Деңгей «Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады


) Консерванттар дегеніміз не, оларға қойылатын негізгі талаптар қандай



бет15/43
Дата30.06.2022
өлшемі247,17 Kb.
#147206
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43
Байланысты:
Документ (3)

45) Консерванттар дегеніміз не, оларға қойылатын негізгі талаптар қандай
Консерванттар деп микробтар мен зеңдердің тіршілігі салдарынан орын алуы мүмкін дәрілердегі эсер етуші ингредиенттердің ыдырауының алдын алуға қабілеті бар заттарды айтады. Заманауи тұрғыдан қосымша заттардың аталған тобын қолдануда адам ағзасы үшін олардың қауіптілігіне қатысты гигиеналық мәселеге байланысты ерекше сақтық және мұқият назар аудару қажет. Себебі, дәрілердегі микроағзалардың тіршілігін күйзелту мақсатында пайдаланатын консерванттар протоплазматикалық улар болып саналады және аллергиялық, канцерогенді және мутагенді әсері бар. Консерванттарға қойылатын негізгі талаптар – қауіпсіздіктің эмпирикалық факторына сәйкестігі және дәрілерді сақтау және қолдану мерзіміндегі микробтарға қарсы белсенділігі. Алайда бұл да жеткіліксіз деп саналады.
46) Фармацевтика консерванттар, олар химиялық табиғатына байланысты қалай жіктеледі
Көптеген ғалымдар консерванттарды олардың химиялық табиғатына қатысты жіктейді. Осы тұрғыдан консерванттарды үш топқа бөлуге болады:
І. Бейорганикалық қосылыстар;
ІІ. Металлорганикалық қосылыстар;
ІІІ. Органикалық қосылыстар.
47)Қосымша заттар ретінде қолданылатын корригирлеуші заттарды және олардың түрлерін атаңыз
Корригирлеуші заттар (корригенттер). Қосымша заттардың бұл тобы түрлі дәрілерде, әсіресе балалар дәрілерінде дәмді, түсін және иісті реттеу үшін қолданылады. Барлық корригирлеуші заттарды екі топқа бөлуге болады:
І. Дәмі мен иісін реттейтін заттар;
ІІ. Түсін реттейтін заттар.
Бірінші топқа қанттар, сироптар және басқа да «тәтті» заттар, күрделі эфирлер («жидектік»), түрлі эфирлі майлар, сонымен қатар хош иіс және дәм сезімдерін төмендететін заттар жатады, ал екінші топқа бояғыш заттар жатады.
48) Қазақстанда дәрі-дәрмек шығарумен айналысатын кәсіпорындарды атаңыз
Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірумен айналысатын 79 кәсіпорын тіркелген. Бұл кәсіпорындардың кейбір өндіріс бөлімдері халықаралық стандарт бойынша жұмыс жасайды. Олардың тек бірнешеуі ғана GMP стандартына сәйкес келеді. Кейбір өндіріс орындары ISO сертификаты бойынша жұмыс істеуге көшкен және олар осы заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған. Отандық фармацевтика саласындағы осындай іргелі кәсіпорындардың көшбастаушысы ретінде Шымкент қаласындағы «Химфарм» АҚ айтуға болады. Қазіргі таңда ғылыми-технологиялық прогрестің дамуына байланысты дәрілердің мыңдаған түрлері шығарылуда. Қазіргі кезде көптеген ауруларға дәрілер саны да көбеюде. Дәрілер өндірісінің болашағы зор және айқын. Дәрілердің өнеркәсіптік өндірісі дайын дәрілік препараттарды стандартты жазбалар бойынша сериялық жаппай шығаруды қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет