Деңгейлеп-саралап оқытудың негізгі бағыттары: оқушыларды қабілеті бойынша топтау, кәсібі бағдар бойынша топтау; сынып ішінде саралау. Жалпы білім беретін мектептерде саралап оқытуда әртүрлі әдістер қолданылады. Соның ішінде саралаудың маңызды түрі – деңгейлеп саралап оқыту. Бұның басты ерекшелігі – оқушыларға берілетін тапсырмалардың деңгейлерге бөлінуі және олардың меңгерген білімі мен іскерліктеріне қойылатын талаптардың саралануы материалды меңгерудің төменгі жеткілікті шегін қамтитын міндетті дайындық. Бұл деңгей – барлық оқушылардың шамасы жететін деңгей. Осы деңгейдің барысында курсты меңгерудің жоғары деңгейлері қалыптасады. Оқушылар бір сыныпта бір бағдарлама бойынша білім ала отырып,қабілеттеріне, қызығушылығына сай деңгейді талдауға мүмкіндік табады. Сонымен бірге оқушының төменгі деңгейден жоғарғы деңгейге ұмтылуын қамтамасыз етеді.
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі: • Сынып оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы; • Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы; • Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы • Оқушылардың оқуға ынтасы мен пәнге қызығушылығының артуы; • Оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы; • Оқушы белсенділігінің оянуы; • Алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге ұмтылуы; • Оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы; • Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық қарым - қатынастың орнауы.
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының мұғалімдерге тиімділігі: • Деңгейлеп - саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы; • Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі; • Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі; • Оқушылардың жұмыстары әділ бағалануы; • Оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытуы; • Дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің орнауы; • Олимпиадалық, шығармашылық жұмыс жеңімпаздарының саны артуы.
Деңгейлік тапсырсмалардың ауқымы өте кең.Оқулықтағы жаттығулар – өтілген ережелер бойынша қайталау,пысықтау,бекіту жұмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі.Деңгейлік тапсырмалар құрамында мәтіндер, сөзжұмбақ,қызықты грамматика,тестік сұрақтар,іскерік ойындар мен тренингтер жүйесі қамтылады.Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы,әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі.
Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады.Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі.Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі.Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады.Қорытындысына деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады.