда ериді. Алкалоид молекуласындағы азот атомы оған негіздік қасиеттер береді. Алкалоидтар – әлсіз негіздер. Ең күшті негіздік қасиеттер кодеинге (К=9(10-7), ал ең әлсіздері – кофеинге (К=4,1(10-14) тән.Алкалоидтар өсімдіктерде салыстырмалы аз мөлшерде болады. Алкалоидтарды сапалық талдау физикалық (балқу температурасын, меншікті айналуын, ерігіштігін анықтау), химиялық (тұндыру реакциялары, түсті реакциялар) және физика-химиялық әдістер көмегімен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |