Деңгей «Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады


)Дәрілік формаларды алуда қолданылатын қосымша заттарды атаңыз



бет12/43
Дата30.06.2022
өлшемі247,17 Kb.
#147206
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43
Байланысты:
Документ (3)

35)Дәрілік формаларды алуда қолданылатын қосымша заттарды атаңыз
Қосымша заттарды қолдану саласы тек қана дәрілік формаларды алу болып табылады. Сондықтан оларды келесі топтарға жіктеуге болады:
• еріткіштер;
• мазьдар (жақпа майлар) үшін негіздер;
• суппозиторийлер үшін негіздер;
• ұнтақтарда, таблеткаларда және пилюлиларда пайдаланатын қосымша заттар;
• қаптамалар үшін заттар;
• беттік-белсенді заттар;
• тұтқырлықты жоғарылататын заттар;
• консерванттар;
• корригирлеуші заттар (корригенттер);
• бояғыш заттар;
• газдар және т.б.
36) Қосымша заттар дегеніміз қандай заттар және қандай мақсатта қолданылады
Қосымша заттар – дәрілік препаратты дайындау үшін қолданылатын көмекші заттар. Қосымша заттар табиғаты бойынша табиғи, синтетикалық және жартылай синтетикалық болып үш түрге бөлінеді. Қосымша заттар дәрілік түрлерден дәрілік құралдардың резорбциялануына әсер етеді, оны күшейтеді немесе баяулатады, демек қосымша заттарды қолдану арқылы дәрілік құралдардың фармакодинамикасын реттеуге болады. Қосымша заттар дәрілік құралдардың тек қана терапевтік, емдік тиімділігіне ғана емес, сонымен бірге дайындау және сақтау процесіндегі дәрілік түрдің физика-химиялық сипаттамасына да әсерін тигізеді. Әртүрлі тұрақтандырғыш құралдарды қосу дәрілік препараттардың ұзақ мерзімде сақталу кезіндегі жоғары әсерлігін қамтамасыз етеді.
37) Фармацевтік технологияда қолданылатын еріткіштерді атаңыз, оларға сипаттама беріңіз
38)Мазьдер (жақпа майлар) үшін негіздер, олар қалай жіктеледі
Мазьдар үшін негіздер ретінде синтетикалық және табиғи тектес заттардың үлкен ассортименті пайдаланылады. Алайда бұл жағдай оларды жіктеуде белгілі бір қиындықтар туғызады. Мазьдар үшін негіздерді жіктеудің негізіне қаланған кең тараған белгілердің біріне олардың суда немесе майларда ерігіштігіне қатысы жатады. Мазьдік негіздерге де бірқатар ерекше талаптар қойылады: фармакологиялық индифференттілігі; дәрілік заттарға қатысты химиялық және физикалық сәйкессіздік (сыйыспаушылық) құбылыстарының жоқ болуы; мазьдарды жасау және сақтау кезіндегі физика-химиялық қасиеттерінің тұрақтылығы; енгізілген препараттарды берілген шектерде босату қабілеті; терінің және кілегейлі қабаттардың бетінен жеңіл алыну мүмкіндігі және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет