Сабақтың ортасы мағынаны талдау
|
Оқушыларға жалпылама төмендегі талдау тапсырмасы беріледі. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.
Тапсырма: Суретке мұқият қараңыз.
а- біржасушалылар, b- қосмекенділер, с- тікентерілер, d- бунақденелілер, е- балықтар,f-сүтқоректілер.
(а) Берілген ағзалардың тыныс алу мүшелерін атаңыз.
(b) Ағзалардың мекен ету ортасы мен тыныс алу ерекшелігінің байланысын сипаттаңыз.
|
Бағалау критерийі
• Жануарлардың тыныс алу мүшелерінің
ерекшелігін салыстырады;
(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)
|
Дескриптор
-тыныс алу мүшелерін атайды -1 балл;
- ағзалардың мекен ету ортасы мен тыныс алу ерекшелігінің
байланысын сипаттайды – 1 балл;
|
Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері
Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
|