Баға қою саясаты
Семестрлік жұмысты бағалау өлшемдері: өз бетінше есеп шығару машықтары, мазмұнының толықтығы, баяндау логикасы, уақытында тапсыру. Межелік жазбаша жұмыстарын бағалау өлшемдері: өткен материалдарды меңгеру және қайталау,есеп шығару қабілеті.
Емтихан бағасын қою өлшемдері: семестрдің соңында жалпы қорытынды баға қойылады, ол семестр бойы білім алушының жиынтықты көрсеткіші болып табылады.
Қорытынды бағаға шағымдану (аппелациялау) ережесі:
Емтихан нәтижесімен келіспеген білім алушы аппелациялық комиссияға емтихан өткеннен кейін келесі күннің сағат 13-00 дейін өтініш беруге құқығы бар. Өтінішті аппелацияға қатысты пәннің (ауызша, жазбаша, матрицалық және шығармашылық нысанда) аппелациялық комиссия төрағасының атына жазып, өз факультет деканының/ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасы бастығының қолын қойғызады. Аппелацияға барған өтініштер деканатта/жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасында арнайы жұрналға тіркеледі.
Компьютерлік тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін аппелация «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (ААЖ) қарастырылады, егер:
-тест тапсырмаларының тұжырымдамасы жаңылыс түрінде берілген;
-тест тапсырмаларында дұрыс жауабы жоқ;
-тест тапсырмалары пәннің оқу-әдістемелік кешенінде келтірілген оқу бағдарламасынан тыс жағдайларда.
«Platonus» ААЖ-де білім алушы тест сұрақтарының кемінде 3-іне ғана аппелация беруге құқығы бар. Компьютерлік тестілеу нәтижесімен келіспеген білім алушы нақты сұрақтар мен жауаптарды белгілеп, ауызша түрде аппелацияға өтініш беруге құқылы. Апелляция кезінде емтихан өту рейтинг бағасын көтеруге рұқсат берілмейді.
Этика, академиялық тәртіп және курс саясаты
Курс саясаты
Сабаққа кешікпеу және сабақтан қалмау; оқытушы ұсынған оқу тәртібіне белсенді түрде қатысып, мұқият болу; аудиторияда ұялы телефонды өшіріп қою; дәлелді себептермен келмей қалған сабақтарды өтеу (деканаттың рұқсатымен); өз бетінше кітапханада, үйде жұмыс жасау.
Этика және академиялық тәртіп саясаты
Бөгде пікірді сыйлау, қарсылығыңызды сыпайы түрде жеткізу. Барлық семестрлік тапсырмаларды өз бетінше орындау. Плагиат және адалсыз орындалған жұмыс жарамсыз.Қолданған электрондық және баспа материалдарға, басқа авторлардың пікірлеріне, дәйек сөздеріне сілтемелер болмаса, жұмыс плагиат деп есептеледі. Емтихан барысында көшіруге және бір-біріне көмектесуге болмайды. Курстың кез келген бұрмалаған білім алушы «Ғ» деген қорытынды баға алады.
Дәлелсіз себептермен қатыспаған сабақтардың көлемі 20% асып кеткен жағдайда, білім алушыға «Ғ» деген баға қойылады.
«Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасы мәжілісінде бекітілген
Кафедра атауы
« 24 » ------06---------------------- 2016 жыл № ---- хаттама
Глоссарий
Туристік жолдама – туристік қызмет кешенін алу құқығын растайтын құжат.
Туристік территория (аумақ) – туристік ресурстың кешенді түрі – еңқұнды туристік ресурстардың белгілі бір географиялық жерде орналасқан шоғыры, сонымен қатар аймақтың туристікқұрамындағы туристік қызығушылық нысаны болып табылады.
Туристік қызмет – туризм мақсатына, тур қызметтің, турлардың, турөнімнің сипаты мен бағыттылығына жауап беретін, турист немесе экскурсант қажеттілігін және қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету саласында мақсатқа сай бағытталған әрекеттер жиынтығы.
Туристік ұйымдар – іс-әрекеттің негізгі түрі болып туристік әрекеттердің заңды тұлғасы.
Туристік ресурстар – туризм мақсатында және адам қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкін болатын табиғи-климаттық, әлеуметтік-мәдени, тарихи, архитектуралық және археологиялық,ғылыми және өнеркәсіптік, көру, діни және т.б. нысандар немесе құбылыстар.
Туристік тауарлар – туризм мақсатында тур қызметті қанағаттандыру үрдісінде туристке немесе экскурсанттарға қажет тұтыну заттары (сувенирлер және басқа тауар өнімдері)
Туристік ваучер –туристтің тур құрамына кіретін және оларды төлеу жөнінде айғақты растау құқығына иеқұжат.
Туристік индустрия – туристтерді орналастрыу құралдарының, көліктің, қоғамдық тамақтандыру нысандарының, ойын-сауық нысандары мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық және өзге де мақсаттағы нысандардың, туристік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялыққызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметін көрсететін ұйымдардың жиынтығы.
Рекреациялыққажеттіліктер – адамныңүнемі қалпына келтіруге жұмсалатын /физикалық, интеллектуалды/қажеттілігі
Физиологиялыққажеттіліктер – адамның суға, ауаға, ұйқы мен тамаққа және т.б деген қажеттілігі
Мәдени-танымдық туризм – тарихи және мәдени мұралар мен ескерткіштерді, туристік территорияларды аралау болып табылады.
Емдік-сауықтыру туризм – 1. демалу және емделу мақсатындағы туризм
2. рекреация мен емделуді аса қажет ететін жәнеәлеуметтік қатынаста әлсіз қорғалған, кірісі төмен азаматтың туристік саяхаты
Халықаралық туризм – келу және шығу туризмінен тұратын туризм
Ұлттық туризм – ішкі және сыртқы туризмінен тұратын туризм
Спорттық туризм – туризмніңәр түрі бойынша жарыстар мен спорт түрлері /шаңғы, су, тау және т.б./
Экологиялық туризм – туристердіңқоныстану ортасы ретінде «жабайы» табиғатты тікелей қолдануға бағытталған және турлардың барлық компонентеріне экологиялық технологияларды енгізу негізінде саяхаттау мақсатындағы туризм
Халықаралық турист – тұрақтануға байланысты шет елге саяхат жасайтын және ДТҰ статистикасында турист ретінде есепке алынатын азамат.
Туристік агломерация – туризм индустрия интеграциясымен және жоғары деңгейлі кешенділікпен сипатталатын территориялық рекреациялық жүйе.
Саяхатшы –мақсатқа, бағыттылық пен қозғалу құралына және уақыт аралығына тәуелсіз саяхат жасайтын адам.
Саяхат – уақыт пен кеңістіктегі адамдар қозғалысы
Рекреация – демалыс негізінде адамның физикалық және рухани күшін дамыту мен қалпына келтіру
Рекреациялық ресурстар – рекреациялыққажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолданылатын табиғи орта компоненттері: климат, жер бедер, өсімдік, жер беті және жерасты сулары, соның ішінде минералды, жағажайлар, шымды батпақтар, тұздар және т.с.с.
Ресурстыққорық – ресурстарды сақтау барысында жасалатын кешен.
Аннуляция – сапардан бас тарту. Бас тартудың шарттары келісімде көрсетіледі.
Антропологиялыққорық – табиғатпен үндестікте өмір сүретін және дәстүр бойынша табиғат қорларын пайдаланатын тайпалар мен жергілікті халықтыңқалыпты өмір сүруін сақтау үшінқұрылады.
Бизнес- тур – іскерлік адамдарғақажет және қосымша арнайы қызметтерді, мысалы келіссөздер жүргізетін бөлмелер немесе секретарлар қызметін талап ететін саяхат түрі.
Виза – белгілі бір елге кіру рұқсаты және міндетті түрде шығу туралы көрсетілген, шетелге шығу куәлігінеқойылатын арнаулы белгі.
Ішкі туризм – бір мемлекет көлеміндегі жеке аймақтар, аудандар аарсындағы туристік ағын, инфрақұрылым,қызмет ету жиынтығы болып саналады.
Ішкі турист – көпшілік және жеке орналастыру аудандарында кем дегенде бір рет түнейтін уақытша келуші.Жергілікті жердің тұрғыны және осы ел ішінде басқа бір аймаққа саяхаттау мақсатында баратын бірақ тұратын орнынан алты айдан аспайтын уақытта саяхаттайтын және келген жерінде ақылы жұмыспен айналыспайды.
Шығу туризмі – ҚР-ның азаматтары мен ҚР-да тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхаттауы
Кіру туризмі - ҚР-ның аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардыңҚР-сы шегіндегі саяхаттауы
Гастрономиялық тур – тамақты жақсы көретін адамдарға арналған арнаулы тур
Гид (гид-аудармашы) – туристерге уақытша келген елдегі туристік ресурстармен таныстыру жөнінде экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдыққызмет көрсететін кәсіби даярланған тұлға
Қонақүй – уақытша тұру үшін арналған, жабдықталған ғимаратты сипаттайтын заңды тұлға
Топтық инклюзивтік тур - 15 адамнан жоғары жерде және авиақызмет
көрсететін тур немесе саяхат
Туристік қызмет көрсетуге жасалған шарт - өтемелі туристікқызмет көрсету бойынша туроператордың немесе турагенттің және тристің арасындағы келісім
Топтық жол жүру құжаттары – бір топ туристерге жазылған және сол көлікте топқа жол жүруге рұқсат ететін көліктік қағаздар
Жабайы аңдарға арналған қорық – адамның жоспарлы бағытталған кірісуін қажет ететін аңдардың түрлерін және биологиялық топтарын сақтау үшін құрылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес факультеті
ЛЕКЦИЯЛЫҚ КЕШЕН
Пән: TK AMSL 4304 « ӘМС-дегі логистика»
«5В090400- ӘМҚК мамандығы»
Алматы, 2016ж.
ЛЕКЦИЯЛЫҚ КЕШЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
тақырып.1. Көлік және туризмнің өзара байланысы
Мақсаты: Студенттерге осы тақырып бойынша негізгі теориялық білімді беру және де оны тәжірибеде қолданудың аясын ашып көрсету.
Сұрақтар:
1.1 Көлік түлерінің қамтамасыз етілу жағдайлары.
1.2 Көлік түрлерінің жіктелуі
1.3 Көлік саяхаттарына әсер етуші факторлар.
Кәсіпоындарда көліктік қамтамасыз ету – туристік индустрияның құрамдас бөліктерінің бірі. Бүгінгі күні кәсіпорындарда қызмет көрсететін ортақ көлік жүйесі жоқ, ал тасымалдаудағы қажеттілік әрбір көлік түріне қарай сұраныспен реттеледі.
Міндеттері: көліктің әртүрлі бойынша қызмет көрсету сапасын жақсарту, көліктік саяхаттар ұйымдастыру, жаңа технологияларда қолдану; көліктегі көрсетілетін қызмет түрлері т.б.
Көліктік саяхат - әртүрлі көлік құралдарын қолдауымен өңделген маршрут бойынша жолдамасы бар ұйымдастырылған кәсіпорындардағы тобының саяхаты.
Көлік саяхаты бірнеше негізгі белгілері бойынша жіктеледі:
маршруттағы қозғалыс тәсілі
қоданатын көлік түріне
маршрут трассасының құрылуына
саяхат ұзақтығына
маусымдылығына
басқа да факторлар
Халықаралық туристтік саяхаттар үшін негізгі көлік құралдарын бағалау 10 балдық рейтингпен қолданады. Көлік құқралының негізгі талаптарында өзгешелік аз болады, бұл жерде белгілі – бір орында қарама – қарсы факторлар алады:
құны
экплуанттың жылдамдығы
сыйымдылығы
капитал шығындары және т.б.
Туристтік саяхаттағы көлік құралдарын қолданатын статусы:
олардың әйгілілік рейтингісінен
көлік жүйесі даму деңгейінен
саяхат түрімен
маршрут ұзақтығымен
халықтың тұрмыс жағдайымен
туристік рекреация ресурстарымен
ұлттық салт – дәстүрлермен
халықтың демографиялық құрамымен
басқа да факторлармен байланысты.
Сұрақтар:
1.1 Кәсіпорындарда көліктік қамтамасыз етілуі
1.2 Көлік түрлерінің жіктелуі
1.3 Кәсіпорындарда көлік саяхаттарына әсер етуші факторлар
Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі
Негізігі:
Транспортное обеспечение в туризме : учебник / А. С. Кусков. - М. : КНОРУС, 2011. - 368 с.
Транспортное обслуживание туристов ] : учеб. пособие / О. Я. Осипова. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : Академия, 2011. - 384 с.
Сервис на транспорте : учеб. пособие / ред. В. М. Николашина. - М. : Академия, 2012. - 272 с.
Будко И.И. Транспортное обслуживание туризма : учеб. пособие / И. И. Будко. - М. : МарТ, 2012. - 336 с.
Рубаник А.Н. Технологии въездного туризма : учебное пособие / А. Н. Рубаник. - 2-е изд., испр. - Ростов н/Д : Феникс, 2012. - 384 с.
Смыкова, М. Р. Туризм: экономика, менеджмент и маркетинг : учебник / М. Р. Смыкова. - Алматы : Нұр-пресс, 2011. - 220 с.
Тақырып. 2. Көлік түрлеріне шолу
Мақсаты: Студенттерге осы тақырып бойынша негізгі теориялық білімді беру және де оны тәжірибеде қолданудың аясын ашып көрсету.
Сұрақтар:
1. Автокөлік
2 .Теміржол көлігі
3 .Әуе көлігі
4 .Круиздер.
Туристік көлік саяхаты бірнеше көлік түрлерімен жүзеге асырылады теміржол және автомобиль автобус және жеңіл автокөлік әуе және автокөлік: су, темір жол автокөлік.
Туристтік авто көлік түрі – автобус пен жеңіл атокөлік – туристерді аэропорттан қонақ үйге және кері қайтуда жеке маршрут немесе қосымша көлік түрінде қолданады.
Ең көп қолданатын автобус, теміржол саяхаттары 90 жуық, өзінің саяхаты ұйымдастыратын турист келесідей факторларды есепке алады:
сапарға жету жылдамдығы
саяхат қолайлылығы
құны
жүк тасымалдау мүмкіндігі және оның салмағы
жүру жолындағы аялдама мүмкіндігі
тамақтану жағдайы
шу және вибрация деңгейі
ұйықтау және демалыс үшін жағдай
сапар уақытындағы кең мүмкіндіктер
қолайсыз экологиялық факторлардың болуы
қауіпсіздік
Бұл талаптар басыидылығына қарай келесідей жүйеде орналасады:
саяхат қауіпсіздігі
құны және әртүрлі жеңілдіктердің болуы
қолайлылық
жеткізу жылдамдығы және т.б факторлар
Оң факторлар жиыны көп болған сайын көлік саяхатының құны соншалыұты жоғары болады, алайда ешбір көлік құралы барлық талаптар жиынын қанағаттандыра алмайды.
Теңіз және өзен судаларында жоғары тасымалдаушы сыйымдылығы мен саяхат қолайлығына олардың жоғары емес байланысы мен қатынас жылдамдығы қарама – қайшылық тудырады.
Самолеттей жоғары жылдамдықтағы жеткізу жоғары сервис деңгейінде. Жоғары тариф деңгейімен байланысты.
Жоғары байланыс автокөлік көлігіне жоғары емес тасымалдаушы сыйымдылығы мен төмен деңгейімен қауіпсіздік қарама – қайшылық тұрады.
Сұрақтар:
1. Автокөлік
2. Теміржол көлігі
3.Әуе көлігі
4. Круиздер
Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі
Негізігі:
Транспортное обеспечение в туризме : учебник / А. С. Кусков. - М. : КНОРУС, 2011. - 368 с.
Транспортное обслуживание туристов ] : учеб. пособие / О. Я. Осипова. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : Академия, 2011. - 384 с.
Сервис на транспорте : учеб. пособие / ред. В. М. Николашина. - М. : Академия, 2012. - 272 с.
Будко И.И. Транспортное обслуживание туризма : учеб. пособие / И. И. Будко. - М. : МарТ, 2012. - 336 с.
Рубаник А.Н. Технологии въездного туризма : учебное пособие / А. Н. Рубаник. - 2-е изд., испр. - Ростов н/Д : Феникс, 2012. - 384 с.
Смыкова, М. Р. Туризм: экономика, менеджмент и маркетинг : учебник / М. Р. Смыкова. - Алматы : Нұр-пресс, 2011. - 220 с.
3-Әуе көлігімен саяхаттарды ұйымдастыру
Мақсаты: Студенттерге осы тақырып бойынша негізгі теориялық білімді беру және де оны тәжірибеде қолданудың аясын ашып көрсету.
Сұрақтар:
1. Әуе көлігімен туристерге қызмет көрсету.
2. Әуе көлігімен пассажирледі тасымалдаудыт реттеудің құқықтық негіздері.
3. Жолаушыны әуе тасымалдау туралы шарттары.
1. Әуе тасымалы бекітілген төлемге, әуе көлігіндегі кәсіпорынмен орындалатын, сонымен қатар жер үсті тасымалдаушы көлік құралымен жүргіншілер мен жүкті тасымалдауды ұсынады.
Ішкі ауа тасымалы – ауа тасымалы яғни кету тағайындалған орын және барлық тоқтау пунктері бір мемлекет территориясында орналасады.
Халықаралық ауа тасымалы – ауа тасымалы, яғни 2 мемлекет территориясында. Тасымалдау мерзіміне кіреді: пассажир тасымалдауда – ауа суднасына отырғызылуға дейінгі пассажирдің аэропорт перронына кіру уақытынан бастап, тасымдаушының өкілетті органдары бақылауынан перронынан кеткенше; жүк тасымалдауда – тасымалдауға жүкті қабылдағаннан алушыға немесе белгіленген ережелерге сәйкес басқа ұйымға бергенге дейін.
Әуе көлігімен тасымалдауды реттеу халықаралық немесе ұлттық заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Әуе тасымалы жолаушы , жүжәне тасымалдаушымен шартқа отыру негізінде жүзеге асырылады.
Тасымалдаушы – жолаушылар, жүк немесе почтаны әуе тасымалымен жүзеге асырылатын лицензиясы бар эксплуатант.
Жолаушының әуеде тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы міндеті: билеттен көрсетілген рейспен, ұсынылған орнында таңайындалған пункке жеткізу; ал жүкті тасымалдауда – көрсетілген пункке жеткізу немесе жүкті алушы тұлғаға беру.
Жолаушы немесе жүкті жеткізу мерзімі бекітілген әуе тасымалындағы тасымалдаушы ережелермен анықталады.
Әуе тасымалының әрбір шарты және жағдайы тасымалдаушы немесе оның агентімен берілетін тасымал құжаттарымен куәландырады. Тасымалдау құжатқа жатады:
жолаушы билеті Passenger Ticket - жолаушы немесе жүкті әуе көлігімен тасымалдау шартын куәландыратын құжат
жүк квитанциясы Baggage Check - жолаушымен тапсырылған тасымалдаушымен берілетін жүкке қол хатретіндегі тапсырылған жүк кассасымен орын саны белгіленген билеттің бір бөлігі.
ақылы жүк квитанциясы Excess Baggage Ticket.
Әуе жүгі накладная Аir Waybill - тасымалдаушы маршруты бойынша жүк тасымалдауға жүк жіберуші мен тасымалдаушы арасындағы келісім құжаты.
2. Тасымалдауға шарт жағдайын орындау тікелей немесе чартерлік тасымалдау түріне ------- міндетті болып табылады. Оның мынадай ережелері бар:
1. Кесте жене билетке көрсетілетін кету уақыты шарттың міндетті жағдайы болмаса және тасымалдауға кепілдеме берілмейді. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейс өзгеруі, ауысуы, кешігуі болады. Бұндай өзгерістердің себебі, ауа – райының жаман жағдайы т.б.
2. Тасымалдаушы әуе көлігі ауыстыру, тасымалдау маршруты мен отырғызылу пунктерін өзгертуге құқық алады.бұл форс – можорлық жағдайда да құқық бар.
Кез – келген жағдайда тасымалдаушы жолаушының заңды мүдделерін ескере отырып міндетті:
кесте өзгерісі туралы ескерту
тасымалдауды басқа рейспен немесе басқа тасымалдаушы рейспен орындау
тіркелген жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру немесе қызмет қамтамасыз ету. Егер жолаушы кесте өзгеруіне байланысты тасымалдаудан бас тартса, оған ақшасын қайтару керек.
3. Тасымалдаушы жолаушы құжаттарын дұрыс рәсімдемеген жағдайда және толық көлемде ұсынылмағанда одан бас тарта алады.өйткені құжаттарды рәсімдеудің айқындылығы мен дұрыстығына сол құжаттарды берген мемлекеттік органдар мен азаматтардың өздеріне байланысты.
4. Жолаушы егер онда тоқтау көрсетілсе, кез – келген аралық аэропортта аялдама жасай алады. Бұндай аялдама «Stopover» деп аталады.
Жолаушы тисілі мемлекет органдарының барлық заңдары, ережелері, қаулыларын орындауы тиіс, бұған жатады:
арнайы бақылау
кеден
паспорт
виза
санитарлық және т.б. формалдықтар.
Әуе көлігінде жолаушы құқығы:
ел заңдылығына сәйкес жеңілдік жағдайы н
көрсетілген нормадан аспайтын тегін жүк алу бір адамнан 10 кг. аз емес
2 жасқа дейінгі балаға тегін
тасымалдаушы немесе әуе көлігінің еріксіз тоқтауы кезінде демалыс бөлмелерін тегін қолданатын және ана мен бала бөлмесі қонақ үйдегі орын
Тасымалдаушы мен жолаушымен бір жақты шартты бұзылады егер:
1. заңдылықтарды бұзса
2. әуе ережесін орындамаса
3. жолаушы денсаулығы өзіне және басқаларға қауіп төндірсе
4. жүк үшін төлемесе
5. борттағы жүріс – тұрыс ережесін бұзса
6. әуе көлігінде тыйым салынатын заттардың болуы
Егер шарт іс - әрекеті тасымадаушы жағынан тоқтаса, жолаушыға төленген сомма қайтарылады, егер борттағы ережелерді бұзғанға дейін, жолаушы әуежайда немесе жолда бас тарта алады.
Сонымен бірге, ол тасымалдау үшін кері ақшасын алады немесе ------ қолданғанда қаралған ережеге сейкес жолдың қолданған бөлігін алады.
3. Жолаушының тасымалдаудан бас тартуы ерікті және еріксіз сипатқа ие.
Еріксіз бас тарту – келесідей себептерге байланысты:
билетті көрсететін рейс өзгерісі немесе кешігуі
брондау кезінде кеткен қателіктен рейсте орын және қызмет ткөрсету класының болмауы.
төтенше жағдайға байланысты аэропортта тоқтау мүмкінсіздігі
аталмыш рей жүзеге асырылатын әуе көлігі типінің ауысуы
жолаушының өзі немесе жанұя мүшесінің біреуінің ауырып қалуы
жол жүру құжатын тасымалдаушының дұрыс толтырылуы
әуе көлігінің кешігуі немесе рейс өзгерісіне байланысты аэропорт трансферіне келу мүмкінсіздігі
Еріксіз бас тартуда - тасымалдаушы міндетті кезекті рейстерге отырғызу немесе ақшасын айыпқұлсыз қайтару.
Ерікті бас тарту – жеке жолаушы себептеріне байланысты ------ тасымалдаушы бұл жағдайда уақыт бірлігіне қарай ақшасынан алып қалады.
Сұрақтар:
1 Әуе көлігімен туристерге қызмет көрсету.
2 Әуе көлігімен пассажирледі тасымалдаудыт реттеудің құқықтық негіздері.
3 Жолаушыны әуе тасымалдау туралы шарттары
Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі
Негізігі:
Транспортное обеспечение в туризме : учебник / А. С. Кусков. - М. : КНОРУС, 2011. - 368 с.
Транспортное обслуживание туристов ] : учеб. пособие / О. Я. Осипова. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : Академия, 2011. - 384 с.
Сервис на транспорте : учеб. пособие / ред. В. М. Николашина. - М. : Академия, 2012. - 272 с.
Будко И.И. Транспортное обслуживание туризма : учеб. пособие / И. И. Будко. - М. : МарТ, 2012. - 336 с.
Рубаник А.Н. Технологии въездного туризма : учебное пособие / А. Н. Рубаник. - 2-е изд., испр. - Ростов н/Д : Феникс, 2012. - 384 с.
Смыкова, М. Р. Туризм: экономика, менеджмент и маркетинг : учебник / М. Р. Смыкова. - Алматы : Нұр-пресс, 2011. - 220 с.
4-Әуе көлігімен туристерге қызмет көрсету
Мақсаты: Студенттерге осы тақырып бойынша негізгі теориялық білімді беру және де оны тәжірибеде қолданудың аясын ашып көрсету.
Сұрақтар:
1. Amadeus компьютерлік брондау желісі
2. Abakus компьютерлік брондау желісі
3. Ірі компаниялардағы қазақстандық тәжірибе.
Amadeus Global Distribution – бұл бүкіл әлем бойынша туристік және әуе компаниялар пайдаланатын сату мен брондау жүйесінің ғаламдық автоматтандырылған жүйесі. Amadeus компаниясын 1987 жылы «Эйр Франс», «Иберия» және «Lufthansa» еуропалық үш ірі әуе жолдары компаниялары құрған. Орталығы Эрдинг қаласы, ал маркетингтік бөлімдері Ницца мен Мадридте орналасқан.
Amadeus әлемдегі КБЖ-не енушілер бойынша жетекші орын алады. Жүйемен әуе билет сататын 50- ден аса агенттіктер мен офистер жұмыс жасайды. КБЖ-де брондау үшін 460 әуе компания бағыттары, 41 мың қонақ үйлер, 60 автокөлікті жалға беретін компания ұсынылған. Amadeus Авто Amadeus қонақ үйлермен бір мезетте құрылған. Ондағы барлық брондауларды өзінде толық жүзеге асыратын PNR-дегі әуесегментте брондауға болады. Автокөліктерді жалға беру Алматы қаласындағы кейбір мәселен, Анкара Intercontinental қонақ үйінде де бар.
Amadeus жаңа өнімдері: Amadeus Турлар, Amadeus Теміржол, Amadeus Паромдар, Amadeus Круиздер, Amadeus Авто.
Бүгінде бұл қызметті 500 астам, оның ішінде British Airways, Qantas, Finnair, All Nippon Airways, LanChile сияқты компаниялар пайдаланып отыр. Сервер ЕТ Amadeus әуекомпанияларының турагенттіктердің жұмыс істеуіне жол ашуда. Олар негізінен ТМД елдері, Қазақстан мен Ресей: Эйр Астана, Аэрофлот, Трансэро, Сибирь әуекомпаниясы т.б. байланыста. 780 әуе компаниялардың ұшу сапары туралы мәліметтер бере алады. Amadeus әлемде 18000 жеңіл автокөлікті жалға беретін 52 компаниялары мекеме. Қазақстандық повайдерлер толық туристік қызмет пакетін ұсынады. Оған әуебилеттерді брондаудан бастап, жатар орын мен тамақтану, автокөлікті жалға алу, сақтандыру кіреді.
Amadeus жүйесіне әлем бойынша қосылуы
Аймақ
|
Турагенттік
тер, Офистер
|
Турагенттік
тер, Терминалдар
|
Әуе жолдары компаниялары
ның офистері
Офистер
|
Әуе жолдары компанияларының офистері
Терминалдар
|
Еуропа, Африка мен Таяу Шығыс
|
2473
|
83173
|
5682
|
4852
|
Солтүстік Америка
|
6865
|
24002
|
481
|
3911
|
Орталық Америка, Мексика, Батыс және Шығыс Кариб
|
892
|
2324
|
201
|
971
|
Оңтүстік Америка
|
5198
|
11180
|
934
|
904
|
Азия
|
3290
|
6986
|
711
|
4480
|
Барлығы
|
43 718
|
127629
|
8009
|
63118
|
/Алынған көзі: wwwHYPERLINK "http://www.maxtravel.kz/".HYPERLINK "http://www.maxtravel.kz/"maxtravelHYPERLINK "http://www.maxtravel.kz/".HYPERLINK "http://www.maxtravel.kz/"kzHYPERLINK "http://www.maxtravel.kz/"/
Gabriel- брондау мен резервтеу жүйесі. Abakus брондау жүйесінің қолданысы. Бұл бағдарлама туристік нарыққа кейіннен енгендіктен, дерек көздері тапшы. Бұл брондау жүйесі Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс Азия, Тынық Мұхиты аймағы елдерінде кең қолданысқа ие.
Кесте
№
|
Әуе компаниялар атауы
|
КБЖ
|
1
|
«Пулкова»
|
«Amadeus»
|
2
|
«KLM»
|
«Amadeus»
|
3
|
«Krass Air»
|
«Amadeus»
|
4
|
«British Airways»
|
«Amadeus»
|
5
|
«Turkish»
|
«Amadeus»
|
6
|
«Lufthansa»
|
«Amadeus»
|
7
|
«Air Astana»
|
«Amadeus»
|
8
|
«Аурелла»
|
«Сирена 2.3.»
|
9
|
«Көкшетау әуе жолдары»
|
«Сирена 2.3.»
|
10
|
«Сибирь»
|
«Amadeus»
|
11
|
«Аэрофлот»
|
«Amadeus»
|
12
|
«Asiana»
|
«Amadeus»
|
Достарыңызбен бөлісу: |