10)Фармацевтикалық технология ғылым ретінде қандай ғылым жүйесін құрайды
Фармацевтикалық технология – фармацевтикалық ғылымның негізгі бөлігі болып табылады, ал ол дәрілік заттардың және препараттардың өндірісі, қасиеттері, сонымен қатар фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру және маркетинг туралы ғылым жүйесін құрайды.
11)Фармацевтикалық технологияның негізгі міндеттерін атаңыз
Фармацевтикалық технологияның негізгі міндеттері:
• жаңа дәрілік субстанциялар мен препараттар өндірісінің әдістерін, және де технологиялық негіздерін әзірлеу;
• қазіргі дәрілік препараттарды әбден жетілдіру;
• дәрі өндірісіндегі жаңа қосалқы заттарды іздеу, зерттеу және қолдану;
• дәрілік заттардың, препараттардың, жартылай дайындалған өнімдердің және басқа өнімдердің тұрақтылығын зерттеу және жарамдылық мерзімін белгілеу;
• технологиялық процестің тиімділігін зерттеу.
12)Фармация туралы түсінік айтыңыз
Фармация — денсаулық сақтау ісінің халыққа дәрімен көмек көрсетуді іске асыратын бір саласы. Фармацияның теориялық негізіне дәрілік заттарды анықтау, іздеу, оларды зерттеу, дайындау, қалыптау және шығару, сұрыптау, стандарттау, сақтау, тарату және фармациялық қызметті ұйымдастыру жатады. Фармация ұғымы ертеден белгілі. Алғашқы кезде емдейтін адам өсімдік, жануар және минералдық заттардан алынатын дәрілерді өзі дайындап, науқасқа өзі тағайындады. Сондықтан да мұндай емдеулер көп жағдайда әр түрлі әдет-ғұрып және ырым-жоралармен жасалды. Біртіндеп дәрілік шикізаттарды жинайтын, олардан әр түрлі дәрілер жасап, дұрыс сақтап, сататын адамдар шыға бастады.
13)Дәрілік заттарға анықтама беріңіз
Дәрілік заттар дегеніміз бірқатар факторларға тәуелді болады, яғни белгілі талаптар қойылатын бастапқы дәрілік және қосымша заттарға, өндіру жағдайына және технологиясына, жабдықтардың сапасына және басқаларына. Дәрілер сәйкес нормативті-техникалық құжаттарда бекітілген нормаларға сәйкес болуы тиіс. Дәрілік формалардағы дәрілік заттардың физика-химиялық қасиеттері, дәрілік формалардың және дәрілік заттардың терапиялық әсері арасындағы алуан әрі күрделі қарым-қатынастарды зерттейтін фармацевтикалық ғылымдардың заманауи саласын биофармация деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |