В2. Гаметалардың типтерін анықта.
АаВв - ________________
ааВв - _________________
АаВВСс - ______________
В5 . Мендельдің бірінші және екінші заңы. Талдай будандастыру. Толық емес доминанттылық.
В7. Берілгені: 44ХХ х 44ХУ.
А) Берілген даралар қандай гаметалар түзеді?
Ә) Қайсысы аналық, қайсысы аталық дара?
Б) Қай жыныс гомогаметті, қай жыныс гетерогаметті?
Үшінші бөлім. С4.
1-есеп.Адамда үлкен көзді және римдік (дөңес) мұрынды анықтайтын ген кішкентай көзді және римдік (тік) мұрынға қарағанда доминантты. Үлкен көзді, грек мұрынды әйел кішкентай көзді, римдік мұрынды еркекке тұрмысқа шықты. Олардың төрт баласы болды, оның екеуі үлкен көзді, римдік мұрынды болды. Анықтаңдар: а) Ата аналарының генотипін; ә) Осы жұпта кішкентай көзді, римдік мұрынды бала туылу мүмкіндігін; б) кішкентай көзді, римдік мұрынды бала туылу мүмкіндігін.
2-есеп. Дальтонизм мен гемофилия Х хромосомада орналасқан рецессивті аллельдің бақылауында болады. Аурудың болмауына доминантты аллельдер жауапты. Гетерозиготалы әйелдер фенотиптік тұрғыда дендері сау, бірақ генотиптерінде көрініс бермеген ауру гені болады және оны өз балаларына беруі мүмкін. Осы мәліметтерді пайдалана отырып, есептерді шеш:
А) дальтонизм, гемофилия белгілерінің тіркесуі адамның қайсы хромосомасы бойынша жүрген?
Ә) Гемофилик еркек пен әкесі дальтоник болған дені сау әйел арасындағы некеден қандай балаларды күтуге болады? Ата- аналары мен олардың ықтимал ұрпағының генотипін анықта
3-есеп а) 3:1; б) 9:3:3:1; в) 1:2:1 ажырау білдіретін даралардың генотипін жаз.