Деңгейлік тапсырмалар: акт дан білімді бағалауға қолданылатын жалпы тәсілдер?



бет3/3
Дата23.12.2021
өлшемі30,82 Kb.
#100369
1   2   3
Байланысты:
АКТ 6

3. Тестік форма арқылы тексеру?

Тест оқушы білімін, іскерлігі мен дағдысын тексерудің немесе оқушы білімінің белгілі бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексерудің ерекше формасы болып табылады. Тест деп сапалық және сандық дара ерекшеліктеріне сай түрде негізделген стандартталған, қысқа, уақыт жағынан шектеулі сынақтарды атайды.

Тест технологиясының алуан түрлері
• Диктант
• Өздік жұмыс
• Бақылау жұмысы
• Фронтальды ауызша сұрау
• Жаттықтыру жұмыстары
Сынақ жұмысы
• Карточкамен жеке - дара сұрау
• Қалып қойған жерді толтыру (пропусков)
• Жағдай - көріністі және оның сипаттамасын салыстыру
• Ұғымды анықтау
• Тізбектілікті құру
• Модельдерді құрастыру

Тестің түрлері: толықтыру тесті, таңдамалы тесті, еске түсіру тесті, сәйкестендіру тесті, реттік тесті, аралас тесті, кәсіптік бағдар тесті, баламалы тесті.


1. Толықтыру тесті: оқушыларға тапсырма сөйлем түрінде беріледі де сөйлемдегі кей сөз орынына (цифр, формула, сөз т. б) үш нүкте беріледі. Мұндай тапсырмадағы жауап қысқа тұжырымды бір мәнді болуы шарт.
2. Таңдамалы тесті: оқушыларға берілген тапсырмамен қоса оның дұрыс және дұрыс емес жауаптары беріледі. Тапсырма карточка арқылы беріліп, оның жауабының саны төртеуден кем болмағаны жөн. Оқушы жауабы бағдарламаланған құрылым арқылы немесе перфокарта кілті болады.
3. Еске түсіру тесті: сұрақ нақты беріледі де, жауабы бір мәнді болуы шарт. Еске түсіру тестінің сұрақтарын түзегенде сұрақ нақты, анық қойылады, ал жауабын сөз, сан, формула т. б түрде берілуі мүмкін.
4. Сәйкестендіру немесе салыстыру тесті: мағынасы бір – бірімен байланысты тапсырмалардың екі бағанға әр түрлі ретпен орналастырылуы. Мұндай тесті жасауда бірінші бағанда қысқа тұжырымды сөйлем болса, екінші бағанда сәйкес сөз, белгі, сызба болуы керек.
Сөйлем саны 5 тен 15 ке дейін болса, екінші бағандағы сөз, белгі, сызба, нұсқа т. б саны екі – үшеуі артық болғаны.
5. Реттік тест (ранжирования) тесті: бақылау объектісі (құбылыс, шамалар, формула т. б) ретімен жазылуы (айтылуы) керек. Тесті тапсырма дайындағанда оның саны 10 шақты болғаны жөн.
6. Аралас тесті: оқушыға берілетін тапсырма әртүрлі тест түрінде (мысалы: толықтыру, таңдамалы т. б) беріледі.
7. Құрамалау тесті (комбинированный): құрамында бірнеше пәндердің бір бірімен үйлесуі.
8. Баламалы (альтернативный) тесті: тестің бұл түрін жасауда жауабын білуге ықпал ететін сөзден аулақ болған жөн. Сөйлем қысқа тұжырымды, мазмұнды, бір мәнді болғаны дұрыс. Тестің мұндай түрінің жауабы сөзбен (дұрыс, дұрыс емес) ия немесе жоқ немесе белгілер арқылы +, — т. б беріледі. Мұндай типтен тестік тапсырманы графикалық диктант үлгісінде пайдалануға болады.
Тест формасы
1. Бір дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар
2. Бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар
3. Сәйкестікті құру бойынша тапсырмалар
4. Жауапты тіркеуді талап ететін тапсырмалар (жауапты толықтырып жазу)
5. Логикалық және алгоритмдік реттілікті құру бойынша тапсырмалар

Қазіргі оқыту үрдісінде өте жиі кездесетін тест түрлері «оқыту тесті» және «бақылау тесті».


Оқыту тестінің мақсаты белгілі бір модульды не тақырыпты меңгертуге арналады, оқытушы негізгі рольді атқарады. Тапсырмалар сұрақ қою, жауап беру, есте сақтау, жазып алу, үйден ауызша қайталау, қайтадан жалпы сұрақ - жауап түрінде тексеру.
«Бақылау тесті» осыдан кейін жүргізіледі, яғни оқушылардың тарау бойынша немесе белгілі бір тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін. Мысалы, 9 сыныпта физика пәнінен ОЖСБ - ғе дайындық барысында оқыту тестін сабақта жүргізбей, бірден бақылау тестін алдым. Физика пәнінен 12 баланың 54% орындады. Ал, келесіде оқыту тестін өткізіп, тақырыпты меңгергеннен кейін, нәтижеде 98% орындады. Бұл тестердің тағы бір тиімділігі, егер ол әр модуль - тарау сайын өтсе, оқушылардың сабаққа дайындалуын тәртіпке келтіреді.
Әр тестен кейін түзету жұмысын жүргізу міндетті түрде қажет. Арнайы дәптерге оқушы қате сұрақты белгілейді, ол сұрақтың дұрыс жауабын өзара талдап, әрі мұғалім толықтырады. 

Мұғалім тест тапсырмаларды тек оқушылардың білімін бақылауда ғана емес қолдана алады. Тест тапсырмалардың көмегімен оқу үрдісінде оқушылардың өз - өзін бақылауын ұйымдастыруға болады.


Осындай тапсырмалар оқушылардың дайындық деңгейін анықтап, тақырып бойынша білімдерін өздігінен тексеруге және өз - өзін бақылауды жүзеге асыру әдістерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылып кеткендей, әрбір тест жүргізгеннен кейін оқытудың нәтижесінің статистикасын алу қажет. Берілген кесте бойынша жауап нәтижелерін өңдеуден өткіздіру өте ыңғайлы. Кестенің төменгі жолында әрбір сұрақ бойынша қателердің жалпы саны саналады да формула бойынша осы берілген сұрақты меңгерудің пайыз көрсеткішін анықтауға болады:
К = N/n х 100%,
К – меңгеру пайызы,
N – дұрыс жауаптар саны,
n – берілген тест бойынша жұмыс істеген оқушылар саны.
Жоғарғы сыныптарда тест алу арқылы күтілетін нәтижелер:
1. Сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады.
2. Білімді өз бетімен алу жолдарын үйренеді.
3. Танымдық іс−әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, тез шешім жасау әрекеті дамиды.

Тестілеу жүмысын ұйымдастырып, оның қорытындысын жан - жақты талдаудан өткізген мұғалімдер тестілік талдаудың нәтижесіне сүйене отырып, алдағы уақыттағы жұмыс жоспарын құруы тиіс. Тесті бағалаудың мынадай ережесі бар. Егер тест ережесі бойынша он сұрақ болса, оқушы сол сұрақтардың дұрыс жауап бере алған жағдайда 10 балл алып «5» бағасына ие болады. Берілген тапсырманың 8 және 9 сұрақтарына жауап дұрыс берілсе «4» бағасы, 6-7 сұраққа жауап берілсе «3» деген бағасы қойылады. Оқушы 5 сұраққа немесе төмен мөлшерде дұрыс жауап қайтарса «2» бағасы қоыйлады, ал 1-3 тапсырма ғана орындалса оқушы «1» баға алады.

Тест 20 сұрақ болған жағдайда былай бағаланады:

сұраққа толық және дұрыс жауап берілсе - 2 балл, тапсырманың

дан 10 сұраққа дейін дұрыс жауап қайтарылса - 3 балл, тапсырмадағы 11 ден 15 сұраққа дейін қайтарылған жауабы дұрыс болса - 5 балл қойылады.

Тест бірнеше нұсқадан жасалса, оқушылар қайтарылған жауапты бірінен - бірі көшіре алмайды.

Тест құрастыру тәсілі


  • Тест сұрақтары бойынша жауап беру үшін төмендегі жағдайларды ескеру қажет.

  • Тесті ашықтүрде беріледі. Оған толықжауап беріледі, ережесі айтылады, мысал келтіреді.

  • Тесті жабық түрде беріледі. Оған қомысша «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.

  • Тесті сұрақтары мен оның жауаптарының барлық варианттарын дұрыс оқып, анықтап, айырып түсініп ал.

  • Түсінбеген сұрақтарын сұрап ал.

  • Сұрақтарының бірнеше вариантының біреуі ғана дұрыс екенін ескер.

  • Егер бір сұраққа жауап беруге қиналсаң, оны ең соңына қалдыра тұруыңа болады.

Тесті сұрағыныңжауабы төмендегідей жазылады.

430 С температура Кельвиннің шкаласы бойынша қандай температураға сәйкес келеді?

А. 273К.

В. 100К.


С. 143К.

D. 316К.


Дұрыс жауабы –D. 1 бал

Тесті сұрақтарының 70% жауапқа дейін жауап берген оқушы ғана қанағаттанарлық баға алады. 70% -90% аралығы жақсы деген , ал 90%-100% аралығы өте жақсы деген баға алады.



Тесті сұрақтары мен жауаптарын бірге қосып, жұмыс соңынан емтихан қабылдайтын мұғалімге тапсырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет