Деңгей «Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады


)Биофармация туралы түсінік айтыңыз



бет5/43
Дата03.11.2023
өлшемі247,17 Kb.
#189225
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Äå?ãåé «Ìàìàíäû??à ê³ð³ñïå» ï?í³ – ï?í ðåò³íäå ?àíäàé á³ë³ìä³ ?à

14)Биофармация туралы түсінік айтыңыз
Биофармация фармацевтикалық ғылымның өзіндік бағыты ретінде 60-шы жылдардың басында бағытталды. Биофармация – дәрілік заттарды дайындау технологиясына, дәрілік формалардың түрлеріне, физика-химиялық қасиеттеріне байланысты дәрілік препараттардың биологиялық әсерін зерттейтін ғылым. Биофармация дәрілік заттардың терапиялық тиімділігіне әсер ететін процестерді және факторларды зерттейді. Алғаш рет биофармацияның негізгі қағидалары ғалым Вагнердің жұмыстарында көрсетілген.
15) Биофармация дәрілік формалар технологиясының негізі ретінде екенін түсіндіріңіз
Биофармацияның негізгі міндеті – дәрілік заттардың тиімділігін максималды жоғарылату және олардың ағзаға мүмкін жағымсыз әсерін мейлінше төмендету болып табылады. Пайда болу кезінен бастап биофармацияның негізгі мазмұны дәрілердің терапиялық тиімділігінің төменде келтірілген.
16)Фармацевтикалық факторларды атаңыз
Фармацевтикалық факторлар топтарына тәуелділігін зерттеу болатын:
1. Дәрілік заттардың жай химиялық модификациясы;
2. Дәрілік заттардың физикалық күйі;
3. Қосымша заттардың табиғаты және мөлшері;
4. Дәрілік формалардың түрі (препараттың ағзаға ендіру жолдары);
5. Дәрілерді алу кезінде орын алатын технологиялық процестер.
17)Дәрілік заттар технологиясының негізгі түсініктерін мысалға келтіре отырып, оларға анықтама беріңіз
Дәрілік заттар технологиясының негізгі түсініктері:
Фармация – дәрілік заттарды іздестіруге, жасауға, зерттеуге, стандарттауға, сақтауға және жіберуге бағытталған ғылыми білімдер және тәжірибелік қызмет жүйесі.
Биофармация – дәрілік заттарды дайындау технологиясына, дәрілік формалардың түрлеріне, физика-химиялық қасиеттеріне байланысты дәрілік препараттардың биологиялық әсерін зерттейтін ғылым.
Дәрілік заттар өндірісі – дәрілік заттардың сапасын бақылаудың өкілетті органымен бекітілген, дәрілік заттар өндірісін және сапасын бақылауын ұйымдастыру ережелеріне сәйкес, дәрілік заттарды өндіру лицензиясы бар кәсіпорын – дәрі жасап шығарушылармен дәрілік заттарды сериялы алу.
Дәрілік заттар – профилактика (аурудың алдын алу), диагностика (ауруды анықтау үшін), ауруды емдеу, жүктілікті болдырмау үшін қолданылатын биологиялық технологияны немесе синтез әдістерін қолдану арқылы қаннан, қан плазмасынан, сонымен қатар жануар мен өсімдіктердің шикізаттарынан, микроорганизмдерден, минералдардан алынатын заттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет